Тақырып. Жеке тұлғаларға қарсы қылмыстарды тергеу
Дәріс, тәжірибелік және СОӨЖ (СӨЖ) сабақтарының негізгі мазмұны.
Адам өлтірудің криминалистік сипаттамасы. Нақтыланып, анықталатын жағдайлар. Тергеудің алғашқы кезеңінің ерекшелігі. Әдеттегі тергеу жағдайлары. Куәлардан жауап алу. Мәйіттің аты-жөнін анықтаудың әдістері мен тәсілдері. Мәйітті тану үшін әкелу және аты-жөнін анықтау жөніндегі басқа да шаралар мен оның ерекшеліктері. Тергеуші мен анықтау органдарының арасындағы қарым-қатынастар. Сот-медициналық және басқа да сот сараптамаларын тағайындау.
Адамның хабар-ошарсыз кетуіне байланысты оның біреу өлтірген болар деген болжаумен жүргізілетін алғашқы тергеу және жедел-іздестіру әрекеттері. Адам өлтірудің тәсілдеріне байланысты тергеу болжауларын жасау. Мәйітті бөлшектеп, оны жойып жіберген істер бойынша тергеу жүргізуінің ерекшелігі.
Қылмыскердің жалдап кісі өлтіру қылмысын тергеу ерекшелігі.
Әйелді зорлаудың криминалистік сипаттамасы. Тергеу болжаулары және тергеуді жоспарлау. Қылмыстық істі қозғау сатысындағы тергеушінің әрекеті. Алғашқы тергеу әрекеттері және тергеу жағдайына байланысты орындалатын жедел-іздестіру шаралары. Оқиға болған жерді қарау. Жәбірленушіден жауап алу. Аталған категориялардағы іс бойынша тағайындалатын сот сараптама түрлерін анықтау. Сезікті адамнан жауап алу, оны куәландыру, үйіне тінту жүргізу. Тергеудің соңғы кезеңінің ерекшеліктері.
Тақырып. Жеке тұлғаларға қарсы қылмыстарды тергеу 2 сағат
Тәжірибелік сабақтын мақсаты:
ерекшеліктерімен таныстыру.
адам өлтіру қылмысын тергеуге байланысты болжау мен жоспар жасауға үйрету
адам өлтіру қылмысын тергеуге байланысты жеке тергеу әрекетін жүргізуді үйрету
оқу құралы ретінде қолданылатын бейнежазбаларды көрсету
көрсетілген бейнежазбаларды талқылау
Достарыңызбен бөлісу: |