Кіріспе. ӨЗара ауыстырымдылық туралы ұҒымдар



бет2/37
Дата02.11.2022
өлшемі0.76 Mb.
#463847
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Д рістер ЗАРА АУЫСТЫРЫМДЫЛЫ НЕГІЗДЕРІ (1)

Бұйымның сапасы – қолданылуына байланысты белгілі бір қажеттілікті қанағаттыратын бұйымның біріккен қасиеті.
Стандарттау мен бұйымның сапасын басқаруда қоланылатын сапаның сандық мәнін бағалайтын әдістерді біріктіретін шешімдерді дәлелдеу үшін қоланылатын ғылыми саланы квалиметрия деп атайды.
Машина жасау Өндірісін дамыту Өзара ауыстырымдылық теориясы негізінде прогрессивті әдістер мен құралдарды енгізу және бақылау арқылы жүзеге асады.
Қазіргі кезде Өзара ауыстырымдылық тек қана бір бұйымды жасауда ғана емес, ол бүкіл машинаны конструкциялау, Өндіру, жӨндеу, бақылау және қолдану принциптерімен байланысты.
Арнаулы мекемелерде шығарылатын бірдей бұйымдар мен тетікбӨлшектердің сапасын арттыру үшін бұйымның жасалу дәлдігіне, бетінің сапасына және басқа да параметрлеріне қойылатын талаптарды заңдастыру үшін стандарттау пәні дамыды.
ТетікбӨлшектердің Өзара ауыстырымдылығын қамтамасыз ету үшін олардың Өңдеу дәлдігін арттыру керек. Ал Өңдеу дәлдігін арттыру үшін оларды Өңдейтін жабдықтар мен бейімді құралдардың дәлдігіне, технологиялық үрдістер дәлдігіне қойылатын талаптарды арттыру қажет. Сонымен бірге оларды бақылайтын аспаптар мен құралдардың дәлдігін арттыру қажет. СӨйтіп, метрология ғылымы дамыды.
Машиналарды және олардың бӨлшектерiн белгiлi бiр дәлдiктi сақтап жасайды. Дәлдiк деп дайын тетiкбӨлшек Өлшемдерiнiң оның сызбаларында кӨрсетiлген Өлшемдерiне жақындығын айтады. Аталған Өлшемдер бiр-бiрiне жақын болған сайын дәлдiк жоғары болады.
ТетiкбӨлшектердi бiр-бiрiмен бiрiктiргенде Өзара жанасатын беттер дәлдiгi жағынан ұқыптылықты талап етедi, ал жанаспайтын беттерге аса жоғары дәлдiктiң керегi жоқ.
Машинаның бiр тетiкбӨлшегi тозса немесе сынып қалса, оны дәл сондай тетiкбӨлшекпен алмастырады, ал жаңа тетiкбӨлшек бұрынғының орнына дәл келедi. Осындай бiр-бiрiне пара-пар тетiкбӨлшектердi, құрастырылған бұйымдарды жасап, кең түрде пайдалануда Өзара ауыстырымдылық принциптерiн сақтау қажет.


1.2 Өзара ауыстырымдылық, Өлшемдер, ауытқулар және олардың


түрлері
Өзара ауыстырымдылық деп бiр-бiрiне байланыссыз жасалған бұйымдардың қосымша өңдеудi қажет етпей, өз орындарына қондырылып, машинаның сапалы жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету қасиетiн айтады.
Немесе
Бiр бұйымның дәл сондай бiр талаптарды орындау мақсатында басқа бұйымның орнына пайдалануға жарамдылығын өзара ауыстырымдылық деп айтады.
Бұйымдардың Өзара ауыстырымды болуы, машиналарды жӨндеу, құрастыру және ажырату жұмыстарын жеңiлдетедi және тездетедi, Өндiрiстi жаппай автоматтандыруға жол ашады. Сондықтан Өзара ауыстырымдылық принципi – бүгiнгi күн талаптарына сай бұйымдарды кӨптеп шығаратын Өндiрiстердiң негiзi болып табылады.
Өзара ауыстырымдылықтың түрлері:

  • толық,

  • толық емес (шектелген),

  • сыртқы,

  • iшкi,

  • функциональды.

Белгiлi бiр дәлдiкпен, бiр-бiрiнен байланыссыз жасалынған бiр типтi тетiкбӨлшектердiң қосымша Өңдеудi қажет етпей Өз орнына қондырылуы толық өзара ауыстырымдылық деп аталады.
Толық емес өзара ауыстырымдылықта тетiкбөлшектер белгiлi бiр геометриялық Өлшемдерiне қарай бiрнеше топқа бөлiнiп, сортталады да, жинаған кезде барлық бөлшек емес, тек қана белгiлi бiр топтағы тетiкбөлшектер қолданылады.
Сатып және алмастырылып алынған бұйымдардың Өзара ауыстырымдылығы сыртқы өзара ауыстырымдылық деп аталады.
Бұйымға кiретiн жекелеген бөлшектер мен механизмдердiң Өзара ауыстырымдылығы iшкi өзара ауыстырымдылық деп аталады.
Функциональдық өзара ауыстырымдылықта машинаның қолданылу кӨрсеткiшiне әсер ететiн геометриялық Өлшемнен басқа, механикалық, электромагниттiк және т.б. қасиеттер қарастырылады. Бұл Өзара ауыстырымдылықтың түрлері геометриялық параметрлері, яғни Өлшемдері бойынша анықталады.
Сонымен бiрге функциональды өзара ауыстырымдылықта Өте жиі қолданылады.
Геометриялық параметрлері бойынша Өзара ауыстырымдылық функциональды Өзара ауыстырымдылықтың жеке түрі болып есептеледі.
Функциональды Өзара ауыстырымдылық тек қана толықтай, ал геометриялық – толықтай да, шектелген де болуы мүмкін.
ТетiкбӨлшектер мен құрастырылған бұйымдарды Өзара ауыстыру үшiн олардың Өлшемдерi белгiлi бiр аралықта болулары керек. Сондықтан Өлшемдерге байланысты негiзгi терминдердi қарастырамыз.
Өлшемдердің мынадай түрлері кездеседі:

  1. Номинал Өлшем;

  2. Шекті Өлшем;

  3. Нақты Өлшем.

Бұйымның атқаратын мiндетiне байланысты есептеуден туатын, сызбада көрсетiлетiн негiзгi өлшемдi номинал өлшем деп атайды, немесе
Шектi өлшемдердi анықтайтын және ауытқудың басты есебi болып табылатын өлшем.
Номинал Өлшемді Dн немесе dн деп белгілеуге болады.
Құрастырылған екi тетiкбӨлшек үшiн олардың тесiгi мен бiлiгiне ортақ Өлшемдi бiрiктiрудiң номинал өлшемi дейдi.
Бiрiктiрудiң номинал Өлшемдерiн керектi сандар қатарынан алуға болады.
Дайын болған бұйымды мүмкiндiгiнше жоғары дәлдiкпен өлшеудiң нәтижесiнде алынған өлшемдi нақты өлшем деп атайды.
Ол номинал Өлшемнен Өзге болады.
Шектi өлшемдер деп номинал өлшем олардың аралығында болатын өлшемнiң шеткi екi мәнiн айтады.
Егер бұйымның нақты Өлшемi шектi Өлшемдердiң аралығында болмаса, онда ол ақауы бар бұйым болғандықтан, жұмысқа жарамсыз деп табылады.
Ең үлкен шектi Өлшемдерi DMAX, dMAX және ең кiшi шектi Өлшемдердi DMIN, dMIN әрiптерiмен белгiлеймiз. Шартты түрде үлкен әріппен тесікті, кіші әріппен білікті белгілейміз. Сонда ауытқудың да екi түрi болатынын кӨремiз (сурет 1).






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет