44
Едіге мен Тоқтамыс тартысының тарихы жайлы осы. Алдымыздағы
әңгімеде істің баяны басқа түрде сөйлеп отыр. Бұл табиғи нәрсе.
Өйткені Едіге әңгімесі Арқадағы түрік қауымдарының ең ескі, ең ертекті
әңгімелерінің бірі. Бұл ертектің бірі шеті
Алтайдағы төлеңгіттер мен
қырғыздарда, бір шеті қазақ, бір шеті
қырым ноғайларының ауызында
шұбытылып жүр. Қай жұрт да болсын барған сайын басқы сөзге өз тұсынан
түрлі жалғаулар қосып отырмақшы.
Екінші жақтан келгенде ел ауызындағы ескі сөз көпшіліктің ар-иманының
айнасы деуге болады. Жабайы көптен сытылып үздік шығатын алғыр батыр,
шешен би сияқтыларға көпшіліктің қай көзбен қарап,
қандай баға беретіні,
олардың қандай мінез-қылықтарын сүйіп, қандайына күйетіндігінің бәрі де ел
ауызындағы ескі сөзде қашан да мықты із қалдырып отырады.
Енді ел қиялындағы Едіге батыр қандай адам соған келейік. Бұл сұрауды
«ел сынында шын ер қандай болуы керек екен?» деп өзгертіп қоюға да мүкін,
өйткені ел қиялының шын әлпештеген, шын сүйген ерінің бірі Едіге болса, бұл
сұраудың толық зерттеуі көп орын,
көп уақыт керек қылады; сондықтан
ықшамды жағын қолданып біз төменде
оны тек жалпыша шолып қана
өткізбекшіміз.
Достарыңызбен бөлісу: