Кіріспе Курстың мақсаты мен міндеттері


Объектілер инспекторы терезесі



бет21/62
Дата03.11.2022
өлшемі1.46 Mb.
#463964
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   62
C# тілінде программалау негіздері

    Бұл бет үшін навигация:
  • Events
Объектілер инспекторы терезесі таңдап алынған компоненттердің қаС#еттерін өзгерту үшін арналған жəне ол екі беттен тұрады:


Properties (қаС#еттер) беті компоненттердің қажетті қаС#еттерін өзгерту үшін

арналған.




Events (оқиғалар) беті– қандай да бір оқиғаға компоненттің реакциясын анықтау

үшін арналған (мысалы, “тышқанның” батырмасын басу).




Форма терезесі жобаланатын Windows- қосымшасының интерфейсін ұсынады. Осы терезеге қосымшаны жобалау кезінде қажетті компоненттер орналастырылады, компоненттерді өңдеуші компоненттер палитрасынан алады. Жобаның əрбір

формасына модуль (Unit) сəйкес келеді.




Код Редакторы терезесі жоба модулінің мəтінін көру, құру жəне редакторлау

үшін арналған. Бастапқы жүктемелеуде код редакторы терезесінде Windows-қосымшасы ретінде бос форманың қалыптасуы үшін операторлардың минималды жиынтығынан тұратын модуль мəтіні болады. Форма терезесінде кейбір компонентті орналастыру кезінде, модуль мəтіні автоматты түрде қажетті операторлармен толықтырылады.


Компоненттер палитрасының бiрiншi парағында пайдалануда маңызды


болып табылатын 16 объект орналасқан (6-сурет).


сурет. Палитраның бірінші парағында орналасқан компоненттер


Əрбiр парақтағы бар компоненттерге жаңа компонент қосуға, компоненттердiң жиыны мен тəртiбiн жəне санын өзгертуге болады. Мұны жылжымалы меню арқылы жүзеге асыруға болады (ол курсор белгiсi палитраның үстiнде болғанда тышқанның оң жақ батырмасын басқанда шығады).
C++ Builder-дiң стандартты компоненттерi жəне олардың қызметі төменде көрсетілген:


Курсор – бұл компонент емес, тек кез- келген объектiнi таңдауды жылдам болдырмау үшiн қажет пиктограмма.
TMainMenu – Бағдарламаға негiзгi менюдi орналастыруға мүмкiндiк бередi. TMainMenu-дi формаға орналастырғанда тек иконка болып көрiнедi. Осындай типтi иконкаларды "көрiбейтiн компоненттер" деп атайды, өткенi олар бағдарламаның орындалу барысында көрiнбейдi. Менюдi жасау 3 қадамнан тұрады: 1) формаға TMainMenu-дi орналастыру; 2) Меню дизайнерiн объектiлер инспекторының Items қаС#етiнен шақырту; 3) меню дизайнерiнде меню пунктерiн анықтау.


TPopupMenu жылжымалы менюдi жасауға мүмкiндiк бередi. Бұл меню типi берiлген объектiлерге тышқанның оң жағындағы батырмасын сырт еткiзгенде пайда болады. Барлық көрiнетiн объектiлерде PopupMenu қаС#етi болады, ол жерде қажет меню көрсетiледi. PopupMenu негiзгi менюге ұқсас жасалынады.


TLabel – экранда мəтіндi бейнелеу үшiн қызмет етедi. Объектiлер инспекторында Font қаС#етiне екi рет шерту арқылы белгi (метка), шрифт пен түсiн өзгертуге болады. Программаны орындау барысында мұны бiр жол кодты жазып қана оңай өзгертуге болады.


TEdit – енгiзуге арналған Windows-тың стандартты басқару элементi. Ол мəтіннiң қысқаша фрагментiн бейнелеу үшiн қолданылады.


TMemo – Tedit-тiң басқаша формасы. Үлкен көлемдi мəтіндермен жұмыс iстеуде пайдаланылады. TMemo сөздердi тасымалдауға, мəтін фрагментiн ClipBoard-қа сақтауға жəне оларды бұрынғы қалпына келтiруге жəне т.б. редактордың негiзгi функцияларын атқарады. TMemo мəтін көлемiне 32 Кб-қа дейiн шектеу қояды. (шамамен 10-20 бет)


TButton программаны орындау барысында батырманы шерткенде қандай да бiр əрекеттi орындауға мүмкiндiк бередi. Формаға TButton компонентін орналастырып жəне онда шеркенде батырма үшін төмендегі оқиға өңдеуіші жасалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет