Кіріспе. ӨЗара ауыстырымдылық туралы ұҒымдар



бет5/37
Дата02.11.2022
өлшемі0.76 Mb.
#463847
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Д рістер ЗАРА АУЫСТЫРЫМДЫЛЫ НЕГІЗДЕРІ (1)

Дәріс жоспары:


    1. Тегiс цилиндрлiк қосылыстарға арналған шақтама мен қондырма жүйелерi

    2. Шақтама өрістерінің негізгі ауытқулары

    3. Сызбалардағы қондырмалардың және шекті ауытқулардың шартты белгілері

    4. Тегiс цилиндрлi тетiкбөлшектердi бақылаудың әдiстерi мен құралдары.



    1. Тегiс цилиндрлiк қосылыстарға арналған шақтама мен қондырма


жүйелерi
Қосылыстардың мынадай түрлерi кездеседі:

    1. тегiс цилиндрлi

    2. тегiс конусты

    3. бұрандалы

    4. кілтекті (шпонкалы)

    5. ойма кілтекті (шлицтi)

    6. тiстi берiлiс және т.б.



Заңдылықпен құралған стандартталған өлшемдердiң шақтамалары мен шектi ауытқуларының, сонымен бiрге стандартталған шектi ауытқулары бар тесiктер мен бiлiктерден пайда болған қондырмалардың жиынтығын
шақтама мен қондырманың жүйелерi деп атайды.


Шақтама мен қондырма жүйелерi:

  1. дәлдiк кестелерiн оңайлату үшiн, Өлшемдер интервалына бӨлiнетiн белгiлi бiр Өлшемдер диапазонын қамтиды

  2. әртүрлi қондырудың екi қатарын қамтиды: тесiк жүйесiнде және бiлiк жүйесiнде

  3. бiрдей номинал Өлшемдер үшiн әртүрлi шамадағы дәлдiктер тағайындалған керектi квалитеттердi, дәлдiк сыныптары мен дәлдік дәрежелерiн қамтиды

  4. шақтаманың Өлшемге тәуелдiлiгiн кӨрсететiн шақтама бiрлiктерiн қамтиды

  5. Өлшем дәлдiгi екi шектi Өлшем арқылы берiлетiн, ал негiзгi тесiк пен негiзгi бiлiктiң шақтама Өрiсi нӨлдiк сызықпен салыстырғанда ассиметриялы орналасқан, шектi ассиметриялы жүйелер болып табылады.

  6. дәл Өлшеулер жүргiзу үшiн белгiлi бiр температураны қамтиды.

Шақтама мен қондырма жүйелерін жеке қарастырсақ: 1//. Номинал өлшемдер диапазоны төртке бөлiнедi: А) 1 мм-ге дейiн


В) 1 мм-ден 500 мм-ге дейiн
С) 500 мм-ден 3150 мм-ге дейiн
D) 3150 мм-ден 10000 мм-ге дейiн
Өлшемдер диапазоны, сонымен қатар негiзгi және қосымша интервал болып тағы бӨлiнедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет