Қазіргі Қазақстан дамуындағы прагматизмнің рөлі
Елбасы Н.Ә.Назарбаев үстіміздегі жылдың 10 қаңтарындағы Қазақстан халқына Жолдауында алдымен адам капиталын қалыптастыруды, ал оны қалыптастыру үшін білім берудің сапасы мен технологиясын жетілдіруді сөз етті. Адам капиталын қалыптастыру тек білім беру арқылы ғана жүзеге асырылып қоймайтыны түсінікті, сол үшін де прагматикалық ойлау дәстүрін дәстүрлі құндылықтарымызда жаңғыртып, қоғамдық танымда жаңартуымыз маңызды орынға шығады. Қандай да бір бар ресурстардың мөлшерін біле отырып, олардың жұмсалуы мен болашағын айқындау, еліміздің экономикалық ахуал деңгейін пайдалы ресурстардың мүмкіндігімен теңестіру; ысырапшылдықты, астамшылдықты, мақтан үшін асып-тасуға шек қою, «көрпесіне қарай көсілетін» заманда тыраштанып «сыртының бүтіндігін» ғана көрсетіп қоймай, «ішінің түтінін» де сейілту; материалды және рухани құндылықтарды бағалай отырып, болашақ бағдарына нақты баға беру, ұлттық рухты жаңғырту, материалдық игіліктердің шынайы бағасын беру; салауатты өмір салтын ұстануға, өз мамандығының шеңберінде жетістікке жетуге, білім алып біліктілікті арттыруға шынайы мақсат қоя білу сияқты прагматикалық бағдарларды тұрмыс төңірегіне топтастыру қажет.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласынан ой түйетін кез келді.
Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев өз еңбегінде жаңа заман, жаңа ғасырда өмір сүру үшін өзгере білу, жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіру керектігі, оған көнбегендердің көш соңында қалатындығы жазған.
Елбасының көзқарасы шындығында бұқаралық сананы өзгертуге ықпал ететіні сөзсіз.
Мақала ХХI ғасырдағы ұлттық сана мен оның мәселелерін және таяу жылдардағы еліміздің алдындағы міндеттерді айқындап берді.
Мақалада бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы сияқты мәселелерді күн тәртібіне қойып, оның нақты мәні мен мағынасына үңіле отырып талдау жасайды.
«Мақсатқа жету үшін санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады» деп атап көрсетті Елбасы.
Рухани жаңғырудың негізгі сипаты – өткен мен болашақты үйлестіре отырып жүзеге асыру.
Елбасының мақсаты – ұлттың ұлы мұратын сақтай отырып, болашақтан өз орнын айқындау.
Онда прагматизмнің орны мен рөлі өте жоғары. Прагматизм қазіргі жастар үшін аса қажет. Осы тұрғыдан алғанда прагматизм өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз.
Ол – ұлы дала елінің бойында белгілі тарихи себептермен қалғып кеткен прагматизмді ояту арқылы ұлттық, қоғамдық ойға, іске сілкініс әкелу, тәуелсіз елдің санасы мен ағзасын жайлаған отаршылдық, кембағалдық, бойкүйездік комплекстерінен тұтастай арылту.
Шынайы мәдениеттің белгісі орынсыз сән-салтанат емес, ұстамдылық, қанағатшылдық, қарапайымдылық, үнемшілдік пен ресурстарды орынды пайдалану.
Рухани жаңғыру дегеніміз – ұлттық салт-сана, әдет-ғұрып, мәдени дәстүрлерді берік сақтай отырып, оны жаңа заман жетістіктерімен, жалпыадамзаттық құндылықтармен байыту деп түсіну керек.
Жаңа тұрпаттағы жаңғырудың ең басты шарты – ұлттық кодты сақтау екені мақалада анық атап көрсетілген.
Сондықтан да Елбасының «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» дегені бүгінгі мен ертеңнің және болашақтың, жалпы «Мәңгілік ел» идеясының басты шарты болуы тиіс.
Елімізде ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, үшінші жаңғыруды жүзеге асыратын ұлттық идеологияның басты қағидасы жастардың санасында туған жер мен туған елге деген ерекше сезімді, ілтипатты оятып, оны дәріптеу арқылы ел бірлігін сақтаудың жаңа заңдылығын ұсынды.
Осы орайда баршамыздың көз алдымызда күнделікті болып жатқан, сол қарапайым дүниеге назар салмайтын, бірақ елімізді тану мен шетелге танытуда зор рөл атқаратын мәселеге назар аудартқым келеді.
Мәселен, Абайдың 175 жылдығына орай еліміздің бірқатар қалаларында ұлы ақынның ескерткіші мен бюстерін ашу жоспарланып отыр. Қалың көпшілік Абай образын осы мүсіндер негізінде қалыптастырары анық.
Белгілі режиссер Егор Кончаловскийдің: «маған, кімге тартқансың дейтін мырзаларды, Мәскеудің қақ ортасындағы Абай ескерткішіне апарам. Абайдың рухы мен харизмасы кімді болмасын табындырады», - дегенін оқыдым.
Биылғы мерекелі жылы Абай бейнеленген бірқатар суреттер жариялануда. Бюстері салтанатпен ашылуда. Көп елдімекендерде Абай ескерткішін орнатуға бюджет бөлінуде.
Ойландыратын жәйт Абайды халыққа жақындатуға арналған осы естелік мұралар әр жерде әртүрлі.
Абай әлемін, Абай әлемі арқылы зерттеп-тану, меңгеру, ғұламаның ілімі бойынша өмір сүру – Елбасымыз айтқан Рухани жаңғыру мен Ел мәңгілігінің де ең басты кепілі.
Абай әлемі – ұлтымыздың мінез-құлқы, болмыс-бітімі, тұрмыс-тіршілігі, дүниетанымы, жаны, тілі, діні, ділі, рухы жан-жақты көрініс тапқан бірегей құбылыс.
Көптеген халықтар өз елінің ерекше елшісі сынды ұлы бабаларының есімдерін мақтан тұтады. Мысалы, өткен дәуірлердегі Тутанхамон, Конфуций, Ескендір Зұлқарнайын, Шекспир, Гете, Пушкин және Джордж Вашингтон сияқты дүние жүзіне белгілі тұлғалар бүгінде «өз мемлекеттерінің» баға жетпес символдық капиталы саналады әрі сол елдердің халықаралық аренада тиімді ілгерілеуіне септігін тигізіп отыр.
Ұлы дала әл-Фараби мен Ясауи, Күлтегін мен Бейбарыс, Әз-Тәуке мен Абылай, Кенесары мен Абай және басқа да көптеген ұлы тұлғалар шоғырын дүниеге әкелді» деп жазады Елбасы мақаласында.
Бұл ретте Елбасы бірінші кезекте, атақты тарихи тұлғалар мен олардың жетістіктерінің құрметіне ашық аспан астында ескерткіш-мүсіндер қойылатын «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашуға тоқталады.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында жаңа ғасырда өмір сүру үшін өзгере білу, жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіру керектігі, оған көнбегендердің көш соңында қалатындығы айтылған.
Елбасының көзқарасы шындығында бұқаралық сананы өзгертуге ықпал ететіні сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |