Есептер:
1. 30 – қазан күні түнде белгісіз адамдар Хамидуллиннің шаруа қожалығына келіп, екі бұзау мен бір сиырды алып кеткен. Оқиға болған жерді қарау кезінде әртүрлі өлшемдегі аяқ іздері мен дөңгелек іздері табылған. Сонымен қатар жүретін жол бойынан бір дөңгелектің ізі алынған, батпаққа түсіп қалған екінші дөңгелектің ізін суретке түсіріп алынған.
Арада екі апта өткен соң Алдамжаров деген шаруаға тиесілі қойды алып кетуге ниеттенген В 686 ЖН жүк автомобилінің иелері Комлев М., Мұхтаров М, Тезекбаев М. деген азаматтар ұсталған.
Жүргізілетін алғашқы тергеу және жедел шараларды көрсетіңіз.
2. Азамат Рахимовтың пәтеріне ұрлыққа түсу кезінде Салимов деген ұсталған. Оқиға болған жерде кесілген есіктің із түскен таянышы мен сырылған белгілері бар құлып табылған. Жеке тінту кезінде Салимовтан бұзғыш білте темір табылған. Тергеу жүргізу кезінде тергеуші Салимовтың қаладағы ашылмаған басқа да қылмыстарға қатысы барлығын тексермек болды. Басқа АІІБ-нан материалдарды сұратып алды. Назар аударса, жоғарыдағы тәсілмен жасалған қылмыс саны 3-еу екен. Аталған қылмыс Березовский 37, кв. 13, Розыбакиева 144, кв. 15, Утепова 8.
Жүргізілетін алғашқы тергеу және жедел шараларды көрсетіңіз.
3. 5 қабатты үйдің 1-ші қабатында орналасқан офисте ұрлық жасалған. Қылмыскерлер офиске терезе арқылы кірген. Терезедегі темір тордың төменгі жағы кесілген және майыстырылған. Терезенің маңында ішкі және сыртқы жағында әртүрлі көлемдегі әйнек сынықтары табылған. Сынықтардың біреуінде қол ізі және екі саусақ ізінің фрагменті табылды.
Тергеу барысында бес адамнан тұратын қылмыстық топ анықталды. Олардың біреуі К. азаматының үйіне тінту жүргізгенде кілттер, темір кесетін қайшы құралдары, кемпірауыз және басқа да заттар табылып алынды.
Тергеушінің болжауларын атаңыз және оларды тексеру мақсатымен жүргізілетін алғашқы тергеу және жедел шараларды көрсетіңіз.
4. Алматы қаласының орталығындағы зергерлік дүкенге қарақшылық шабуыл жасалды. Оқиға болған жерде витринадан және қабырғадан екі оқ алынды. Сот-медицина сарапшысы күзетшіден үшінші оқты алды.
Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде қылмыскерлердің қашпақшы болып мінген автокөлігі ұсталған. Автомобиль салонын тінту барысында зергерлік бұйымдар және ұсталған К. азаматынан Макаров пистолеті, ал екіншісі М. азаматынан Калашников автоматы алынған.
Достарыңызбен бөлісу: |