Негізгі деңгейде сыни тұрғыдан ойлау үдерісі:
• релеванттық ақпараттар жинауды;
• дәлелдерді сыни тұрғыдан талдау мен бағалауды;
• кепілдендірілген шешімдер мен жинақталған қорытындылар;
• ауқымды тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауды қамтиды.
География сабағында сыни тұрғыда ойлауға үйретудің негізгі элементтерін пайдалану барысында Блум таксономиясын қолданудың маңызы зор. 1956 жылы Бенджамин Блумның төрағалық етуімен білім беру комитеті әзірлеген Блум таксономиясы сыни тұрғыдан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделі болып табылады (1-диаграмма). Бұл жұмыстың мақсаты үш бағыт бойынша: танымдық, эмоционалдық және психомоторлық жағынан оқушыларды оқыту мақсаттарының тізімін жасау болатын. Блум таксономиясының мақсаты – оқытудың неғұрлым тұтас нысанын құру мақсатында өздерінің күші мен назарын барлық үш салаға бірдей шоғырландыру үшін педагогтерді ынталандыру. Алайда, оқушыларды оқыту мақсаттары топтарының ішінен тек танымдық саладағы жіктеме ғана кеңінен танылып, қолданылады [26, 27, 28].
Диаграмма 1- Блум таксономиясы
Танымдық саладағы дағдылар белгілі тақырыптағы білім, түсінік пен сыни ойлау тұрғысынан қаралады. Дәстүрлі білім беру осы саладағы, әсіресе – төмен тәртіптегі мақсаттың дағдыларын алға тартуға ұмтылады. Блум таксономиясы, жоғарыдағы суретте көрсетілгендей, ең төменгі үдерістерден жоғарыға қарай кезең-кезеңмен қозғалуды көздейтін алты кезеңді қамтиды.
Мұғалімдер үшін сыни тұрғыдан ойлаудың маңызы. Сыни тұрғыдан ойлау мәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырады. Сондықтан оқушыларға бақылау, талдау, қорытынды жасау және интерпретациялау дағдыларын дамытуға мүмкіндік жасау керек.
География пәні бойынша жүргізілетін зерттеу жұмыстарын талдаудың соңғы кезеңдерінде оқушыларға мұғалімдермен талқылауға қатыса отырып, өздерінің бастапқы қорытындыларын талдау және қайта қарау арқылы өзінің оқу үдерісін, соның ішінде бағалау, түсіндіру және метатаным үдерістерін барынша түсінуге көмек көрсеткен дұрыс.
Сабақта «оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау» технологиясын қолдану оқушылардың білімін жетілдіруде тиімділігі зор екенінне көз жеткізуге болады. Өз тәжірибемде оқыту барысында алдыма қойған мақсатым – баланы субъект ретінде оқу ісіне өз бетінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Оның бастысы оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу процесінде бірлесе әрекет ету. Мақсатқа жету оқушының өзі арқылы жүзеге асады. Мұғалім – ұйымдастырушы, бағыт беруші.
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан дамыту» бағдарламасының қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше. Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыста оқушылардың өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу, ұқсас құбылыстар арасынан тиімдісін таңдай білу, проблеманы шеше білу, пікірталасты жүргізе білу қабілеті қалыптасады.
«Сын тұрғысынан ойлау» технологиясымен жұмыс істеу барысында мол тәжірибе жинауға болады. Дидакт -ғалымдардың айтуынша, дәстүрлі дидактикада жеті кемшілік бар екен:
1. Бала басқаруға қатыспайды, тек мұғалімге тәуелді.
2. Бала білім қажеттілігіне сенбейді, амалсыз айтқанды істейді.
3. Даму жан-жақты емес, сыңар жақ бағытта жүргізіледі.
4. Тапсырма жалпы беріледі, жеке ерекшеліктер ескерілмейді.
5. Іс ұжымдасып атқарылмайды, біріккен әрекет қана бар.
6. Өзара шынайы сұхбат жоқ, тек мәлімет алмасу жүреді.
7. Басты мақсат- адам тәрбиелеу емес, жоспар орындау ғана.
Жүздеген жылдар бойы қалыптасқан ескі жүйені бұзу үшін оқытуды жаңаша ұйымдастыру қажет. Ол мына міндеттерді қамтуы тиіс:
1. Оқушыларды оқу үрдісін басқаруға қатыстыру.
2. Ұжымдық іс-әрекеті ортақ қарым-қатынас құралы ету.
3.Деңгейіне қарап саралап, ерекшелігіне қарап даралап оқыту.
«Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының стратегияларын сабақта қолдану барысында көрсеткен нәтиже: оқушының оқуға қызығуы артады, іскерлік дағдысы, ойлау белсенділігі, тапқырлығы, өзіне деген сенімі қалыптасады.
Сабақ оқушының ой-өрісін дамытып, жан-жақты, терең білім алуына,жағдай жасап қана қоймай, оқушы бірде басқаға көмектессе, бірде басқаның көмегін өзі алады. Оқу білімді өз ізденісімен, өз білімділігімен алады, іскерлік дағдылары қалыптасады.
Әрбір технология жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді. Осы тәсілдерді мұғалім іздену арқылы жетілдіре түседі. Қызықты сабақ болса оқушының сол пәнге қызығуы артып қоймай, мұғалім жаңалығы, ізденісі, қолданған әдісі арқылы ерекшеленіп, оқушы жүрегінен орын алады.
“Сын тұрғысынан ойлау” жүйесі оқытуды жаңаша ұйымдастырудың негізгі міндеттерін: қызығушылықты ояту, мазмұнды ашу, рефлексия (ой-толғаныс) жүзеге асыруды қамтамасыз етіп оқушылар оқу үрдісін басқарысып қана қоймай, көбіне дербес басқаратын болады, жеке жұмыстың көлемі азайып, ұжымдық іс - әрекет білім игеруде орта қарым-қатынас құралына айналады, балалардың деңгейіне қарап сараланып, ерекшелігіне қарап даралануы мұғалім емес, балалардың өз еркімен жүзеге аса бастайды.
Сын тұрғысына ойлау сабақтарының алғы шарттары:
1.Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау.
2.Сенімділікке тәрбиелеу үшін баланың жауабын санмен бағаламау.
3.Қиялын дамыту үшін «менің ойымша» деген жауапқа дағдыландыру.
4.Әр түрлі жауапқа бірдей қарау, жақсысын мадақтап, нашарын сынамау.
5.Тіл байлығын дамыту үшін, қалайда жауапты соңына дейін тыңдау.
6.Жауап беруге тілек білдірмеген баланы өз еркінсіз, қинап сұрамау
7.Баланың дүниетанымының кеңіп, рухани өсуіне әр сабақта жағдай жасау.
8.Жеке тұлға ретінде «мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру
«Сын тұрғысынан ойлау» стратегияларын пайдаланып өткізген шығармашылық ізденіске баулу сабағын мысал ретінде келтіре кетейін.
Тақырыбы: «Сарыарқа»
Мақсаты:
а) оқушылардың өткен білімдерін еске түсіре отырып, жаңа сабақты салыстырмалы түрде меңгеру;
ә) Сарыарқа физгеографиялық аймағының табиғи ерекшеліктерін оқушылармен бірлесе, қосымша мәліметтерді пайдалана отырап талдау;
б) оқушыларды шығармашылық ізденіске, туған өлке табиғатын қастерлей білуге, ойларын тиянақты талдап жеткізе білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, атлас, фотосуреттер, видеоматериалдар, қосымша әдебиеттер, шығармашылық жұмыстар. Ақын-жазушылар шығармалары.
Номенклатура: Ұсақ шоры, Ақсораң, Қызыларай, 1939 жылы Нью-Йорк, «екінші Швейцария», «Жұмбақтас, Жеке батыр, Оқжетпес, Бурабай, Ертіс – Қарағанды, т.б.»
Әдіс – түрі: Дәстүрлі емес. Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын пайдалана отырып, шығармашылақ ізденіске баулу.
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Қызығушылықты ояту.
Ауызша сұрақтар.
Солтүстік Қазақ жазығының негізгі атауы қандай және не себепті аталған?
Солтүстік Қазақ жазығының жер бедері қандай?
Қандай табиғат зонасында орналасқан?
Топырағы қандай, шарушылықты қай түріне қолайлы?
Қандай экологиялық проблемалары бар?
ІІІ. Мағынаны тану.
Оқулықпен, қосымша әдебиеттермен жұмыс.
Жигсо әдісімен топқа бөліне талдау. 1-топ: Географтар – географиялық орны, геологиялық құрылысы.
2-топ: Геоморфологтар – жер бедері, пайдалы қазбалары.
3-топ: Климатологтар, гидрологтар – климаты, өзен көлдері.
4-топ: Биологтар – табиғат зоналары, өсімдіктері мен жануарлары.
5-топ: Экологтар – шаруашылық маңызы мен қорғалатын аймақтары.
Дәптермен, атласпен жұмыс.
Сауал менен, жауап сізден ...
Неліктен Сарыарқаны «Қазақтың ұсақ шоқысы» деп атайды?
Неге Көкшетау «екінші Швейцария» атанған?
ІV.Кубизм әдісі
(әр топқа 2 сұрақтан)
1.Сарыарқа табиғатын қорғау үшін не істер едің? (ұсыныс)
2.Ақын немесе суретші болсаң Сарыарқа табиғаты қалай суреттер едің? (суреттеу)
3.Сарыарқаның пайдалы қазбаларын қарқынды игеру сіздің ойыңызша дұрыс па? (талдау)
4.Сарыарқа қазақтың ең әсем тауы ма? (дәлелдеу)
5.Сарыарқа- бай өлке. (ассоциациялау)
6.Солтүстік қазақ жазығы мен Сарыарқаның қандай ұқсастықтары бар? (салыстыру)
V. Қорытынды: «Ой толғаныс»
Сабақты қорыту кезеңінде «Сарыарқа» тақырыбына төмендегідей сызба арқылы жинақтауға болады
VІ.Бағалау парағы
VІІ. Үйге тапсырма.
Шығармашылық тапсырма: Сарыарқа сұлулығын баяндайтын эссе жазу.
Кескін картаға жер бедері мен пайдалы қазбаларын түсіру.
Сарыарқа өңірінің жер-су аттарына байланысты аңыз әңгімелер жазу [30].
Достарыңызбен бөлісу: |