Кіріспе жұмыcтың жaлпы cипaттaмacы


) Адам психикасы туралы көрініс оның кеңістіктік сипаттауларымен



бет15/24
Дата13.09.2023
өлшемі164.78 Kb.
#477427
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24
ДИПЛОМ

1) Адам психикасы туралы көрініс оның кеңістіктік сипаттауларымен (жоғары және төмен ) ассоциацияланады. Осы заңдылықтарға эмоциялар да бағынады. Жағымды эмоциялар жоғары қарай бағытталған қозғалыстармен, жағымсыз эмоциялар төмен қарай бағытталған қозғалыстармен байланысты кездеседі.
Шын мәнінде адамдардың көңіл-күйін, эмоциясын, сезімдік қатыстарын жеке сөзбен өлшеп, пішу мүмкін емес. Әрбір жеке адамдардың өзіндік қабылдауынан туатын сезімдік «әлем бейнесі» әсерінің көрінісі лексикаға қарағанда , фразеологизмдердегі эмоция мен экспрессияда анағұрлым көбірек қамтылады. Сондықтан да фразеологизмдерге жүгінуді жөн көрдік. Қазақ тіліндегі қуануға байланысты айтылатын фразеологизмдерде ол былайша көрініс тапқан: «қуаныштан секіру»; «төбесі көкке жету»; «төбесі көкке екі елі жетпеу»; « бөркін аспанға ату»; «көңілі көтерілу»; «тұла бойы алып ұшу» т.б. (орыс тілінде: «прыгать от радости», «чувствовать себя на верху блаженства», «чувствовать себя на седьмом небе», « летать радостью/от радости»).
Ал жағымсыз эмоциялар төмен қарайғы қозғалыстармен байланысты: «белі бүгілу», «жер таяну», «қайғыға бату», «қайғы басу» (орыс тілінде: «сгибаться от горя»). Тұтастық не түзу қалыптың бұзылуы да жағымсыз болып есептеледі : «қабырғасы сөгілу[ қайысу],[қақырау]»; «көкірегі қарс айырылу»; «жер бауырлап жатып алу» ( орыс тілінде: «горе его согнуло», «горе его не сломало»).
Қуаныш шексіз, ауқымды нәрсе ретінде де көрінеді: «қуанышында шек жоқ», «қуанышы қойнына сыймау», «қуанышын ішіне сыйғыза алмау»(«быть вне себя от радости», «и мир не вмещает радость его»)
2) «Қайғы» концептісінің уақыт белгілерін білдіретін тобы мынадай белгілерді қамтиды: ұзақ, келешек, күн, жұма, уақыт, сағат, ендігі.. Мысалы: Ол бұл күнде сарылып отыратын ұзақ қайғыдан айрылған (М.Ә.). Екі жыл бойында ұзақ қайғы- қасірет шеккен сол Мағыш, өзінің ғашық жары Әбішіне берген сертін енді міне орындады (М.Ә.Абай жолы). Кемпір келешекте көзі көретін ауырлықтың , қайғының бәрін де көз алдына анықтап келтіріп, ішінен « осының бәрін көретінім рас, осындай азап, қасірет тартатыным шын» деп бас иіп отыр (М.Ә.Қорғансыздың күні). Алғашқы қайғылы күндегі Қасымның қадірі де ұзақ болған жоқ еді (М.Ә.Жетім). Абай осы аз ғана жұмалар ішінде өзі кешкен қайғы мен өшкен жандар жайын ойлап, жалын ата күрсінді(М.Ә.Абай жолы). Өлер сағатына шейін қабағын басқан қайғы бұл уақытта жадыраған: ізі қалған жоқ (М.Ә.Қорғансыздың күні). Кәрі кеудесінен жаны шыққанша, Қасымғы ендігі қайғының қаншалық ауыр болатынын біліп, бұның сорлы болған пішінін көруге өзінің көзі шыдамай, есіркеп, барлық күшін жиып, езу тартып күлген сияқтанып жатып еді (М.Ә.Жетім). 
«Қуаныш» концептісінің уақыт белгілерін білдіретін тобы: дәурен. Мысалы: Қияда болса да қуантар дәурен келеді (М.Ә.Жетім).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет