Кіріспе Негізгі бөлім Прагматизм құндылықтарының маңызы



бет2/4
Дата26.11.2023
өлшемі167.59 Kb.
#484486
1   2   3   4
БӨЖ әлеумет

Прагматизм түсінігі
Біздің түсінігімізде қалыптасқан прагматизм бүгінге дейін біздің танымымызға жат, батыстық өлшемдегі ойлау жүйесі ретінде қарастырылып, белгілі бір рухани түсініктерден ада, таза эгоистік пайдаға негізделген нарықтық ұғым ретінде ғана қарастырылып келді. Шын мәнінде прагматизмнің ертеден қалыптасуының өзі ғылыми әдістемелік тұрғыда тәжірибенің орны мен рөліне басымдық беруден туындаған. Кейін ғана ғылыми қауымдастық шеңберінен шығып, жалпы философиялық түсінікке айнала отырып өмірлік, танымдық, этикалық және дін мәселелерді шешуге араласа бастады. Осы деңгейде прагматикалық құндылықтарды өз танымымыздың шеңберінде қайта қарастырып, жаңару толқынына ілесу мақсатында өмірлік, философиялық қағида деңгейінен орын бергеніміз абзал. Шынайылыққа және тиімділік мәдениетіне негізделген прагматизм қағидалары жаһандық дамудың сындарлы сынақтарынан өтіп, рухани тұрғыда жаңғыруды, ғылым мен білім тұрғысынан жаңаруды мақсат тұтқан мемлекеттер мен халықтар үшін қазіргі таңдағы дамудың сәтті, әрі тиімді үлгілерінің бірі болып табылады.
Елімізде ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, үшінші жаңғыруды жүзеге асыратын ұлттық идеологияның басты қағидасы жастардың санасында туған жер мен туған елге деген ерекше сезімді, ілтипатты оятып, оны дәріптеу арқылы ел бірлігін сақтаудың жаңа заңдылығын ұсынды.
Осы орайда баршамыздың көз алдымызда күнделікті болып жатқан, сол қарапайым дүниеге назар салмайтын, бірақ елімізді тану мен шетелге танытуда зор рөл атқаратын мәселеге назар аудартқым келеді. Мәселен, Абайдың 175 жылдығына орай еліміздің бірқатар қалаларында ұлы ақынның ескерткіші мен бюстерін ашу жоспарланып отыр. Қалың көпшілік Абай образын осы мүсіндер негізінде қалыптастырары анық. Осы орайда ойда жүрген ұсынысты ортаға да салғым келеді. 2009 жылы Өскеменде еңселі Абай ескерткіші ашылды. Әкім орынбасары ретінде ескерткішті дайындау жауапкершілігі маған жүктелді. Конкурсқа қабылданған оннан астам мүсіндерді көрдім. Бәрі дерлік «шапанға оранған, қабағы түсіңкі, жуанқарын адам». Болмайды дедім. Алдын – ала дайындап қойған Абайдың Мәскеуде орнатылған ескерткішінің суретін мүсіншілерге таратып бердім.
«Бұл Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың – Абайы», - дедім. Басты талап Ескеркіштегі Абай образы, бейнесі осындай болуы керек. Бұған қосымша біздің талап бойынша ескерткіш постаментімен 14 метрден биік болатындығын ескеріңіздер. Абай оң қолыңа кітап ұстап тұрсын. Қалғаны сіздердің фантазияларыңыз!».
Бұлай деуге себеп, дүниежүзілік мәдениеттің ірі орталығы саналатын Мәскеуде талай болып, айтулы зиялыларымен сөйлескенде «Чистые пруды» бульварындағы Абай ескерткіші Мәскеу архитеруктурасына қосылған ерекше көркем дүние дегенді талай естіген едім. Әрі ресейлік қоғамдық пікір мәскеуліктердің аузымен айтылатынын ескерсек, қазақ пен орыс арасындағы достық түсіністікке осы есерткіштің қосқан үлесі зор. Оны екі ел Президенттері Н. Назарбаев пен В. Путин бірге ашқанын да білеміз. Қазақстан мен Ресей халықының арманы мен билігінің қойған мақсаты да әлемнің өркениетті елдерінің қатарынан орын алу екендігі баршамызға аян.
Ілгеріде бірлесіп ортақ жобаны қолға алғанда ресейлік жиеніміз, белгілі режиссер Егор Кончаловскийдің: «маған, кімге тартқансың дейтін мырзаларды, Мәскеудің қақ ортасындағы Абай ескерткішіне апарам. Абайдың рухы мен харизмасы кімді болмасын табындырады», - дегені есімде.
Сонымен Өскемендегі ескерткіш, 2006 жылы Мәскеудегі Елшіміз болған, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Қырымбек Көшербаевтың басшылығымен жасалған Абай образын қайталады. Абайдың бұл бейнесін сол кездегі облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед жоғары бағалап, бірден бекітті. Бір жылдан кейін мәскеулік Абай образын Астанада ашылған Абай ескерткішінен байқадым. Ол кезде қала Әкімі Иманғали Тасмағамбетов болатын.
Прагматизм — қазіргі заманғы философиядағы субъективті-идеалистік бағыт. Прагматизмді таза АҚШтық философия деп түсінуге болады, ол күні бүгінге дейін АҚШ қоғамында ықпалға ие Американдық төл философия.Прагматизм терминін мәдени айналымға 19 ғ-дың 70-жылдары америкалық философ Ч.С. Пирс енгізді. Прагматизм негізінде ақиқаттың мәнділігі оның прагматикалық тиімділігімен анықталады деген “прагматизм принципі” жатыр. Прагматизм іргелі ақиқатты іздестіру қажеттілігін мойындамайды және абстрактты философиялық жүйелер жасаудан бас тартады. Мұның орнына ол нақты тәжірибе мен тілге негізделген, өзгеріп отыратын көптеген ақиқаттарды қарастырып, онда ақиқат практикалық нәтижелерінің құндылығына қарай анықталады.
Прагматизм бойынша қазіргі заман философиясы екі бағытта дауласуда, бірі рационализм, ол идеалды, сезімге бай, ақылға жүгінеді, үміткер, дінге сенеді, еркін ерік-жігерді дәріптейді. Енді бірі, эмпиризм, олар материалистер, суыққанды, сезімдік танымға мән береді, үмітсіз, атеист, себеп-салдар заңын ұстанады. Прагматистер осы екеуінің арасынан жаңа жол тапқысы келеді, "тәжірибешілдік ойлау әдісі мен адамзаттық діни сенім дәстүрін лайықты үйлестіруді" дәріптейді.
Прагматистер шындыққа адал болуды жақтайды, бірақ дінге де сын айтқысы келмейді. Егер діндегі кейбір ұғым-түсініктердің тұрмыс үшін құнды екені мойындалса, онда діннің де рас екені дәлелденеді. Олар философиялық ойлауды жеке адамдық өмірдің нақты кешірмесіне дейін төмендетуді дәріптейді, бірақ діни сенімді сақтауды жақтайды. Олар әрі Дарвинизмді жақтайды, әрі дінді жақтайды, олар өздерін плюралистер деп атағанды ұнатады. Дегенмен, мысалы У.Джеймс те, басқа прагматистер де дінді этиканың тағаны деп есептемейді.
Прагматизм себепке қарағанда мақсатқа айырықша мән беруімен ерекшелеенеді. Олардың ойынша адам мақсат үшін өмір сүретін нәрсе. Адамның мақсаты адамның шындығын сомдайтын негізгі тетік. Ендеше мақсатты тану адамды танумен бірдей маңызға ие. Дегенмен, олар мақсат категориясы шегінде қамалып қалмай адамды өз мақсатына тегі қандай әрекет жеткізеді дегенді қазбалайды, мақсаттың адамда сенім болып орнығуына, белгілі бір әрекетте табысқа жеткізетін қозғалыс болып орындалуына айырықша назар аударады. Олардың ойынша ақиқат басқа емес, мақсатты дұрыс танытатын, адамға сенім беретін, практикалық тұрғыда адамды белсенді және табысты ететін білім. Егер кез келген білім адам үшіндік сипатқа ие болмаса, онда оның ақиқаттылығы да күмәнді. Ақиқаттың қайнары мақсатқа талпынған практика, ақиқаттың өлшемі, қозғаушы күші, бәр бәрі практика. Ендеше адамды өз мақсатына ең тез жылдамдықпен, ең қысқа уақытта, ең аз шығынмен, ең ыңғайлы жолмен мақсатына жеткізген нәрсе - шынайы құндылық, шынайы ақиқат. Адам баласы сондай ақиқатқа, құндылыққа талпынуы керек. Жалпы, АҚШ қоғамының табысты өмір салты қалыптастыруының негізгі тетігі прагматизмнің мақсатты негіз еткен өнімді қозғалыс идеясын ұстаным етуіне қатысты деп айтуға болады.
Прагматизмнің негізгі ұстанымдары:
білім шындықты меңгерудің құралы, шындықты өзгертуге болады;
нақты тәжірибе бәрінен маңызды, ереже мен ұстаным екінші орында;
сенім мен түсініктің рас-жалғандығы оның әкелген нақты игілігіне байланысты;
ақиқат идеяның табысты түрі, нәтижеге ие ететін, мақсатқа жеткізетін сана қозғалысы;
теория әрекеттің болжалды қорытындысы, ол да құрал. Оның құндылығы әрекетті табысты ете алуына қатысты;
адамның шындықты түсіндіруі шындықтың адамға пайдасы мен игілік өніміне байланысты;
әрекет ережеден маңызды, ол қатып қалған ережені үздіксіз бұзып отырады;
ұғымның мәні оның нәтижеге ие етуі, ақиқаттың құны оның қысқа уақытта, аз шығынмен, өте мол табысқа жеткізуі.
Прагматизм — шапшаң әлеуметтік өзгерістер кезеңінде дүниеге келген практикалық философия, ол парасатты ой мен логикалық әдісті практикалық істермен астастыруға тырысып, тәжірибеге жүгінеді. У.Джеймс өзінің “Прагматизм” атты еңбегінде “Прагматикалық әдіс әрбір ұғымды тиісті практикалық нәтижелерімен түсіндіруге тырысады. Егер бұл ұғым емес, басқа бір ұғым ақиқат болған күнде де біреу үшін одан қандай практикалық мән болар еді” деген пайымдауды тұжырымдап, бұл философия туралы анық түсінік береді. Джеймс еңбектерінде прагматизм қандай да бір теориядан туатын “практикалық нәтижелерді” салыстыру жолымен филоселосы таласты шешу тәсілі және ақиқат теориясы ретінде тұжырымдалады: ақиқат дегеніміз — “біз үшін тиімді болатын, өмірдің әрбір сәтіне сәйкес келіп, біздің бүкіл тәжірибеміздің жиынтығымен ұштасып жатқан әрекет” дейді. Сөйтіп, прагматизмның “практика” мен ақиқатты субъективті тұрғыдан түсінуі оның ұғымды әрекет “құралы” деп, ал танымды субъективтік “ақиқаттардың” жиынтығы деп анықтама беруіне әкеліп тірейді. Бірақ прагматизм практикалық пайдалылық деп объективті ақиқатты практика өлшемімен дәлелдеуді емес, адамның жеке басының субъективті мүддесін қанағаттандыруды түсінеді. Шындықты түсіндіруде Прагматизм эмириокритицизммен үйлес “радикалды эмпиризм” позициясын ұстанады. Прагматизм объективті шындықты “тәжірибемен” барабар деп санап, танымның субектісі мен объектісін бөлуді тек тәжірибе шеңберінің ішінде жүргізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет