Кіріспе оқырмандарға ұсынылып отырған «Криминалистикадан электронды оқу құралы» қазіргі заманғы оқу үрдісіне енгізілген кредиттік технология ерекшелігін ескере отырып құрастырылған көрнекі оқу құралы болып табылады



бет40/76
Дата01.10.2022
өлшемі388.76 Kb.
#461737
түріСабақ
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   76
annotation491

Х А Т Т А М А
беттестіру жүргізу туралы

10 қараша 2010 жыл. Алматы қаласы


Басталды; 19:00 аяқталды; 19:25

Алматы қалалық ІІД-ң Тергеу басқармасының тергеушісі полиция майоры Н. Ахметов, Алматы қалалық ІІД-ң Тергеу басқармасында № 00848114596428 санды қылмыстық іс бойынша айыпкер Байменов Алмас қорғашысы Журқабаев А. мен айыпкер Касымов Берик қорғаушысы Иманбаев Б. екеуінін арасында беттестіру жүргізіп осы хаттаманы толтырдым.


Тергеулік әрекеті басталмас бұрын ҚР ҚІЖК-нің 214-бабына сәйкес жәбірленуші жұбайына және жақын туыстарына қатысты қылмыстар бойынша, сонымен қатар дінді уағыздаушы қызметкерлерге сенім арқылы белгілі болған қылмыстар жөнінде жауап беруден бас тартуына құқылы екені түсіндірілді.


Жауап беруден бас тартсам Қазактан Республикасының ҚК-нің 352-бабы бойынша және біле-тура өтірік жауап берсем ҚР ҚК-нің 353-бабы бойынша қылмысты жаупкершілігім маған ескертілді.

Бір-бірлеріңізді танисыздарма қандай қарым қатынастасыздар?


Айыпкер Байменов Алмас жауабы; Мен алдымда отырған Касымов Берикті бұрыннан бері танимын, арамызда ешқандай бас араздықтар болған емес, досым болып келеді.
айыпкер Касымов Берикке сұрақ: Сіз Байменов Алмаспен сіздің Тараз қаласында әпкеңіз Гүлсараның үйінде бірге болған күндеріңіз болды ма?

айыпкер Касымов Б.жауабы: Ия бірге кездескен күндеріміз болды, осы оқиғадан кейін шашамен бір апта өткен күннен кейін мен телефон шалып өзім сол Тараз қаласына шақырғанмын.Сол кезде келген болатын.


Сұрақ Касымов Б.: сол кезде Байменов Алмасты не үшін шақырдыңыз?
Касымовтің жауабы: Әпкелеріме барлық шындықты айтсын деп шақырған болатынмын. Байменов Алмас келіп әпкем Гульмираға сол үйде отырып барлығын айтып берді, сонымен қатар қайтыс болған бала пышақпен бірінші болып менің қолыма ұрды одан кейін мен оның пышағын алып өзіне ұрдым деп айтты.
Байменов Алмасқа сұрақ: Сіз Касымов Бериктің жауабын естідіңіз бе, келісесіз бе?
Байменов Алмастың жауабы; бірінші мен телефон шалып шақырған жоқ.Мен сол балаға пышақты ұрдым деп Бериктің сұрауы бойынша айттым.
Касымов Б. сұрақ: Сіз сол кезде Байменов Алмасқа пышақты мен ұрдым деп айтшы деп сұрадыңз ба, сол кезде ол үйде кімдер болды?
Касымов Б. жауабы; әпкелерім Гульмира, Гулсара және қарындасым Айгерім болған. Басқа ешкім болмады.
Касымов Б. сұрақ: сол кезде анаңыз сол жерде болды ма?
Касымов Б. жауабы; Анам ол кезде болған жоқ.
Байменов Алмас сұрақ: Сіз сол кезде Касымов Б. анасы болды сол кісіге жаным ашып пышақты мен ұрдым деп айттым деп жауап бердіңіз, ол туралы не айтасыз?
Байменов Алмастың жауабы; Анасы болғаны рас.
Байменов Алмасқа сұрақ: Сіз неге елдің анасына жаныңыз ашыды, сол кезде пышақты мен ұрдым деп атпас бұрын өзіңіздің анаңызды ойламадыңыз ба?
Байменов Алмастың жауабы; Сол кезде сондай жағдай, Берик өзі ашуланған соң және жылап шыққан соң Бериктің айтуы бойынша пышақты мен ұрдым деп айта салдым.
Байменов Алмас сұрақ: Касымов Берикпен қашаннан бері доссыз, екеуіңіздің достығыңыз қандай болған?
Байменов Алмастың жауабы; Дос болғанымызға екі айдай болған. Жақын араласатын танысым болған.
Байменов Алмасқа сұрақ: Жақын араласатын таныс адамдардың барлығы сізге өздері жасаған қылмыстарын мойныңа ала тұршы уақытша десе сіз аласыз ба?
Байменов Алмастың жауабы; Жоқ.
Байменов Алмасқа сұрақ: Онда неге сол кезде Бериктің айтуы бойынша пышақты мен салдым деп айттыңыз?
Байменов Алмас жауабы: Жағдайды көрген соң пышақты мен ұрдым деп Бериктің айтуы бойынша айтқаны рас.
Касымов Берикке сұрақ: Сіз Байменов Алмаспен араларыңызда достықтарың қандай қарым қатынас қандай болды?
Касымов Бериктің жауабы; жақын таныстық қарым қатынаста болдым.
Касымов Берикке сұрақ: Сол кезде үйде сен және әпкелеріңінің араларыңда ренжіс болды ма, сіз Байменовке пышақты мен салдым деп айта тұршы деп сұрадыңыз ба?
Касымов Бериктің жауабы: Ешқандай ренжіс болмады, мен пышақты Байменов Алмасқа мен салдым деп уақытша айта тұршы деп сұрамадым. Бұл сөздердің барлығын ол ойдан шығарып алған.
Қорғаушы Аманбаевтың Касымов Б. сұрағы: Оқиға болған жерде сендерден басқа балалар болды?
Касымов Б. жауабы; Сапар, Нұрсапар және Нұрсапардың досы атын ұмытып қалдым, солар болды, олар машинеде отырған болатын. Әпкеме Байменов Алмас өзі пышақты сол жігітке мен ұрдым- деп айтқан соң, ол балалр туралы тағы да сұрап жату мен үшін қажет бомады. Менің Байменов Алмасты шақырған ойым Болған оқиғаны яғни нақты пышақты салғанын айтып берсін дегенмін.
Қорғаушы Иманбаев Б. Байменов Алмасқа сұрағы; Тараз қаласына қандай машинамен бардыңызыдар, сағат қаншада бардыңыздар?
Байменов Алмастың жауабы; Таксимен бардым. Түнгі сағат 24:00 болған.
Иманбаевтың Касымовқа сұрағы: Байменов Алмас Тараз қаласына қай жақтан келді, немен келді сағат қаншада келді?
Касымовтің жауабы; Кешкі сағат 18;00 шамасында келді, таксимен келді, мен күтіп алдым.
Иманбаевтың Байменов Алмасқа сұрағы: сол қолыңызбен кішкене күніңізден бастап жаазасыз ба?
Байменов Алмастың жауабы; Оң қолым 4-5 класта сынған болатын, содан бері оң қолыммен жаза алмай қалдым. Содан бері сол қолыммен жазуды жаза бастадым.

Басқа бір-бірлеріне сұрақтары болмады.


Хаттама дауыстап оқылды, арыз- шағымдар түскен жоқ.


Айыпкер: Байменов Алмас


Қорғаушы; Аманбаев А.

Қорғаушы; Иманбаев Б.


Айыпкер: Касымов Берик
Тергеуші: Н. Ахметов


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет