Кіріспе жұмыстың өзектілігі



бет18/19
Дата02.01.2022
өлшемі1.28 Mb.
#452476
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Мадина ДИПЛОМ

ҚОРЫТЫНДЫ

География – XXI ғасыр ғылымы. Сондықтан да ол инновациялық технологияларымен тығыз байланысты. Қазіргі кездегі білім беру жүйесінде негізгі мақсат оқушыға жеке тұлға ретінде қарап оның дамуына көп көңіл бөлуде. География пәнін оқытуда мұғалімге зор міндеттерді талап етеді, өйткені ол бүкіл сыныптың қажеттіліктеріне жауап беруі тиіс. Міне, осы жағдайда география сабағындағы мұғалімнің кәсіибағдарын яғни педагогикалық шеберлігін арттыруда жаңа технологиялардың маңызы зор.

«Мектеп – жеткіншек ұрпақтың ойын қалыптастыратын шеберхана, егер болашақты қолдан шығарып алғың келмесе, оны берік ұстау керек», - дейді француз философы Анри Барбюс. Қазіргі педагогтарға қойылатын талап, ол оқушыға сапалы білім, жүйелі тәрбие және де саналы ойлау мен қабілет, түйсігін дамыту.

Әлемдік өркениетке қадам басқан Қазақстанның қоғамдық-саяси, экономикалық, мәдени дамудағы жаңа бастамалар мен түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесіне өз әсерін тигізіп, білім деңгейін, оқыту әдіснамасын жетілдіруде тың ізденістер жасауға мүмкіншілік туғызып отырғандықтан болашақ география пәні мұғалімі ретінде өз алдыма мынадай мақсаттар қойдым:

– жаңа технологияны қолдану арқылы бiлiмнiң сапасын көтеру;

– жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгiзу арқылы география пәні бойынша бiлiм беру мазмұнын жаңарту;

– жаңа технологияны қолдану аясында география пәні бойынша оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру механизмiн құру.

Диплом жұмысын қорытындылау барысында география сабағындағы мұғалімнің кәсіби бағдарын талдап, зерттей отырып, төмендегідей тұжырымдар жасағым келеді:



  • География пәнін оқытуда мұғалімдерге кәсіби бағдарын яғни шеберлігін шыңдай түсуі үшін көптеген оқыту стратегиялары, түрлі педагогикалық тәсілдерді араластырып қолдану мүмкіндіктері, сондай-ақ нақты әдістер мен стратегияларды қалай және қай жағдайда қолдану қажеттігі туралы білім қажет.

  • Мұғалімдер пайдаланатын стратегиялар жалпы алғанда, бүкіл сыныпты оқыту мәселелеріне, сонымен қатар география пәні бойынша жүргізілілетін зерттеулердің бағытына, топтық жұмыстарға, өзіндік жұмыстарға және жеке жүргізілетін зерттеулерге қатысты болмақ. Оның үстіне білім беру стратегиялары әрбір оқушымен болатын жеке кері байланысты да есептен шығармауға тиіс.

  • Мұғалімдер өз әріптестерімен өздері сабақ беретін география пәні бойынша және оған жақын пән бойынша; бір ұйымның ішінде немесе бірқатар басқа ұйымдардың өкілдерімен; желілік кәсіби қоғамдастық және тәлімгерлік жүйесін көздейтін басқа да әріптестіктер аясында ынтымақтастық орната білулері керек.

  • География пәні мұғалімдері білім беру технологиялары саласында мықты дағдыларды игеріп, және де оқытудың тиімді құралы ретінде оларды қалай пайдалану әдістемелерін меңгеруге тиіс, атап айтқанда, оқыту үдерісінде сандық ресурстарды пайдалануды оңтайландырып, оқу үдерісін бақылауда – ақпараттық-басқару жүйелерін тиімді қолдана білуді меңгеру қажет.

  • Мұғалімдер әріптестерімен ынтымақтастықта оқу ортасын құру, жүргізу, басқару және жоспарлауға үлес қосу үшін өзінің мүмкіндіктерін барынша жетілдіріп отыруға тиіс.

  • География сабағында мұғалімдер өз тәжірибесі арқылы білім алу үшін өз практикасына қатысты рефлексия жасау қажет.

Қазіргі заман ағымына байланысты оқушылардың білімге қызығуын арттыру үшін мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда. Сол себепті оқытудың әр түрті технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Педагогикалық технология бойынша оқушылардың тіл мәдениетін білім, білік, дағды арқылы дамыту керек. Әр оқушының деңгейіне қарай бағдарлама дайындау қажет. Ол үшін әртүрлі бағыттағы бағдарлама құру, әр оқушының жеке жұмыс қабілетін ескеру, сынып тапсырмаларын, үй жұмысын баланың ерекшеліктерін ескере отырып беру керек – жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенді болуы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет