2//. Тесiк жүйесi және бiлiк жүйесi
Шақтама мен қондырма жүйесiнде:
Негiзгi тесiк деп төменгi ауытқуы нөлге тең болатын, тесiктi айтамыз, EI=0 (сурет 4).
Сурет 4 – Негізгі тесік
Негiзгi бiлiк деп жоғарғы ауытқуы нөлге тең болатын, бiлiктi айтамыз, es=0 (сурет 5).
es=0
Сурет 5 – Негізгі білік
Негiзгi тетiкбӨлшекке байланысты қондыруды тесiк жүйесiндегі қондырма және бiлiк жүйесiндегі қондырма деп екiге бӨлуге болады.
Тесiк жүйесiндегi қондырма дегенiмiз әртүрлi саңылаулар мен керiлiстер пайда болатынын анықтайтын, әртүрлi бiлiктердiң негiзгi тесiкпен қосылуы (сурет 6).
0 0
Сурет 6 – Тесік жүйесіндегі қондырма
Бiлiк жүйесiндегі қондырма дегенiмiз әр түрлi саңылаулар мен керiлiстер пайда болатынын анықтайтын, әр түрлi тесiктердiң негiзгi бiлiкпен қосылуы (сурет 7).
Сурет 7 – Білік жүйесіндегі қондырма
Кейбiр жағдайда бiлiк пен тесiктiң ешқайсысы да негiзгi болмауы мүмкiн. Мұндай қондырмалар жүйеден тыс қондырма деп аталады (сурет 8).
Сурет 8 – Жүйеден тыс қондырма
3-4//. Квалитет. Шақтама бiрлiгi
“Квалитет”- француз сӨзi, “сапа” деген мағына бередi.
Квалитет дегенiмiз берiлген диапазондағы барлық номинал өлшемдер үшiн салыстырмалы тұрақты дәлдiктi сипаттайтын шақтамалар жиынтығы.
Дәлдiк дәрежелерi ШҚБЖ –да квалитет, ССТ-та дәлдiк сыныбы деп аталады.
ШҚБЖ (ЕСДП) – шақтамалар мен қондырмалардың біркелкі жүйесі; ССТ (ОСТ) – салалы стандарт.
Квалитет (дәлдiк дәрежесi) – жүйедегi шақтама мәндерiнiң градиацияланған сатысы. Әрбiр квалитет, әр түрлi номинал Өлшемге сәйкес келетiн, жобамен бiрдей дәлдiктегi шақтама мен қондырма жүйелерiнде қарастыратын, шақтама қатарынан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |