Қуанышында шек жоқ [шек болмады]. Қатты қуанды, шатыққа бөленді.
Қуанышын жасыра алмады [ішіне сыйғыза алмады]. Мәз болды, шаттанды.
Қуанышынды жер көргір! «Жастай солғыр» деген мағынадағы қарғыс (Балаға айтылады).
Қуаныш дастарханы.
Қуаныш - күйініш зат. Қуанышы да, күйініше де, екеуі де.
Қуаныш-қайғы зат.Қуанышы мен қайғысы, екеуі де.
Қуаныш-реніш зат. Қуанышы мен реніші, екеуі де.
Қуаныш-сүйініш зат. Қуанышы да, сүйініші де, екеуі де.
Қуанышсыз сын. ^ 1.Қуанышы жоқ; қайғысы көп. 2. үст. Қуаныш сезімін бастан кешпей; қуанбай-ақ.
Қуанышта ет. Қуаныш ету, қуану.
Қуаныштау. Қуанышты атау.
Қуанышты сын. Қуанышы мол; ризалық сезімге бөленген.
Қуаныштылық зат. Қуанғандық, шатыққа бөленгендік [43, 384-387].
Ал Орыс тілінің түсіндірмелі сөздігінде (ред проф. Д.Н.Ушаков т.ІІІ, –М., 1939, стлб. 1110) қуанышқа мынадай анықтама берілген: «Радость – 1. Чувство удовольствия внутреннего удовлетворения, веселое настроение».
Степановтың айтуынша, «қуаныш орыс және әлемдік мәдениетте нашар сипатталған, Г.Честертон сөзімен айтқанда: «ұстап алу мүмкін емес материя» (неуловимая материя) [29, 445 б.].
Сонда қуаныш – біріншіден, болған оқиғаға не нәрсеге шаттанып, көңіл көтеріліп қуану сезімі, яғни мұнда ол бір нәрсенің салдары, екіншіден, ол біреудің ең «қымбат» нәрсесі, жұбанышы, қызығы, арқа сүйері, яғни себептің өзі болып табылады. Ол мынадай етістіктермен тіркеседі: (қуаныш) әкелді, білдірді, етті, көрді, қылды; (қуанышқа) батты, бөледі, бөленді, кенелді. Күйініш, қайғы, реніш, сүйініш сөздері арқылы қос сөз жасайды.
ҚАЙҒЫ зат .1. Күйік, Қасірет, мұң-шер. 2. Ауыс. Бір нәрсенің қамын жасаудағы машақатты әрекет.
Бас қайғы. Жан сақтаудың амалы, әрекеті.
Басымен қайғы. Өз жайымен өзі әуре.
Жан қайғы. Бас сақтау, аман қалудың әрекет-қамы.
Қайғы басты. Мұң- шер меңдеп, көңіл-күйі жабықты, қамықты.
Достарыңызбен бөлісу: |