C++ Builder-дегі оқиғалар
C++ Builder-дің визуалды компоненттер кітапханасының (VCL) объектілерінің нақты өмірдегі объектілердегідей өзінің қаС#еттерінің жиыны мен тəртібі бар. Мысалы, онымен байланысқан оқиғаларға жауап алу жиыны. Осы объектілерге əсер ететін оқиғалар тізімін Объектілер инспекторы парағынан көруге болады. Шындығында, бұл парақта TMouseMoveEvent С#яқты типіне ие қаС#еттерінің тізімі келтірілген жəне процедуралар – оқиғаларды өңдегіш болып табылады. Осы қаС#еттердің аты жөнінде келісім бар. Мысалы, OnDblClick – тышқанның екі рет шертуіне, ал OnKeyUp – басылып тұрған түймешені жіберу оқиғасына сəйкес. VCL-дағы əртүрлі компоненттер үшін оқиғалар жиынының арасында Windows-тан импортталған оқиғалар (MouseMove, KeyDown), программаның өзінде тікелей туындайтын оқиғалары (TDataSource үшін DataChange оқиғасы) бар.
Оқиғаның өңдеушісін құру үшін программалаушыт Объектілер инспекторы терезесінің жоғарғы жағында компоненттер тізімін ашуы жəне қажетті компонентті таңдауы керек. Содан кейін, объектілер инспекторының Events бетінде, тышқанның сол жақ батырмасын басу арқылы өңдеушінің атын таңдауы жəне оның оң жақ (ақ) бөлігін екі рет шертуі қажет. Оған жауап ретінде C++ Builder код редакторы терезесін активтейді жəне таңдалған оқиғаның өңдеу процедурасының дайындамасын көрсетеді. Əрбір өңделетін оқиға үшін модуль мəтінінде процедура (procedure) қалыптасады.
C++ Builder тілінде тұрақтылар: сандық тұрақтылар, бульдік жəне С#мволдық болып бөлінеді.
Сандық тұрақтылар бүтін (іnteger) жəне нақты (real) типтерде жазылуы мүмкін. Нақты сандар (real) ондық бөлшек түрінде, яғни цифрлар мен ондық нүктеден
тұратын сан немесе экспоненциалды түрде, яғни мантиссадан кейін Е əрпінен не осы əріптен кейін дəреже көрсеткішінен тұратын сан түрінде бейнеленеді.
Бульдік тұрақтылар boolean жəне С#мволдық тұрақтылар char немесе string командалары арқылы С#патталады. С#мволдық (мəтіндік) тұрақтылар С#мволдар тізбегінен тұрады.
Шаманы есептейтін батырманы Формаға орналастыру үшін компоненттер
палитрасында Standart бетінде Button компонентінің пиктограммасын таңдап, батырманың үстінен тышқанмен екі рет шертіп, сонда курсор Button1 батырмасын басу оқиғасын өңдеуші процедурасының мəтінінде орналастырылады: void__fastcall TForm1::Button1Click(TObject *Sender). Бұл процедураның жалпы түрі:
Достарыңызбен бөлісу: |