- қызметтік белсенділікке (егер өз қызметін атқаруға) ие болады;
- онда лигандалармен байланысатын белсенді орталықтар (домендер) пайда болады;
Ақуыз молекуласының II-, III- реттік құрылыстары туралы ақпарат оның бірінші реттік (полипептид) құрылысында болады. Ақуыз молекуласының II-, III- реттік құрылысының түзілуі, яғни 3 өлшемді кеңістікте бұралып, оралып глобула түзуін – ақуыз молекуласының фолдингі деп аталады. Фолдинг ақуыз синтезінен кейін іле – шала немесе ақуыз молекуласы денатурацияланғаннан (III – құрылымы) ыдырағаннан кейін жүзеге асады.
Фолдинг тетіктерін (механизмін) 1973ж. К.Анфинсен RНК – аза ферментіне тәжірибе жасап зерттеген.
6-сурет Глобулалы ақуыздың үшінші реттік құрылымын
тұрақтандырушы байланыстар (Мушкамбаров, Кузнецовтан, 2003)