sound() процедурасы белгілі бір жиіліктегі дыбыс шығаруға мүмкіндік береді. sound( F: unsigned );
Мұндағы F-дыбыс жиілігін Герцпен өрнектейтін unsigned типті өрнек.
delay() процедурасы программаны белгілі бір уақыт аралығында тоқтатып қою (кідіріс) үшін қолданылады. delay(T: unsigned);
T- миллисекундпен өрнектелетін жəне уақыт аралығын анықтайтын unsigned типті өрнек. Бұл процедура дыбысты белгілі бір уақытқа тоқтатып қою үшін қолданылады.
noSound() –дыбысты жоюға (түгел тоқтатуға) мүмкіндік береді.
С# тіліндегі графиктік операторлар graphic.h тақырыптық файлында жинақталған.
оларды қолдану үшін алдымен программа тақырыбында оны іске қосу қажет. # include
Графиктік драйвер мен графиктік адаптер таңдаудың екі бүтін айнымалысы
қолданылады. Графиктік драйвер DETECT тұрақтысы арқылы автоматты таңдалады.
Графиктік режимге өту үшін, сонымен қатар, келесі оператор қолданылады.
initgraph(&1-тұрақтының аты, &2- тұрақтының аты, “графиктік драйвердің
жолы”);
Мысалы: initgraph(&k,&l,”c:\\progra~1\\bc\\bgi”);
Графиктік режимді жабу үшін closegraph() операторы қолданылады.
Экранға шығатын кескін (сызықтар мен С#мволдар) түсі SetColor(түс) процедурасы арқылы орнатылады.
SetBkColor(түс) процедурасы экран фонының түсін орнатады.
PutPixel( x,y,түс ) процедурасы координатасы х, у, берілген түске боялған нүктені экранға шығарады.
Достарыңызбен бөлісу: |