Кіріспе жұмыстың өзектілігі


География пәні бойынша АКТ пайдалану



бет16/19
Дата02.01.2022
өлшемі1.28 Mb.
#452476
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Мадина ДИПЛОМ

2.4 География пәні бойынша АКТ пайдалану

Оқытылатын пәндер, мысалы, география қандай да бір географиялық нүктені мағынамен және мәнмен, жергілікті және жаһандық қамтамасыз ету үшін жоғары ойлау тәртібін, салыстыру қабілетін, барлық мүмкін элементтерді жинақтауды және үлгілеуді қажет етеді. АКТ басқа өңірлер мен елдердің, басқа адамдар мен қоршаған ортаның бай тәжірибесімен нақты уақыт тәртібінде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. (электрондық пошта, веб-камера және бейне-конференция арқылы). Таптаурын болған нұсқаларға қарсы шығуы, түсініктер талқылануы және қоршаған орта мен орын, адамдар бейнесін сақтау және көрсету жолымен әрбір географиялық нүктені бірегей жасауға негіздеме берілуі мүмкін. Қазіргі компьютерлік және басқа электрондық құрылғыларда қолданылатын «сақтау» мүмкіндігі - қысқа уақыт мерзімінде орындардың қалай өзгеретінін көрсету үшін және пікірталастарды қайтадан қарап шығу үшін (мысалы, интерактивті тақталарды қолдану арқылы жүргізілген сыныптағы отырыстарды қайтадан қарап шығу) және бақылау және түсіну дағдыларын қайтадан қолдану үшін маңызды рөл атқарады. Бұдан басқа, топтық талқылау нәтижелері жай ғана сөзбен берілмеуге тиіс, алынған қорытындыларды кескіндейтін бейнелер мен кестелер және карталарды қолдану арқылы берілуге тиіс. Тұсаукесер: жазбаша рамкаларды, қалыптарды, ақпараттық бюллетеньдерді немесе веб-сайттарды қалай  жасайтындығы туралы нұсқаулықты қажет етуі мүмкін. Тиісті бағдарламалық пакеттерді қолдану басында қиындық келтіреді, бірақ тәжірибе барысында бұл ойлаудың және талдаудың айқын жүйесін әзірлеуге көмектеседі. АКТ қолданылған география сабағының нәтижелері бойынша мұғалім де, оқушы да ақпарат пен білімге қолжетімділікте, шығармашылық пен идеялар алмасудағы әркеттестіктегі АКТ ролін тани және бағалай білуге тиіс. Олар сондай-ақ, өзгеріс үстіндегі әлемде (жұмыс орнында, демалу және қарым-қатынас жасау уақытында) АКТ-нің ықпалын неғұрлым көбірек сезінуге тиіс. 

Кембридж университетінің, Ашық университет және Ланкастер мен Эксетер университетерінің әріптестермен өз зерттеулерін бөліседі. Мен бастауыш мектепте интерактивті тақта (ИТ) пайдалану мүмкіндіктерін зерделеу жөніндегі үш зерттеу жобасына қатыстым*. Бұл зерттеу ИТ Британияның бастауыш сыныптарында пайдалану мұғалімдердің белгіленген, тиімді практикасына қандай қатысы барын қажетті деңгейде ескерусіз, «оқытуды өзгертетін» (және өзгертуге тиіс) құрал ретінде ғана көрініп, өз орын ала ма деген қауіптерін де ескере отырып, негізделді. Сондықтан біз осы технологияны пайдалануда көп тәжірибесі бар мұғалімдер сыныптың күнделікті өмірінде оны қалай қолданатынын зерттедік. Атап айтқанда, біз мынаны:


  • ИТ мұғалім-оқушы өрара әрекеттестігінде ерекше функциялар атқара ма?

  • ИТ пайдалану сыныптағы өзара әрекеттестіктің қалыпты түрлерін өзгертті ме?

  • оқушылардың мектептегі сабақтарға белсенді қатысуына ИТ пайдалану әсерін тигізе ме?

  • ИТ мұғалім мен оқушылар арасындағы көзқарастардың жалпы жүйесін құруға көмектесе ме және балаларды оқытудың келісушілігі мен ұзақтығын арттыра ма?

  • мұғалім белсенді пайдаланатын ИТ коммуникативті функциясы бар ма?

  • сыныптағы балалардың бірлескен жұмысын қолдау үшін ИТ пайдалы ресурс болып табыла ма? - деп сұрадық.

Қосымша мақсатымыз ИТ-ды тиісті білім бері теорияларымен байланыстыру болды. Көрінекті орыс психологі Выготскийдың біртума шығармасына негізделген социомәдени теория білім мен түсінікті жинақтауға арналған құралдардың маңыздылығын мойындайды. Бұл көзқарас бізге ИТ-ны мұғалімдердің қалыптасқан тәжірибесін арттыруда, бұзуда немесе таратуда көмектесетін құрал ретінде зерттеуге мүмкіндік береді.

Мұғалімдер ИТ-ны балаларды қызықтыру үшін және ақпаратты әртүрлі форматта бере отырып, олардың дамып келе жатқан түсінігін бағыттау мақсатында пайдаланады. Осы қызметтің кейбір түрлерін ИТ-сыз өткізуге болса да, ИТ таныстырылымының икемділігі мен жылдамдығы басқа технологияларда өзіне ешкімді теңестірмейді. Бұл жоспарлауға көмектеседі «ИТ пайдалану сыныптағы өзара әрекеттестіктің қалыпты нысандарын өзгертті ме?» деген сұраққа біздің беретін жалпы жауабымыз «жоқ». Сыныптың алдыңғы бөлігіндегі тақтаның бекітілген жағдайы, барлық сынып сұрақтармен және жауаптармен алмасу үшін бүкіл назарды мұғалімге аударып, ортада болатын сабақ берудің әдеттегі стилін бекітуге бағытталған, ал тиімді оқыту оны басқа стильдермен және әрине, практикалық сабақтармен алмастыруды қалайды.

ИТ оқушылардың сабаққа белсенді қатысу, жиі кезекпен, сондай-ақ топтың қызметін ынталандыру үшін жақсы мүмкіндіктер ұсынады. Бұл жеке және ұжымдық қызмет идеяларын жинақтау үшін өте пайдалы. Мысалы, мұғалімдер мен оқушылар сыныпта талқылауға қатысуды визуалды түрде белгілей алады. ИТ балалардың топтық қызметін ұйымдастыру үшін жақсы құрал бола алады, мысалы, мұғалімге балалармен бірге жұмыс істей отырып, өзара әрекеттесе және түсіндіре алатын қызықты, мультимедиялық ресурстардың жақсы құрылымдалған топтамасын жасауға мүмкіндік береді. Өзінің топтық жұмысы үшін ИТ пайдаланған балалар сыныптағы барлық жұмысқа қатысудың жоғары деңгейін ұстай білді. Бірақ олардың ИТ тиімді пайдалануы мұғалімдердің оларды топтарда қалай жұмыс істуіне дайындағанына байланысты болды, мысалы, олармен қалай сөйлеу мен бірге жұмыс істеудің «негізгі ережелері» бойынша келісу. Онысыз, топтағы жұмыс, әдеттегідей, ИТ пайдаланусыз сияқты өнмсіз болады. ИТ-дың көлемі мен сыныптың қабырғасында биік орналасуы осы технологияны пайдалану кезінде балалар үшін қиындықтар туғызады.

ИТ мұғалім үшін ұсынатын сабақты олардың дамуына қарай аяқ астынан туатын оқиғалардың әсерін мұқият жоспарлауды біріктіру үшін, мысалы оқушылардың жете түсінбегенін зерделеуге арналған ұсынылатын икемді мүмкіндігін ерекше атап өткен жөн. Мұғалімдер кез келген уақытта ресурстар есебінен алға да, кейін де жылжи алады, сондықтан ақпарат пен идеяларды жалпы визуалды жазбаларға, бірлесіп жасалған материалдар мен түсінуге арналған өзге де құралдарға қарай отырып, диалог пен талқылау негізінде әзірлеуге болады. Сондай-ақ, мұғалімдер балалардың іс-әрекеттерін субституитивті «қолдай» алады, себебі олар қорлары мен іс-әрекеттерін ИТ-да әзірледі. Осылайша, тиімді мұғалімдер бұл технологияны балаларды оқытуда келісушілік пен ұзақтықтылықты қамтамасыз етуге көмектесу үшін пайдалана алады.

Бүгінгі таңда білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқу-тәрбие үрдісінде ақпараттық технологияны пайдалану, ақпараттық технология арқылы оқушылардың білім деңгейін көтеру жалпы орта мектептердің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі болып саналады. Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру мәселелерін зерттеуде үлес қосқан ғалымдар қатарына Е.И. Машбиц, В.В. Гриншкун, В.Н. Косов, Е.Қ. Балапанов, Б.С. Гершунский, Ж.А. Қараев, А.Ж. Арыстанова, С.К. Қариев және т.б. енеді. Білім беруді ақпараттандыру мен оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру негізінде тұлғалық жетілдіру Б. Әбдікәрімұлы, А.К. Мынбаева, Қ.А. Сарбасова, Ш. Таубаевалардың зерттеулерінде қарастырылған. Электрондық оқу-әдістемелік кешендерін жасау мен қашықтықтан оқыту мәселелері Д.М. Джусубалиева, В.П. Тихомирова және т.б. еңбегінде көрініс тапқан. Осы зерттеулерге теориялық және әдістемелік тұрғыда талдау жасай отырып, «ақпараттық технология» мен «ақпараттандыру» ұғымдарының мән-мағынасын барынша жақсы ашатын анықтамалар келесілер деп шештім:


  • «Ақпараттандыру – ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізінде электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді қалыптастыруға және дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық, әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық процесс...»

  • «Ақпараттық технология – ақпараттық ресурстарды қолдану үрдістерін жеңілдетуге, олардың қауіпсіздігі мен жылдамдығын арттыруға бағытталған ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, шығару және тарату жұмысын атқаратын технологиялық тізбекте біріктірілген әдістердің, өндірістік үрдістердің, программалық-техникалық құралдардың жиынтығы»;

  • «Ақпараттық технология – ақпаратты алудың, жасаудың, жеткізудің, сақтаудың және пайдаланудың әдістері мен құралдары» (педагогикалық сөздік).

Осындай түсінік негізінде біз орта мектептерде білім беруді ақпараттандыру арқылы пәндерді кіріктіре оқытуда, оқушыларға оқу үрдісінде ақпараттық технология мүмкіндіктерін өздерінің оқу қызметінде пайдалану жолдарын игерту барысында биологияны оқуда оқушылардың тиімді ақпаратты жинап-табуыларына, ерекшеліктері мен ұқсастықтарын көре отырып салыстыруларына, қорытынды шығаруға, теориялық білімді біртұтас меңгерулеріне, оқу жобасын жасап құрастыру жұмысын жүргізулеріне, олардың ақпараттық мәдениеттілігін көтеруге мүмкіндік туады деген позицияны ұстандым. Оқушылардың білім беруді ақпараттандыру мүмкіндіктерін жете білуі маңызды, көкейкесті мәселені қойып, оны оңтайлы шешудің жоспарын жасауды, тиісті материалдарды, деректерді толық жинап, оны талдауға, қорытындылай білуге мүмкіндік береді. Ақпараттандыру негізінде биология пәнін оқыту оқушылардың логикалық ой қорытып, кез келген жағдаятта өз білімдерін қолдану барысында ақпарат көздерінен алған деректеріне сүйеніп мәселені дұрыс шешуге талпынысын тудырады [32].

Білім беруді ақпараттандыру негізінде география пәнін оқытудың мақсаты – жалғыз бір пән бойынша білім алып қана қоймай, мазмұны кіріктірілген білімді өзінің іс-әрекетінде оңтайлы пайдалануға, білім сапасын дамытуға мүмкіндік беруінде.

Бұл оқушылардың жаратылыстану ғылымдарының негізін саналы меңгертуге жағдай жасау талабынан туындауда. Дипломдық жұмысымда білімнің ғылыми тұрғыдан кеңеюі мен тереңдеуін, олардың ортақ ұғымдарды саналы меңгеруін, ақпараттық материалдарды тиімді және ұтымды пайдалануын қамтамасыз ету мәселелеріне баса көңіл бөлеміз.

Ақпараттық технологияны оқу үрдісіне енгізу білім беруді әлемдік деңгейге жақындатуға мүмкіндік береді. Оқушылардың дербестігі, танымдық белсенділігі артады, мұғалімнің рөлі өзгеріп, ұйымдастырушы, басшы қалыбынан кеңесші деңгейіне дейін өседі. Бұл ретте мұғалім мен оқушының жаңаша тұрғыдағы қарым-қатынасының сипатын былайша сипаттауға болады:



  • оқушылардың дербестігі артады, олар өз жұмыстарының мазмұнын компьютерлік техника арқылы өздігінен түзетуге мүмкіндік алады;

  • оқушылардың теориялық білімі және практикалық дағды-біліктері нақты анықталады;

  • оқушыларда өздігінен іздену, ақпарат көздерін іріктеу, қажетті материалдарды тауып, тиімді қолдану дағдылары қалыптасады;

  • оқушылардың өзіне, өз қабілетіне деген сенімі артады, даралық жеке басын бағалау сапасы қалыптасады;

  • оқушы өзін-өзі басқаратын, тексеретін, өзін-өзі бағалайтын деңгейге көтеріледі.

Әрине, білім беруді ақпараттандыру оқыту-тәрбиелеу ісінің барлық өзекті мәселелерін шешіп береді деуге болмайды. Десе де, әлеуетті мүмкіндіктері жоғары ақпараттық технологияларды оқу-тәрбие үрдісін интенсивтендіруде оқытушы шешу рөл атқаратындықтан, ол мұндай тәртіппен оқыту қызметінің нәтижелілігі ең алдымен өзінің ынталылығына, сабаққа дайындық деңгейіне, демек, жеке белсенділігіне, шығармашылығына байланысты екенін естен шығармауы керек.

Жалпы, оқу үрдісін ақпараттандыруды зерттеген ғалымдар, оның артықшылықтарын былайша топтастырады:



  • білім беруді ақпараттандыру оқушылардың күнделікті алатын ақпарат мөлшерін ұлғайтады;

  • көрнекіліктерді динамикалық жүйеге келтіру оқу материалын тез түсінуге ықпал етеді;

  • оқушылардың танып білуге деген мотивациясы жоғарылайды;

  • оқу материалын құрылымдауға жағдай туады;

  • оқушы өз жұмысының нәтижесін өз көзімен көру мүмкіндігіне ие болады.

Білім беруді ақпараттандыруды зертханалық сабақтарға енгізудің тиімділігі дәстүрлі сабақтармен салыстырғанда жоғарылау болады. Осы тиімділіктерді ескере отырып мен зерттеу жұмысыма оқыту үрдісіне ақпараттық технологияның мультимедиялық мүмкіндіктерін енгізіп, бұл арқылы білім алушылардың есту, көру және бақылау әрекеттерінің қатар қолданылуына, интенсивтенуіне жағдай жасауға тырыстым. Осы бағытта екінші бір мағынада география мен информатика пәндері кіріктіріледі.

Пәнаралық байланыс негізінде кіріктіре оқыту тарихына көз жүгіртсек. Бұл идея Я.А. Коменскийден басталады. Ұлы дидакт: «Бір-бірімен байланысы бар заттар, сол байланысы көрсетіле отырып оқытылуы қажет»,– деген болатын. Атақты педагог пәндердің арасындағы байланысты пайдаланып кіріктіре оқыту негізінде оқыту үрдісінің біртұтастығын қалыптастыруға қол жеткізуге болатынын айтты. Осы идеяға көптеген педагогтар қосылып, оны одан әрі дамытты. Кіріктіре оқыту идеяларын В.Я. Стахарин, Н.Ф. Бунаков, В.И. Водовозов, т.б. педагог ғалымдар жалғастырып, пәндерді кіріктіре оқыту әдістемелерін ұсынды. Үздіксіз білім беру теориясында 1980-жылдардың соңында білім беру мазмұнының одан әрі дамуының негізгі жолдарының бірі (саралаумен бірге) болып көрсетілген кіріктіру қазіргі таңда оқу-тәрбие процесін технологияландырудың бірден-бір шарты болып табылады. Этимологиялық мағынасы («интеграция» – лат. untegratio) «қалпына келтіру», «толықтыруды» білдіретін бұл ұғым педагогикада бірнеше тұрғыдан қаралады:



  • кіріктіру – оқытудың жүйелік принципіне сай жақсы ойластырылған, жіті қарастырылған педагогикалық үрдіс;

  • кіріктіру – мазмұндық қайталауларды болдырмау; оқу үрдісінде бағдарламадағы пәндерді логикалық негізделген бірізділік принципіне қарай құрастыру және түрлі пәндерді оқытуда «шекаралық білімді» үйлестіру арқылы қол жеткізуге болады;

  • кіріктірудің маңызы, кіріктірілетін пәннің оқу жоспарына сәйкес оқушылар сапалы білім ала отырып, өздерінің танымдық қабілеттерін дамытады, табиғаттың біртұтас ғылыми бейнесі жөнінде түсінік қалыптастырады, алған білімдерін болашақта тиімді пайдалануға, оны дамытуға қажетті білік-дағдыларды бойына сіңіреді [33].

Түрлі пәндерді кіріктіру материалдық дүние мен оны кешенді танып білу мүмкіндіктерінің жалпы әдіснамалық бірлігі принципіне негізделеді. Сондықтан да жаратылыстану пәндерін, соның ішінде, биология мен химия пәндерін ақпараттандыру негізінде кіріктіре отырып оқыту табиғат, қоғам, болмысты, олардың өзара диалектикалық байланысын тұтас қабылдап, оқушылардың жүйелі ойлау қабілетін дамытуға септігін тигізеді.

Сөйтіп, пәнаралық байланыстардың әртүрлі нысандары болуы мүмкін. Теорияда мұндай байланыстардың нысандарын: 1) құрамына, 2) әсер ету бағытына және 3) байланыстарды түзетін элементтердің өзара әрекеттесу тәсіліне қарай ажыратады. Алғашқы нысан оқу материалының мазмұнымен, қалыптастырылатын білік-дағдылармен әрі ойлау операцияларымен, әдістерімен және ұйымдастырушылық нысандармен анықталатындықтан, мұнда
а) мазмұндық, ә) операциялық, б) әдістемелік және в) ұйымдастырушылық пәнаралық байланыс типтерін анықтауға болады.

Екінші нысанда байланыс тараптарын шартты түрде латын А, В, С және D әріптерімен белгілер болсақ, онда бұл нысанның келесі типтерін былайша бейнелеуге болады:




  1. Біржақты пәнаралық байланыс .

  2. Екіжақты пәнаралық байланыс ;

  3. Көпжақты пәнаралық байланыс .

Байланыстардың оларды түзетін элементтердің әрекеттесуі бойынша нысаны байланыстардың әр алуандылығымен ерекшеленеді. Фактілер, ұғымдар, заңдар, теориялар, ғылыми әдістер мен олардың құрамбөліктері мен топтасулары болып табылатын бұл элементтердің арақатынастарын уақыт факторына орай хронологиялық және хронометриялық деп бөледі. Хронологиялық деп байланыстың іске асуының дәйектілігіне, ал хронометриялық – байланыстың іске асуының ұзақтығы негізінде ажыратылатын пәнаралық байланыстарды айтады. Пәндерге бөлінетін сағат сандарының әртүрлі болуына байланысты оқу пәндерінің оқыту уақыты көбіне бір-біріне сәйкес келе бермейді. Демек, таза синхронды байланыстыруға қиындық туады. Практикада оқу пәндерінің арасында байланыстарға қатысты пайда болған проблемалық сұрақтар пәнаралық байланыстар теориясын, соның ішінде осындай жіктелістерін тудырды.

Нәтижесінде география курсының ақпараттандырумен кірігуі арқылы біртұтастық деңгейі артты, бұл пәндердің мазмұндық және процессуалдық жағының кірігу дәрежесі өсті, жаңа материалды меңгеру, пысықтау, қорыту, жүйелеу сияқты дидактикалық кешенді іске асыру есебінен тиімділігі артты. Мұндай «дидактикалық жинақтау» арқылы кіріктірілетін оқу материалдарын оқыту оқу-тәрбие үрдісінің бірлігі (дәріс, сарамандық, семинар, танымжорық) шеңберінде іске асырылады. Мұнда биологияны оқытудың әдістері мен нысандары да кіріктіріледі. Атап айтқанда, оқыту нысандарынан проблемалық, бинарлық және бейне дәріс, қорытындылау сабағы, зертханалық жұмыс және практикалық сабақтарды; ал оқыту әдістерінен түсіндіру, сипаттау, тәжірибе, өзіндік жұмыс және бақылауды атауға болады.

Ал оқыту құралдарына ақпараттық оқыту технологиялары, электрондық оқулық басылымдар, виртуальды зертхана, Интернет, өз білімін тексеру тапсырмалары, бақылау және тест тапсырмалары жатады.

Оқушылардың біз зерттеп отырған мәселеге байланысты пәндерді ақпараттандыру көмегімен кіріктіре оқыту негізінде тиісті білік-дағдыларды қалыптастыруды дұрыс ұйымдастыру үшін мынадай міндеттерді шешуге тура келді:



  • оқушылардың ақпараттандыруға қойылатын талаптарды игеру деңгейін анықтау;

  • география пәнін ақпараттандыру негізінде дербестікті интенсивтендірудің оңтайлы жолдарын айқындау.

Әдістемелік жүйенің оқу үрдісін ұйымдастырудың ізгілендіру, іргелендіру және прагматикаландыру принциптерін қамти отырып құрылуы география пәнін ақпараттық технологиялар негізінде оқытудың мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

География – XXI ғасыр ғылымы. Сондықтан да ол жаңа ақпараттық технологияларымен тығыз байланысты. Қазіргі кездегі білім беру жүйесінде негізгі мақсат оқушыға жеке тұлға ретінде қарап оның дамуына көп көңіл бөлуде. Бұл пәнді оқыту мұғалімге зор міндеттерді талап етеді, өйткені ол бүкіл сыныптың қажеттіліктеріне жауап беруі тиіс. Міне, осы жағдайда жаңа технологиялардың көмегі зор. Оқыту үрдісін компьютерлендіру мақсатында интерактивті тақтамен жұмыс жасау тиімді. Қазіргі уақытта Қазақстанның жалпы орта білім беретін мектептерінің барлығы дерлік интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген. Интерактивті әдіс – диалогтік әдіс, нәтижесінде сабаққа қатысушылар бір-бірімен байланыса отырып, мәселелерді шешеді. Интерактивті тақта мектеп сыныптарында әр пән бойынша, соның ішінде биологиядан зертханалық сабақтарды өткізген кезде оның құрылғылары (датчиктері) қолданылады. Қарапайым тақта және компьютер проекторына қарағанда, интерактивтік тақта сабақ мазмұнын кеңінен ашуына мүмкіншілігі өте зор. Интерактивтік тақтаны пайдалану кезінде үлкен жетістікке қол жеткізу үшін, тек қана сауатты сабақ жоспарлап, керекті материалдарды дайындау керек.

Жаңа технологиялар мыналармен бірге ілеседі: технологияның кәсіпқойларға өз жұмысын жасауға қаншалықты жақсы көмектесетініне қарай бағаланатыны өте орнықты. Осы көзқарасқа орай, ИТ ағылшын мектептеріне енгізілуі табысты мұғалімдер қолында оң нәтижелер береді. Егер біз қадағалаған озат тәжірибелердің мысалдары мұғалімдер арасында таратылса және барлық мұғалімдер осы технологияда сарапшы болу үшін оқитын болса, бұл үдеріске қолдау көрсетіледі. Бірақ сыныптағы өзара әрекеттесудің инновациялық типтерін қолдау үшін ИТ технологияларының әлеуеті диалогтің тиімді қолдануын дамыту және сыныптағы оқушыларды жұмысқа тартумен байланысты болған кезде ғана іске асырылады. Британдық тәжірибе сабақтары осы технологияларды, қолдануын кез келген ірі масштабта жаңа бастап келе жатқан әлемнің басқа елдерінде қолданысқа әсерін тигізгенін байқау өте қызықты болады [34,35]. Инновациялық технологиялық қабілеті бар мұғалімдер ИТ шығармашылық бағыттарда пайдаланады. Бұрынғы сабақты дайындау мен сабақ берудің ұзақ процестерін жылдамдатуға болады - және білікті шығармашыл мұғалімдер оларды, іс-әрекеттің кейбір ерекше тартымды түрлерін жасау үшін пайдаланады. Бұл жаңа құрал кәсби тәжірибені, пән білімін және педагогикалық дағдыларды қажеттіне қарай алмастыра алмайды. ИТ-ның шығармашылық түрде пайдаланылуы оқушылардың белсенді қатысуы үшін жаңа мүмкіндіктеріне ықпал етеді және сабақтарды алдын ала тартымды және қызық қылады. ИТ-ның визуалдық таңданарлық материалы арқылы жан жаққа жеңіл жылжу және жаңа ұғымдардың дамуына қарай мұндай таныстырылымды беймідеу үшін ұсынатын объектілердің педагогикалық мәні зор. Бұл - білікті мамандардың қолындағы күшіне енетін негізгі аспектісі.

Сонымен қатар біздің нәтижелеріміз жаңа технологияларды енгізу оқыту стилін түп негізімен өзгертпейді деген пікірімізді нығайта түседі. Біз бақылаған мұғалімдер, ИТ-ны тиімді пайдаланды – бірақ олар оны, өздерінің қалыптасқан оқыту стилін қолдау үшін пайдаланды. Біз осы технологияның үкіметтік және басқа жақтаушылары сендіргендей, ИТ-ның оқыту әдістерін «қайта өзгернтуінің» ешбір дәлеледерін көрген жоқпыз. Демек , кейбір табысты мұғалімдер олардың практикасы, мынаны білген соң қайта өзгереді деп күтпеуі тиіс .ИТ пайдалану оқыту әдістерін автоматты түрде өзгертпейді.ИТ әлеуеті мұғалімдердің кәсіптік дамуымен тығыз байланыста болса ғана іске асырылатын болады.

ИТ нақты құрылымдалған, барлық қажеттті материалдармен қамтамасыз етілген сабақтарда пайдалануға болады, сондай-ақ олардың икемділігі мұғалімдерге сабақ кезінде болатын жағдайларға аяқ астынан әркет жасауға көмектеседі.

Қорытындылайтын болсақ география сабағындағы жаңа технологиялар мыналармен бірге ілеседі: технологияның кәсіпқойларға өз жұмысын жасауға қаншалықты жақсы көмектесетініне қарай бағаланатыны өте орнықты. Осы көзқарасқа орай, ИТ ағылшын мектептеріне енгізілуі табысты мұғалімдер қолында оң нәтижелер береді. Егер біз қадағалаған озат тәжірибелердің мысалдары мұғалімдер арасында таратылса және барлық мұғалімдер осы технологияда сарапшы болу үшін оқитын болса, бұл үдеріске қолдау көрсетіледі. Бірақ сыныптағы өзара әрекеттесудің инновациялық типтерін қолдау үшін ИТ технологияларының әлеуеті диалогтің тиімді қолдануын дамыту және сыныптағы оқушыларды жұмысқа тартумен байланысты болған кезде ғана іске асырылады. Британдық тәжірибе сабақтары осы технологияларды, қолдануын кез келген ірі масштабта жаңа бастап келе жатқан әлемнің басқа елдерінде қолданысқа әсерін тигізгенін байқау өте қызықты болады. Инновациялық технологиялық қабілеті бар мұғалімдер ИТ шығармашылық бағыттарда пайдаланады. Бұрынғы сабақты дайындау мен сабақ берудің ұзақ процестерін жылдамдатуға болады - және білікті шығармашыл мұғалімдер оларды, іс-әрекеттің кейбір ерекше тартымды түрлерін жасау үшін пайдаланады. Бұл жаңа құрал кәсби тәжірибені, пән білімін және педагогикалық дағдыларды қажеттіне қарай алмастыра алмайды. ИТ-ның шығармашылық түрде пайдаланылуы оқушылардың белсенді қатысуы үшін жаңа мүмкіндіктеріне ықпал етеді және сабақтарды алдын ала тартымды және қызық қылады. ИТ-ның визуалдық таңданарлық материалы арқылы жан жаққа жеңіл жылжу және жаңа ұғымдардың дамуына қарай мұндай таныстырылымды беймідеу үшін ұсынатын объектілердің педагогикалық мәні зор. Бұл - білікті мамандардың қолындағы күшіне енетін негізгі аспектісі.

Сонымен қатар біздің нәтижелеріміз жаңа технологияларды енгізу оқыту стилін түп негізімен өзгертпейді деген пікірімізді нығайта түседі. Біз бақылаған мұғалімдер, ИТ-ны тиімді пайдаланды – бірақ олар оны, өздерінің қалыптасқан оқыту стилін қолдау үшін пайдаланды. Біз осы технологияның үкіметтік және басқа жақтаушылары сендіргендей, ИТ-ның оқыту әдістерін «қайта өзгернтуінің» ешбір дәлеледерін көрген жоқпыз. Демек , кейбір табысты мұғалімдер олардың практикасы, мынаны білген соң қайта өзгереді деп күтпеуі тиіс .ИТ пайдалану оқыту әдістерін автоматты түрде өзгертпейді.ИТ әлеуеті мұғалімдердің кәсіптік дамуымен тығыз байланыста болса ғана іске асырылатын болады.

ИТ нақты құрылымдалған, барлық қажеттті материалдармен қамтамасыз етілген сабақтарда пайдалануға болады, сондай-ақ олардың икемділігі мұғалімдерге сабақ кезінде болатын жағдайларға аяқ астынан әркет жасауға көмектеседі.

Оқушылар география сабағында арнайы компьютерлік бағдарламалар мен электрондық оқулықтарды пайдалану арқылы кез-келген тақырыпты өздері меңгереді. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға, олардың ой-танымын кеңейтуге, өз бетінше шығармашылықпен, ізденімпаздықпен жұмыс жасауына көп көмегін тигізеді. География пәні бойынша компьютерлік тестілеуді қолдану оқушылардың интеллектуалдық танымын арттырады [36].



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет