Кіріспе оқырмандарға ұсынылып отырған «Криминалистикадан электронды оқу құралы» қазіргі заманғы оқу үрдісіне енгізілген кредиттік технология ерекшелігін ескере отырып құрастырылған көрнекі оқу құралы болып табылады


Тақырып. Меншікке қарсы қылмыстарды тергеу



бет66/76
Дата01.10.2022
өлшемі388.76 Kb.
#461737
түріСабақ
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   76
annotation491

Тақырып. Меншікке қарсы қылмыстарды тергеу
Дәріс, тәжірибелік және СОӨЖ (СӨЖ) сабақтарының негізгі мазмұны.

Ұрлықты, тонау мен шабуыл жасап тонаудың криминалистік сипаттамасы. Тергеу болжаулары және тергеуді жоспарлау.


Алғашқы тергеу әрекеттері және жедел-іздестіру шаралары. Куәдан және жәбірленушіден жауап алу. Қылмысты тіркеу органдарынан алынған мәліметтерді пайдалану. Ұрланған бұйымдарды іздестіру.
Ұрлықты тергеудің ерекшелігі. Алғашқы тергеу әрекеттері және жедел-іздестіру шаралары. Жәбірленушіден жауап алу. Оқиға болған жерді қарау. Сот сараптамасын тағайындау және басқа да тергеу әрекеттерін жүргізу ерекшелігі. Ұрлықты, тонауды инсценировкалау, оны әшкерелеудің әдістері. Тергеудің қорытынды кезеңінің ерекшеліктері.
Алаяқтық пен қорқытып алудың (рэкет) криминалистік сипаттамасы. Болжаулар жасау және тергеудің алғашқы кезеңінің ерекшеліктері. Сот сараптамасын тағайындау. Айыпкерден жауап алу және жауап алудан туындайтын тергеу әрекеттері мен олардың орындалу ерекшеліктері.

Тақырып. Меншікке қарсы қылмыстарды тергеу 2 сағат




Тәжірибелік сабақтын мақсаты:

  • тақырыпқа байланысты теориялық негіздер туралы сұрау,

  • қажет ғылыми-техникалық құралдармен танысу,

  • істері бойынша фабулаларды талдау

  • тергеу ситуацияларды негізге ала отырып, тергеудің алғашқы кезеңінің

ерекшеліктерімен таныстыру.

  • қылмысын тергеуге байланысты болжау мен жоспар жасауға үйрету

  • қылмысын тергеуге байланысты жеке тергеу әрекетін жүргізуді үйрету

  • оқу құралы ретінде қолданылатын бейнежазбаларды көрсету

  • көрсетілген бейнежазбаларды талқылау

Теориялық негіздер туралы бақылау сұрақтары

  1. Ұрлық, тонау мен қарақшылық қылмыстардың криминалистік сипаттамасы.

  2. Дәлелдеуге жататын мән-жайлар.

  3. Типтік тергеу жағдайлары (ситуациялары)

  4. Тергеу жағдайларына (ситуацияға) байланысты тергеу болжауларын жасау

  5. Тергеудің алғашқы кезеңінің ерекшелігі

  6. Оқиға болған жерді қараудың маңызы

  7. Жәбірленушіден, куәлардан жауап алу

  8. Тергеуші мен анықтау органдарының арасындағы қарым-қатынастар.

  9. Қылмыстарды тергеуде арнайы білімді қолдану

  10. Сот сараптамаларды тағайындау.

  11. Топпен жасалынған қылмыстарды тергеу ерекшелігі.

  12. Сезікті адамнан жауап алу, оны куәландыру, үйіне тінту жүргізу.

  13. Тергеудің соңғы кезеңінің ерекшеліктері.

  14. Қорқытып алу, алаяқтық қылмыстардын криминалистік сипаттамасы.

  15. Тергеу болжаулары және тергеуді жоспарлау.

  16. Қылмыстық істі қозғау сатысындағы тергеушінің әрекеті.

  17. Алғашқы тергеу әрекеттері және тергеу ситуациясына байланысты орындалатын жедел-іздестіру шаралары.

  18. Оқиға болған жерді қарау. Жәбірленушіден, куәдан жауап алу

  19. Сот сараптама түрлерін анықтау және тағайындау .

  20. Сезікті адамнан жауап алу, оны куәландыру, үйіне тінту жүргізу. Тергеудің соңғы кезеңінің ерекшеліктері.

  21. Бақылау сұрақтары және жалпы өткен тақырып бойынша қорытынды шығару.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет