Кіріспе Жұмыстың тақырыбана жалпы сипаттама


Қазақстан Республикасында секталардың таралуы және өзекті проблемалары



бет3/4
Дата22.02.2016
өлшемі324 Kb.
#131
1   2   3   4

2.1. Қазақстан Республикасында секталардың таралуы және өзекті проблемалары.

Дін әуел баста адамдардың тек рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында қызмет етті десек, ендігі жерде оның өзге алуан түрлі жақтарынан көрсетіп бағуда. Қазіргі кезде ұрпақтың дені діни сенімді экстремизм, фанатизм, фундаментализм құбылыстарымен тығыз байланысты деп те ұғынуда. Оған басты себеп – өткен ғасырдың 90-жылдарындағы кеңестік мұсылман елдері халықтарының діни жандануымен тұспалас келген өзге мұсылман елдері халықтарының сан түрлі қимыл-қозғалыстары мен қарулы қақтығыстарының барлығының осы «-изм»-дермен сипатталуы еді. Ал сол оқиғаларға байланысты жарияланған мақалалар мен саясаткерлердің пікір-сұхбаттарында ол сөздердің мән-мағыналары ашылып талданып жатпады. Бұған, алдымен, ақпарат құралдары мен құқық қорғау органдары өкілдері, жекелеген саясаткерлердің бір жақты берген бағалары көп әсерін тигізді. «Қазіргі бұқаралық ақпарат құралдарында, тіптен кейбір саясаткерлердің жұртшылық алдындағы мәлімдеулерінде жаңа мағына жамылған – «исламдық қауіп - қатер» деп аталатын жаңа сөз жиі-жиі және үздіге қаталануда»

«Фундаментализм», «фанатизм», «экстремизм» ұғымдарының ғылыми тұжырымдалған анықтамаларын қарапайым адамдар біле бермейтіндігі анық. Олардың түсінігінде, ол сөздер «қатыгездік», «бұзақы», тіпті «зұлым» және тағы басқа мағынада қабылдануы мүмкін.

Діни экстремизм құбылысымен байланысты проблемалардың зерттелуі Кеңес Үкіметі тұсында яғни 70-жылдардан бастап, қолға алына бастады. Ол еңбектерде негізінен, КСРО ішіндегі діни секталар мен ұйымдардың кейбір заңсыз бой көрсетулері қарастырылып, коммунистік-атеистік қоғамға жат құбылыс деп дәлелденді. Сол кездері бұл проблемаға басты назар аударып, оның мән-мағынасы төңірегінде біраз еңбек жазғандар: И.И.Баражников, Э.Г.Филимонов, В.Н.Арестов, Э.И.Лисовцев, И.А.Колесникова және тағы басқа. Олар еңбектерінде діни экстремизмнің саясатпен, идеологиямен, құқықпен және әдет-ғұрыппен тығыз байланыста екендігін аша келе, дінді бүркенген мемлекет пен қоғамға қарсы бағытталған құбылыс деп көрсетті. Сол кезеңге сай діни экстремизмнің әлеуметтік бет-пердесі және оның қоғамда алатын орны пайда болу себептері мен өміршеңдігі, діни экстремистік пиғылдағы топтардың әлеуметтік құрамы мен іс-қимылдарының түрі, көрініс беруінің жолдары талданып, әрі онымен күресудің тиімді жолдары ұсынылды.

Дін мен діни экстремизм құбылыс арасындағы байланыс мәселесіне келгенде бүгінгі көптеген қазақстандық ғалымдар мен саясаткерлер, діни қайраткерлер, негізінен, атаудың өзі орынды алынбаған деген пікір айтады. Олардың ойынша, дін мен діни сенімнің негізгі мақсаты – адам баласының ішкі дүниесін, рухани болмысын реттеуге бағытталған. Ғылыми тұжырымдама бойынша дінге адам баласы алдымен өзіне түсініксіз, ақыл-ойымен шеше алмайтын сұрақтар мен дүниедегі құбылыстарға жауап табу үшін де ұмтылады делінсе, діндарлардың түсінігінде бұл сұрақты дәл осылай қоюдың өзі – қате деп саналатындағында күмән жоқ.

Діндер мен діни ұйымдар, конфессиялардың ішінде қазіргі кезде Ислам діні төңірегінде болып жатқан оқиғалар өзіне ерекше назар аударарлық. әсіресе, олардың белсенділігі Араб елдері мен кейбір Орта Шығыс, Оңтүстік Шығыс Азия, Кавказда ерекше көзге түседі.

Діни экстремизм, негізінен, елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының нашарлауымен, халықтың тұрмыс жағдайы құлдыраумен, адамдардың үкіметке және оның жүргізіп отырған саясатына риза болмаған жағдайларында, сонымен қатар адамдардың тіршілігіне әсер ететін моральдық-психологиялық факторлар орын алған жағдайда көрініс береді.

Сонымен қатар мемлекетіміздің, қазіргі конституциялық құрылымн өзгертіп, оның тұтастығын бұзуға негізделген, бүкіл әлемде мұсылмандардан тұратын біртұтас «Халифат» мемлекетін құру қажеттігіне үйрететін, Қазақстан Республикасының әділет органдарына тіркелмеген және еліміздің сот органдарымен діни экстремистік партия деп танылған, Қазақстан Республикасы аумағында қызметіне тыйым салынған «Хизб-ут-Тахрир», «Иоһова» және тағы басқада көптеген діни экстремистік париялар таралуда.

Осыған байланысты «Хизб-ут-Тахрир» діни жэкстремистік париясының заңсыз ілімдеріне, соның ішінде басты мақсаттары ретінде еліміздегі қазіргі коституциялық құрылымды өзгертіп, бүкіл әлемде біркелкі мұсылмандардан тұратын «Халифат» біртұтас мемлекетін құру қажеттігіне үйреткен. Ол ұйым мүшелерінен әрдайым қатарларын көбейту мақсатында діни экстремистік парияға жаңа мүшелер тартуды талап етеді.

Сондай-ақ ұйым мүшелері бір рет айдың қорытындысы бойынша жазбаша түрде есеп тапсырады екен. Ол есепті 10 пунктен тұратын қағида бойынша қабылдаған:

1. «зиярат» – белгілі бір адамғаарнайы жағдайын сұрау мақсатымен үйіне бару;

2. «дағуат» – адамдарға ислам турасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу;

3. «сұхбат» – адамдарға ислам турасында ілім беру;

4. «таборуот» – жағдайға байланысты ақша беру, бұл ақшалар ұйым мүддесіне жұмсалады.

5. «илтизамот» – кедей мұсылмандарға көмек көрсету үшін ақша жинау;

6. «проблема» – ұйым мүшелерінің жеке проблемалары қозғалып, оларды шешу жолдары талқыланады;

7. «кітап оқима» – ұйымның әр мүшесі өзінің «Хизб-ут-Тахрир» діни экстремистік париясы ұйымына қатысты оқыған кітаптары жайлы бөліседі;

8. «халка» – әр топ басқарушыларынан «хизбиден» өз тобына неше адам тартқандығы және оларға сабақ қалай жүргізіліп жатқандығы сұралады.

9. «саяси сахна» – дүниедегі саяси өзгерістер талқыланады;:

10. «махр» – отбасылы ұйым мүшелерінен олардың отбасындағы проблемалар жөнінде айтылады.

Оларды жою мақсатында «Діни бірлестіктер мен сенім наным бостандығы мәселелері жөніндегі заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы әзірленген.

Сонымен қатар «Иеһова» партиясы олар дүниежүзінің 200 тілінде 27 миллион данамен 30 беттік журнал шығарып, 230 елде үгіт жүргізген. Нью-Йоректегі «Күзет Мұнарасы» қоғамның «Бруклин» баспаханасында 3 мың адам жұмыс істейді. Баспаханаларда айына бір тілде үлкенді-кішілі 60 мың кітап және әлемнің 120 тілінде 30 миллиондай кітап шығарған. Осылардың бәрін тарату үшін 2 миллион адам жұмыс істейтін «Эймак» тарату желісі тағы бар.

Бұл күндері жарты миллиондай қазақстандықтар түрлі секталарға кіріп кеткен. Және олар күнен-күнге көбеюде. Солардың бірі «Иеһова» ұйымы саналады.

Бұл – Иеһова куәгерлері Қазақстандағы қазақ қауымының конгресі. «Аудандық конгресс» деп аталғанмен бүкіл Қазақстанды қамтыды. Олар дүниежүзі тарап жатқандықтан, Қазақстнадағы иеһоваларды өз ішінде бір ауданның куәгерлері деп атайды екен. Әр ауданға шифр берілген. Қазақстнадағы шифрлер 1:1:1. бірақ бұл шифрдің нені білдіретінін ашып айтпайды. Иеһова куәгерлерінің бастауыш ұйымдары – топ. Әр топта 20-25 адам бар. 6-7 топ бірігіп қауым құрады. Әр қауымда 120-150 адам бар. Қауымды ақсақалдар немесе бақылаушылар басқарады. Иеһова куәгерлерінің атаулары орысша – Иегова, ағылшынша – Жаһова, қазақша – Иеһова делінеді.

Қазақстанда Иеһова куәгерлернің қазіргі басшысы – Гиглер Вернер деген Германиядан келген 55-60 жас шамасындағы неміс азаматы. әр айда қандай тақырыпта діни баяндама жасалады, оны айдың қай күні жасау керек, қандай іс-әрекет жүргізу керек, бәрін Нью-Йорктегі орталық нұсқап отырады. Сондай-ақ 27 миллион данамен 200 тілде шығып, 230 елде таралып «Күзет мұнарасы» деген 30 беттік журналдары бар. Осы журналда әр айдың әр жетісінде қандай тақырыпта діни баяндама жасап, қандай ән айту керектігі туралы мәліметтер жариялайды.

Діни экстремизмге байланысты Атырау қаласы прокуратурасы обылыс аумағынан «Иеһова куәгерлері», «Таблиғи жамағат», «Вахабизм» атты дәстүрсіз діннің өкілдерін ұстаған.

Атап айтқанда 2007 жылдың мамыр айының 6-ші жұлдызында Авангард мөлтек ауданында орналасқан пәтерден «Иегова куәгерлері» дәстүрсіз діни ағымының әділет органдарына тіркелмей заңсыз қызметтерін атқарып, өз қатарларына Атырау халқын қосып алғандығы анықталған. Соған байланысты әкімшілік тарапынан және жоғарғы сот органдарынан жаза қолданып барлыған толық құрықтаған.

2007 жылдың мамыр айының 11-ші жұлдызында «атырау қаласындағы Иегова куәгерлері» атты тіркелмегендіни бірлестіктің басшысына қатысты тіркелмеген діни бірлестікке басшылық жасаған үшін Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 374-1 бабының 1 тармағымен әкімшілік өндіріс қозғалып, сәуір айының 4-ші жұлдызындағы соттың қаулысымен 109 200 теңге айыппұл салынған.

Осы діни экстремизмге байланысты Астанада алғаш «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидері» өтті.

2003 жылғы 23-24 қырқүйекте Астанада өтіп, дінаралық үн қатысудың маңызды бастамасына әлемнің танымал діни лидерлерін тарқан бірінші съездің бастамасы мыналарды қамтыды:

- әлемдік өркениеттердің өзекті негіздерін білдіретін әлемдік мәдениеттердің, діндердің және этностық топтардың өзара ықпалдастығына үлес қосуға тілек білдіріп, мәдени және діни айырмашылықтар негізіндегі жанжалдарға жол бермеуге ұмтыла отырып;

- дін адам өмірі мен қоғамының аса маңызды қыры ретінде жаңа мыңжылдық басында жасампаздық пен бейбітшілікті сақтауда сапалық жаңа рөлге ие боғанын негізге ала отырып;

- діни лидердің қазіргі және болашық ұрпақтардың рухани тәрбиесі мен тәлімі үшін қор жаупкершілігін, олардың өзара құрмет рухын орнықтырудағы, осы заманға жаңа жинақтардың алдында басқалардытүсіну мен қабылдаудағы маңызды рөлін түсіне отырып;

- әрбір дін мен мәдениеттің бірегей сипатын қуаттап, мәдени және діни әрқилылықты адамдар қоғамының маңызды белгісі ретінде қарастыра отырып;

- бейкүнә құрбандықтарға соқтыратын күш қолдануды ақтау үшін пайдаланылатын діни және ұлттық айырмашылықтарды саудағы салушылық туындатқан әлемдегі дінаралық және ұларалық шиеленістің өсуіне алаңдашылық білдіре отырып;

- дінді шынайы түсінушіліктің және күш қолдануды жоққа шығарып басқа халықтарды және басқа діндерді ұстанушыларды құрметтеуге және бейбіт қатар өмірсүруге шақыратын барлық діндерді танымдық экспертизиммен және фанатизммен ешқандай қатысы жоқ екенін атап көрсете отырып;

- дінаралық және мәдениетаралық қатынастардағы қиындықтарды халықаралық саясаттағы, экономикадағы, әлеуметтік, гуманитарлық және ақпараттық ортадағы тепе-теңдіктің елеулі бұзылуы, сондай-ақ дінді саяси мақсаттарда пайдалану туындатады деп санай отырып;

- жоғарыды аталған проблемалар бойынша Съездің «Дін, қоғам және халықаралық қауіпсіздік» атты негізгі тақырыбы аясында:

І. «Діни наным еркіндігі және басқа діндерді ұстанушыларды құрметтеу»;

ІІ. «Діни лидерлердің халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы рөлі».

Осы тақырыптарда пікір алмасты.

- бүкіл діндерді адамзаттың аман-саулығын, қадір-қасиеті мен бірлігін уағыздай отырып лаңгесшілдіктің барлық себептерін жою жолында бірлесе еңбектенуге шақырамыз.

- бір дінді ұстанушыларды екіншісіне айналдыруға бағытталған қандай да бір қысым көрсету мен күшейту әрекеттерін өзіміздің қабылдамайтынымыз туралы мәлімдейміз.

- өзара түсіністікке, ынтымақтастық пен әлеуметтік үйлесімге қол жеткізу ісіндегі білім берудің жастар саясаты мен ортақ мәдениетке тәрбиелеудің өзекті рөлін қуаттаймыз.

Біз сондай-ақ халықаралық қоғамдастыққа халықаралық және өңірлік ұйымдарға, бүкіл әлемдегі мемлекеттер мен үкіметтерге мынадай мәселелермен қайрыламыз:

- өркениеттер үнқатысуының үдерісіне белсенді қолдау білдіріп, тұрақты түрде бейбітшілік мәдениетін нығайтуға, оның қағидаларын халықаралық саясаттың және барлық адамдар өмірінің берік негізі ретінде орнықтыруға бағытталған күш-жігер қолдану.

- әділ дүниенің орнауы, халықаралық құқық пен заңдылықтың нығаюына, БҰҰ кадырлары мен халықаралық шарттардың орындалуына, сондай-ақ бүкіл әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздіктің орнауы үшін тиімді шараларды әзірлеуге жәрдемдесу;

-жаппай қырып-жою қаруын әзірлеуден өндіру мен ие болудан толық бас тартып жаппай қырып-жою қаруының таралмау режимін нығайтуға жәрдемдесу.

- діни киелі нәрселер мен нышандарды құрметтеу және қорғау, сондай-ақ бұл үшін тиісті шаралар қолдану.

Жоғары айтылғандарды негізге ала отырып. біз әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері былай деп шештік:

- бірлескен кездесулер,семинарлар өткізу БАҚ-та материалдар жариялау, Интернетт және басқа құралдарды пайдалану жолымен дінаралық қатынастарды оң қабылдау мен көрсетуді ынталандыру бойынша бірлескен нақты шаралар қабылдау керек.

- жастар арасында дінаралық төзімділіктің таралуына және оның жалпыадамзаттық құндылықтары серпінді қабылдауына жағдай жасау.

- жас адамдар діни және мәдени айырмашылықтарды құрметтеуі мен өшпенділіксіз қабылдауына көмектесу үшін өркениеттер мен діндер арасындағы үнқатысу практикасын барлық білім беру деңгейлерінің оқу жоспарларына кіріктіру керек.

-өзіміздің рухани ықпалымызды, біздің діни бірлестіктердің билігі мен ресурстарын бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту, сондай-ақ түрлі діни қоғамдастықтар арасындағы проблемаларды болдырмауға және шешуге бірлескен үзілісімізді қосу үшін байланыстарды нығайту керек.

- шиеленісті бәсеңдетуге жәрдемдесу және қажет болған жағдайда олармен келіс сөздер жүргізуге бірлескен делегациялар құру үшін біздің тәжірибеміз бен күш-жігерімізді жанжалдарға тартылған үкіметтерге халықтарға, түрлі топтар мен күштерге ұсыну керек.

- осы Деклорацияда жарияланған мақсаттарды тарату мен іске асыру үшін күш-жігер жұмсау және Съездің Хатшылығына бұл ұсыныстарды барынша тиімділікпен жүзеге асыру үшін жоспар әзірлеуді тапсыру керек.

- діни лидерлердің Форумын тұрақты негізде өткізіп, әлемдік және дәстүрлі діндер лидерінің ІІІ Съезін 2009 жылы өткізу керек.

-Съездің өркениеттер, мәдениеттер мен діндер арасындағы үнқатысуды ілгерілетуден тұғырнамалық және практикалық рөліне және оның дінаралық өзара түсінікті жолға қоюдағы елеулі жетістіктері мен Съездің бұдан былайғы қызметіне қолдау білдіруге БҰҰ Бас Ассамблеясының назарын аудару керек.

Съезд соныңда шет елден келген дін лидерлер өз елдерінде де осындай дін проблемаларына байланысты дөңгелек үстел өткізетіндерін атап өтті.

Осымен қоса қазіргі Оңтүстік Қазақстандағы діни ахуал өте күрделі болып отыр. Оңтүстік Қазақстан облысында қазіргі кезде 17 конфессияға енетін 732 діни бірлестік тіркеуден өтіп, әрекет етеді. Оның 639 исламдық (87 %), 93 исламдық емес (13 %) бағыттағы діни бірлестіктер болып табылады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес, облыс көлеміндегі заңды тұлға белгісі жоқ, саны аз шағын діни топтар, намазханалар ОҚО ішкі саясат департаментінде тіркелуде. Бүгінге тіркелгендер саны 74. Олардың 69 исламдық, 5 исламдық емес бағыттағы саны аз діни топтар болып есептеледі.

Жергілікті халықты түрлі кереғар діни ағымдардың құрсауынан сақтандыру мақсатында ОҚО әділет және ішкі саясат департаменттерінің қызметкерлері мен дінтанушылардан және дін өкілдерінен құрылған үгіт-насихат тобы «Діннің ішкі саяси тұрақтылыққа ықпалы» тақырыбында ағымдағы жылдың 14-16 тамыз күндері облыстың Арыс, Мақтаарал, Сарыағаш аудандарында, 20-21 қыркүйек күндері Кентау, Түркістан қалаларының елді мекендерінде халықпен кездесулер өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бұл өткізілген жиындарға жалпы саны 5500-ден аса адам тартылды.

Облыстық «Абдул Хамид Қаттани» мешітінің жанынан құрылған діни экстремизм мен терроризм көріністерінің алдын алу бойынша үгіт – насихат тобының жұмыстары жүргізілуде. Топ мүшелері есептік мерзім ішінде жоғары және орта арнаулы оқу орындарында, мекемелерде, т.б. орындарда барлығы 21 кездесу ұйымдастырды. Онда дәстүрлі Ислам діні жөнінде түсініктер мен діннің тарихы және діни экстремизмге бой ұрушы кейбір жекелеген діни топтардың бағыттары жөнінде, т.б. көптеген әңгімелер жүргізілуде. Атап айтқанда, топ мүшелерінің қатысуымен жылдың басынан бері облыс орталығындағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университетінің Шымкент институтында, Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясында, Қазақстан Халықтар достығы университетінде, Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық экономикалық колледжінде, Шымкент экономика және құқық колледжінде, Шымкент қаласындағы Балалар және жасөспірімдер орталығында, т.б. жерлерде студент жастармен және мектеп оқушыларымен кездесулер ұйымдастырылып, өткізілді. Қазіргі кезде жұмыстар жалғасын табуда.



2.2. Ұлттық дүиетанымның қалыптасуындағы діннің рөлі.

Дүниетаным бұл адамды және қоғамды алаңдататын қоршаған дүние туралы ойлардың жиынтығы десе болады. Әлемде адамның алатын орны қандай? Біз өмір сүріп отырған қоғам қандай? Біз қоғамнан не көреміз? Біздің қоғам болашаққа не қалдырады? деген сұрақтар кімді болса да толғандырмай қоймас.

Қазақстан егемендік алғаннан кейінгі кезең де біздің қоғамдық санада төңкеріс басталды. Бұл, әрине, біздің жаңа құндылықтарға деген көзқарастарымыздың қалыптасуына жол ашты. Қазақ жері, қазақ тілі, қазақ мәдениеті, ұлтты саясат, ұлттық тәрбие, діни тәрбие өзекті мәселелерге айналды. Соңғы кезенде Республикада жарық көрген газет-журналдарға шолу жасасақ, еліміздегі діни ахуалдың ұлттық мәселеге тікелей қатысты екендігін көреміз: "біз бір ащы шындықты мойындауымыз қажет. Ол тәуелсіздікті алған жылдары елімізде дін мәселесін жете меңгерген мамандардың болмағандығы және мемлекет билігінің жоғары сатыда жүрген азаматтарының осы мәселені жете бағаламағандығы. Кейбір деректерде 100 мың, ал кейбір газет хабарламаларында 500 мыңға жуық қазақтар басқа діндерді қабылдаған делінеді" [8].

Қазақстанда ресми түрде тіркелген діндер өте көп. Ал осы саны көп діни ошақтардың сапасы қандай екені, олар қандай идеяларды уағыздайтыны және олардың идеяларын қабылдаушылар кімдер екені көбінесе назардан тыс қалуда.

Діни жағдай феноменінің негізгі ерекшелігі оның үздіксіз жаңаруы, тосын құбылыстардан көрініп отыруы. Діннің пайда болуы мен таралуының өзі әр қоғамда әр түрлі болады. Демек, бұл мәселені зерттеу де толассыз ізденісте болуы керек;

Бұрын Кеңес өкіметі тұсындағы қалыптасқан жүйелілік пен тәртіптің желісі үзілгеннен соң, әркімі өзімен-өзі болып, бейберекеттік пайдаболды. Жастарды қойып, егде тартқан адамдардың көбінде экономикадағы және мәдениеттегі тоқырауға қарсы тұруга дәрменсіздіктен көңіл күйлерінде қорқыныш пайда болды. Бұл психологиялық жағдайдағы үрей, өкініш, қасірет, торығу сияқты эмоциялық қолайсыз сәттердің басым болуы өмірдегі келеңсіз жағдайлардан туындайды. Адам әлеуметтік дәрменсіздіктің салдары ретінде қабылданатын осындай кері эмоциялардан арылудың жолдарын іздейді және нәтижесінде дінге келеді. Сондықтан дінді зерттегенде адамдардың психологиясына; тұрмыс жағдайына, рухани дүниетанымы мен менталитетіне ерекше көңіл бөлінуі керек.

Қоғамдағы діннің орны мен қызметі аса күрделі мәселелердің бірі. Оның бірыңғай шешімі болуы мүмкін емес. Тәуелсіздік алғаннан бергі жылдарда Қазақстан Республикасына көптеген діни ұйымдардың пайда болуына орай дін мәселесіне байланысты саясаттың бағыттары айқындала бастады. Оның Конституциялық және басқа да қоғамдық сфераларға қатысты зандық принциптері мен нормалары бекітілді.

Діни қатынастардың ерекшелігі ол қоғамдық әлеуметтік-экономикалық және мәдени, рухани сфералардан көрініс беріп отырады. Сондықтан тек бір ғана діни қатынастар мәселесімен айналысу мүмкін емес. Діни қатынастар табиғатының құпиялығы мен көп жақтылығы оның өте күрделі құбылыс екендігін дәлелдейді. Осыған орай дін мәселесіне байланысы мемлекетік

саясаттың рөлі ерекше арта түсуде. Қазакстанда бүгінде дінді тұтыну жағынан көп сипатты қоғам өмір сүреді. Дін өкілдері дәстүрлі бірлестіктерге де, дәстүрлі емес бірлестіктерге де ұйымдасқан. Дін ұстану және оны уағыздау бостандығының жүзеге асырылуы қоғамдық тәртіпті және басқа азаматтардың өмір сүру, денсаулық сақтау, имандылығын, бостандықтарын қорғау мақсатында ғана заңмен шектелуі мүмкін.

Қазақстанды мекендейтін түрлі ұлт өкілдері қоғамдық өмірдің барлық сфераларында заң жүзінде және күнделікті өмірде тең саяси, мәдени, әлеуметтік құқықтарға ие болып отыр. Мұны нығайту қажет. "Осымен бірге республикада мұсылман дінімен қатар басқа да діндердің еркін дамуына қамқорлықтар көрсету пайдалы. Жеке адамның рухани тазаруында, ізгілікті мұраттарды пір тұтатын жас ұрпақты тәрбиелеуде діннің үлкен роль атқаратынын өркениетті,елдер тәжірибесі дәлелдеп отыр. Өз мәнінде уағыздалған діни нанымдар бір халықты екінші халыққа қарсы қоюды мақсат етпейді. Керісінше, дін барлық адамзатты бейбітшілікке, сенімге,тәубаға, келісімге шақырады. Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық саясатында діннің зор рухани потенциалы қажетті орын ала бастады. Бұл құбылысқа жан-жақты қолдау көрсету республикадағы дін иелерінің ғана міндеті емес [9]

Діни қатынастарды ұлттық маңызы бар мәселе деп зерттеп, шешімін іздестіру керек. Ата-ана тәрбиесінен бастап, мектептерде, жоғарғы оқу орындарында дінтану мәселесі алға қойылғаны жөн. Себебі, тәуелсіздігін жуырда ғана алған Қазақстан мемлекетінің өтпелі кезенде тоталитарлық социалистік қоғамның зиянды мұраларынан толық құтылып, өркениетті елдерге тән қоғам құра алуы оның ұлтаралық, діни қатынастарда дұрыс бағыт ұстануына, түрлі дін өкілдерінің татулығын тұрақты ете алуына байланысты. Көп ұлтты Қазақстан қоғамындағы әр түрлі діни қауымдастықтардың арасында бірлік пен татулық болса, елдің шаруашылығын және рухани сфераларын жөндеуге, дағдарыстан шығуға мүмкіндігі болады. Сондықтан мемлекет діни қауымдастықтар арасындағы өзара байланысты және олардың қоғамның рухани өмірімен пайдалы байланысқа түсуін қамтамасыз етуі керек.

Сонымен коса, Қазақстандағы барлық діни ұйымдардың мақсат- мүдделеріне сай шаралар жүйесі жасалып және тәжірибеге асырылып отырғаны дұрыс. Сонда ғана діни қатынастар орнықты болып, діни қауымдастықтар татулығы сақталады.

Бүгінгі таңда күл талқан болған тоталитарлық жат идеологияның орны босап әр түрлі діни топтар олқыны толтыруға ұмтылды. Олардың ішінде исламның елеулі орын алуы заңды. Бұл діни "қайта өрлеу" кезінде православие, баптистік, иудаистік және басқа да дәстүрлі емес кришнаизм сияқты бағыттар өз орнын алды. Сондай-ақ республикадағы діни сананың ыдыраңқылығы бұл қозғалыстардың әлеуметтік тұрмыста басты орын алуына мүмкіндік бермеді. Осы және басқа себептердің салдарынан дін санада қоғамдық қатынастардың елеулісі бола алмады. Сондықтан да Қазақстан жаңашыл мемлекет болып келеді, солай қалады деп сенімді түрде мәлімдеп жүр [10].

Әйтсе де біз Қазақстандағы діни жағдайды назардан тыс қалдырмай, әлеуметтік қатынастардың құрамдас бір бөлігі ретінде қарастыруымыз міндет. Өтпелі кезендегі діни өзгерістер мәнін түсінбей, жалпы қоғамдық санадағы өзгерістер мәнін ұғыну қиын. Діні өзгерді екен деп өз қоғамымыздың мүшелеріне үрке қарап және басқаларды оларға қарсы қою заңға да, адамгершілікке де қайшы келеді. Қазіргі кезде еліміздегі діндер; туралы халықта газет-журналдардан үстірт жазылған дүниелерден немесе ұзын құлақтан естіген әңгімелер арқылы көзқарас қалыптасуда. "Дұрысы әркім өзінің жақсы білетіні жайлы жазса, ғылым үшін де, білім үшін де өте-мөте пайдалы болар еді. Дін -күрделі рухани құбылыс. Оның бір көрінісін немесе бір. конфессиялық (бағыттық) түрін немесе қағидаларын әр жердең естіген әңгімелер негізінде талдаудан дінді танимын деу ағаттық" [11].

Қазақстан даму институтының зерттеуі бойынша, Қазақстан тұрғындарының діндарлық деңгейі мен діни бағыттарын аңықтау мақса-тында жүргізген зерттеулері бойынша тұрғындардың 56%-ының діни көзқарастары нақтылы орнықпаған. Олар дінге сену мен сенбеудің аралығында. Соңғы кезде Қазақстандағы миссионерлік жұмыстың жүгенсіз кеткендігіне алаңдаған азаматтардың ащы үні көп естілуде. Миссионерлік дін өкілдерінің арасында саяси қызмет атқаратын басқа елдің сенімді адамы болуы мүмкін. Оның түпкі төркіні басқа халықтарды отарлау саясатында жатады. Сондықтан да бүкіл Республикадағы бар діни ұйымдардың жұмысын, сырттан келетін миссионерлердің жұмысына бақылау жүргізетін заң қабылдау керек деген ұсыныстар да айтылады.

"Жаңаша ұлттық ойлаудың тұңғыш үлгілерін жасаған қазақ зиялылары ол кезде екі мәселемен айналысты: жерге иелік және халықтың мәдени, рухани жетілуі... қазақ халқының ойлау мәдениетінің түп төркіні көне түркі заманынан басталады. Сондықтан қазақтың ұлттық санасының генезисін түсіну үшін түркі ғұламаларының еңбектерін зерттеу қажет. Себебі қазақ халқының қоғамдык санасы калыптасуына бұл ғұлама. ойшылдардың ықпалы өте зор болған. Яссауи арқылы түркі тілдес халықтар дүниетанымында шешуші орын алды. Түркі жүртының бұрынғы сыйынған Тәңірі еді енді Алла болды" [12].

Бір топ авторлар қазіргі қазақ халқының мәдениетінің төмендеп кеткеніне, жастар тәрбиесінің қажетті деңгейде жүргізілмейтіндігіне қатты аландаушылық білдіреді. Сондықтан осы уақытта діннің қоғамдық ролін қолдана білу керек деген ұсыныстар айтады. "Қазақ халқының бүгінгі рухани келбетіне көз салсаң, Абай ұсынған, Абай бағыштаған үш асылдың "Сүю, табыну және сенудің" тым көмескіленіп. тым даттанып кеткенін байқаймыз. Қазақ ұлтының біршама бөлшегінің мәңгүрттеніп, дүбаралануы көзі ашық, ұлттық санасы жетілген қандай азаматты болсын толғандырмай қоймайды. Мәңгүрттенуден құтылып шығудың жолы -қазақ халқын жоғалтқан Алласымен, жоғалған тәубесімен, махаббатымен жәңе әділетімен қайтадан қауыштыру" [13].

«Абай бойынша адамдардың руханилығындағы негізгі нәрсе – дін, ол күнделікті тіршіліктегі, өтпелі әлемдегі азғындыққа қарсы тұратын Құдайдың мәңгі шындығын көрсетеді.

Абай философиялық данышпандылықпен ХХ ғасырдағы руханилықтың тоқырауын болжап береді. Бұл кезде ақыл толқ жеңіске жетті. Себебі ғасырлар бойы дін мен ақыл-ойдың егіздігі жоғалды, ғылым дінді толығымен өмірдің іргетасы мен мәніне айналды. Дүниетаным діннің орнына келіп, оны әлемдік тарихтан ысырып тастады. Осы кезеңнен бастап сенім өз мағынасын жоғалтып, тек ресми дәстүр дәрежесін қабылдады. Бұл көптеген қайшылықтардың туына әкелді: адам рухы басылып тәннің шырмауына айналды»[14].

Қазақстанда дінді жан-жақты түсіндіріп уағыздау басқа елдердегідей қойылмаған. "Радио, теледидар және баспасөз арқылы берілетін хабарлар үстірт, жастарды баурамайды" деген сындар да айтылуда. Әлеуметтік даму мен рухани жетілу кезіндегі адамзат баласы діни тағылымдарды тиімді құрал деп ойлап тапқан. Оның үстіне әлеуметтік тұрақтылық пен ұлтаралық қарым-қатынастарды жүйелеу барысында діннің күшті ықпаланың маңызын жоққа шығармау керек. Осы тұрғыдан алып қарағанда саяси әлеуметтік қарым-қатынастарды реттеудің қажетті шарттарының бірі ретінде діни құндылықтарға сүйену қажет". Сонымен бірге елдің өркениетті дәстүріндегі ерекшеліктерді ескере отырып, тамыры терең діни тағылымдарға жүгінетін саяси мәдениет пен әлеуметгік идеологияны қалыптастыру керек деген ойлар айтылады. "Саяси өмірдегі діни сананың орнын дұрыс анықтау үлкен дипло-матия. Бұл тек әлемдік деңгейде емес, көп дінді Қазақстан үшін қажет. Біздің (қазақстандық) мұсылман болып, дін жолына түсуіміз республикамызда өмір сүретін өзге халықтар тұрмысына қолайсыз жағдайлар тудырмауы керек. Саяси консенсус сияқты, діни консенсус болуы әбден орынды. Діни плюрализм діни кон-сенсусты талап етеді, бұл өркениеттің басты белгісі" [15].

Қазіргі кезде халықтың ойына жетекші болып келе жатқан зиялы қауымның дінге деген қатынасы туралы жалғастырсақ, қарама-қайшы көзқарастарға тап боламыз. Кейбір авторлар діннің маңызын жақсы сезінеді. Қоғамда адам баласын адамгершілікке тәрбиелеудегі діннің ролі ерекше, "діннен айырылған жұрт тілінен де айырылады, ол оньщ бәрі қазіргі айтып жүрген ұлттық менталитет дегенді жойды. Ондай жағдайда тәуелсіздік өзге мәнге ие болмақ". Одардың түсінігінде діннің пайдасы мен зияны деген ұғым қатар жүреді. Кейбір авторлар Ресей отаршылдарымен социалистік отарлаушылдық шеңберінен босанған қазақ елі үшін Орта Азия елдерімен тіл табысып, біртұтас өмір кешуіне себепкер болатын аса маңызды фактор мұсылман діні деп есептейді. Осындай қиын-қыстау кезеңде ислам дініне бой ұсыну дәстүрлі қазақ мәдениеті мен нанымдарының ұлттық деңгейін жоғарылатынына сенеді. Осындай ойды кейбір ағаларымыз қазақ қоғамының дінге бет бұрмауы, әсіресе ислам дініне құтқарушы ретінде қарамауы моральдық және рухани азушылыққа апарады деп күдіктенеді.Қазақстандағы діни жағдайға шолу жасасақ, шынымен де дінге адамдардың жартысынан көбі біреудің айтқан ақылымен немесе үгіттеумен келген. Қай діннің немесе діни секталардың үгіті күшті жүрсе, сол дінге адамдар көп барады. Әсіресе қазір Қазақстанда протестанттық секталардың жұмысының жақсы ұйымдастырылуына байланысты христиан дінін қабылдаушылар көбеюде. Библияны қазақ тілінде оқытып, сыйынуды қазақ тілінде жүргізетін "масихшылардың" шіркеуіне қазақтар өте көп жиналады.

Қазақстандағы секталардың жұмысы туралы мәселе дінтанушыларды да ойландыруда. "Ешкіммен, еш жерде тіркелмеген әр түрлі миссионерлік діни ұйымдардың, секталар мен діни мектептердің қызметтері бағаланудан тыс қалып жатыр. Кейбір ұйымдар діни ұйым болып тіркелмейді де, оқу орталықтары, денсаулық сақтау және сауда ұйымдары ретінде қызмет жасайды. Олардың қаржылық жағдайы есепке де, бақылауға да түспейді, бұл секталардың еліміздегі діни жағдайға әсері және адамдардың ақыл-ойына әсер етіп, үгіттеу әдістері сарапталмайды"[16].

Қазақстандағы Гуманитарлық зерттеу орталығының мәліметтері бойынша, "соңғы он жылда рухани өмірде көп жаңа құбылыстар болды: дінге сенушілер мен діни ұйымдар саны көбейді, жаңа діни ағымдар пайда болды, діни қарым-қатынастар күрделенді, дәстүрлі институттардың әлеуметтік кызметтерінің шеңбері кеңейді, тұрғындардың діни кұбылыстарға ден қоюы күшейді, діни білім беру жүйесі дамыды. Қазіргі кезендегі діни белсенділіктің ерекшелігі адамдардың ұлтымен, дінімен байланысты"[17].

Сонымен қоса Қазақстанға ислам діні VII ғасырдың басында арабтардың Орта Азияны бағындыруы нәтижесінде кіре бастады. Шындығын айтқанда, ислам діні Қазақстанға күштеп енгізілген жоқ. Қазақстанда сол дәуірде қалыптаса бастаған феодалдық қатынастарға ислам дінінің кері әсері болмай, қайта ол феодалдық қарым-қатынастарды жандандыра түсетінін көре білген феодалдық үстем тап иелері ислам дінін қуана қарсы алды. Өйткені бурыннан келе жатқан шаман діні феодалдардың талап-тілегін, мақсат-мүддесін қанағаттандыра алмады. Ал ислам діні болса халықты рухани жағынан болсын, саяси жағынан болсын мығым ұстай алатын мемлекеттік дін бола алды. Осындай тиімді жақтарына қарамастан қазақ тайпалары өзінің бұрыннан келе жатқан шаман дінін, ата-баба аруағын қастерлеуді ұстанып, ислам діні қағидаларына мән бермеді. Академик Бартольд В. В. «XIII ғасырдың басында мұсылман Хорезм билеушілері мұсылман емес Сырдариядағы және Торғай облысындағы қыпшақтармен соғысуына тура келді,» — деп жазуына қарағанда, сол кездерде қазақ тайпаларының басым көпшілігі әлі мұсылмандық жолға түсіп, ислам дінін қабылдамаған сияқты. Рузбаханның жазуына қарағанда, қажет десеңіз. ХҮІ ғасырдың өзінде де қазақтар пұтқа табынушылар деп танылып, оларға қарсы «ғазауат» соғысына шығуды талап еткен. Өйткені шариғат заңдарын араб миссионерлері үндеп, үгіттеп, насихат жүргізгендеріне қарамастан, халық ата-баба аруағына, тәңіріге, жұлдыз-айға ұзақ уақыт бойы сиынды. Ата-баба аруағына сиыну бәлекеттен сақтап, өздеріне бақыт, молшылық, жақсылықтар әкеледі, мал басының аман болуына, өсіп-өнуіне көмектеседі деп, сол үшін олар аруақты разы етуге тырысты. «Аруақ аттаған оқбас» деп аруақты ұмытпады.

Әбу Ханифа жол салған сунниттік ағым басқаларына қарағанда көнімпаз, басқа халықтардың әдет-ғұрып заңдарына бой ұсынғыш болуы себепті қазақ тайпаларына да өте тиімді болды. Сондықтан да қазақтардың әдет-ғұрпы ез кезегінде ислам діні шариғат заңдарын кері итеріп тастамай, қайта феодалдық қарым-қатынастың жандануына игі әсер ететін шариғат заңдарын қабылдап алды. Сөйтіп, екі наным ұзақ мезгіл бойы бір-біріне зиян келтірмей, қатар өмір сүрді. Сол себепті де қазақтардын, әдет-ғұрпы көбіне өзінің бұрынғы болмысын сақтап қалды. Билер қазақтардың қоғамдық маңызы зор мәселелерінің көпшілігін ежелден келе жатқан бұрынғы ата-бабалары әдет-ғұрып заңдары бойынша талқылап шешті. Ал өз кезегінде араб миссионерлері де қазақ тайпаларының тілін, әдет-ғұрпын, сенімдерін, праволық нормаларын, мәдени жетістіктерін лақтырып тастамай, санасуына тура келді. Бұлардық бәрін исламға қайшы келмейтіндей етіп, қырын жатқызуға тырысты.

Ұзақ дәуірлер бойына қазақ тайпалары арасында әдет-ғұрып заң нормалары қоғамның бірден-бір заң реттегіші ролін атқарды. Оның да себебі бар еді. Әуелі, қазақ қоғамы әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты басқалардан томаға-тұйық өмір сүрді. Сол себепті де тек қазақи, өзіндік идеологияны өз ішіне алды. Екіншіден, әдет-ғұрып заң нормалары тек үстем тапқа ғана емес, жалпы қазақ қоғамына тиістілік сипатына ие болды. Өйткені туыс-туыстарымен ру-ру болып көшіп-қонған қазақтарда «ру намысы» күштірек еді. Бұл төменгі таптың «өз туыстастары» үстем тапқа қарсылығын тежеп отырды.

Арабтар Мауараннаһрді Әбдімәлік ибн Маруан (685 -705) тұсында ғана жаулап алуға колы жетті. Хорасан билеушісі Кутайб ибн Муслим ішкі қырқыстардан әбден әлсіреген Орта Азияға коныстанған түркі тайпаларын басып алды. Сөйтіп, 705 жылдың өзінде-ақ бүкіл Орта Азияны уысында ұстады. Балхты басып алған Кутайба ибн Муслим Бұхарға ұмтылды. Соғдылар мен түркі тайпалары арасына от салу нәтижесінде Бұхарды алды. Ауыр шайқастардан соң соғдылықтар астанасы Самарқан қолға түсті.

Наршаһидің жазуынша, Кутайбаның әскері Бұхарды бірнеше қайтара алғанымен, арабтар кете салысымен жергілікті халық ислам дінінен безіп, өз ата-бабасы ұстанған дінге көше берғен. Төртінші рет Кутайба әзер дегенде қаланы алып, қалаға сол қаланың тұрғындарының жартысына жуық мөлшердегі арабтарды әкеліп қоныстандырады. Солардың күшімен ислам дінін енгізіп, бұрынғы табынатын пұттарын талқандап, оның орнына мешіттер салдырған. «Кімде-кім мешітке келсе, оларға ол (Кутайба) екі дирһам береді» деп жар шақыртады. Соның өзінде де жергілікті халықтан қорыққан арабтар мешітке қару-жарағымен келуге мәжбүр болған. Дегенмен де, қоқан-лоқы, сатып алу, т. б. жолдармен Орта Азияға арабтар ислам дінін енгізді.

Міне, осыдан кейін кең далада емін-еркін кешіп-қонған қазіргі Қазақстан территориясындағы түркі тайпалары арасына ислам дінін тарату үшін миссионерлер ағылды. Олар көшпенді халыққа күштемей-ақ ислам дінін енгізу жағын қарастырды. Оларға қазіргі қазақ халқын құраған тайпалар ұстанған дін, исламға көп жағынан кереғар еместей болып керінді. Мәжаусилік шаман дінін оңай ығыстыруға болады деп санады, Сол себепті де олар бұл тайпаларды «һаза хақ» — «һазақ» (бұл арабша сөздің мағынасы — «бұлар дұрыс, жолы дұрыс») деп атады. Содан барып, «қазақ» деген термин қалыптасып кетті дей аламыз.

Әйтсе де, ұзақ дәуірлер бойы ислам діні қазақтардың ежелгі әдет-ғұрыптарын ығыстыра алмады. Қайта олармен санасуларына тура келді. Өз ата-баба дәстүрлерін кебірек ұстанған қазақтарды дінсіздер деп атады.

Оларға қарсы «ғазауат» соғысына шақырулар да сондықтан. Бұл қазақи, өзіндік сипатқа ие дәстүрдін, ұзақ дәуірді иеленген тарихы бар. Олардың гүлденген, күйзелген дәуірлері де бар. Мұндай жайт дүние жүзі халықтарының кез келгендерінің бастарында да бар.

Қазақтардың өзіндік ерекшелік пен сипатқа ие болған елді басқару формалары, экономикалық жүйесі, рухани қажеттілігін қанағаттандырарлық өнері, заңдары мен мінез-құлықтық кодекстері болған. Ұзақ дәуірлер бойы жазба мәдениеті мардымсыз дамыған қазақтардың (өйткені көшпенді тұрмыс кешу мектептер ұстауға мүмкіндік бермеді) ауызекі творчестволық дәстүрі күшті дамыған. Әсіресе жас ұрпақты тәрбиелейтін үгіт-насихат жырлары, мақал-мәтелдері қандай мол, әрі қандай терең еді десеңізші! Бұлар тек құрғақ ақыл-кедес емес, нәрлі де мазмұнды ғибраттар. Бұлар праволық нормалар мен моральдық, саяси, мінез-құлық, т. Б. тәртіптерді де өз ішіне жан-жақты қамтиды.

Қазақтардың ең бір қадірлеп-құрметтейтін дәстүрі — өлген ата-баба аруақтарына табыну. Өлген ата-баба аруаққа айналып, тірілердің зор құрметіне ие болады. Олар тірі ұрпақтарының әдет-ғұрып заңдарын, кәде-қаумет, салттарын сақтап жүрулерін талап етеді. Сол себепті де қазақтар ата-баба аруағын разы етуге тырысады, олар жолына малдарын құрбандыққа шалып, үнемі есте ұстап, оларға жалбарынып отырады.. Оның себебін біз бұл қарттар өлгендер мен тірілер арасындағы байланыстырғыш деп қарағандықтан ғой дейміз. Сондықтан да қазақтар ата-анасын өте құрмет етеді. Өлгендеріне шаң жуытпайды, аруаққа айналдырады, Әрине, мұндай құрметке кез келген қарт ие бола бермейді. Әр рудан оза шауып, ақыл-парасатымен, істеген ісімен ел құрметіне бөленгендер ғана үлкен құрметке ие болады. Мұндай дуалы ауызды адамдар көзі тірісінде ақ әулиеге, өлгеннен сон, аруаққа айналған. Мұндай адамдардың сөзін де жыр қылып айтып, қабірін де құрметтеген. Дегенмен де, әркімнің өз ата-бабасы өзіне жақын, әрбір семья, от басы-ошақ қасының өзіне қас аруақтары болып, оларға жалбарынған. Әрине, «ата-баба аруағын» құдайға теңеуге болмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет