Лафон реакциясы. 2 мл сулы сығындыға 1 мл концентрлі күкірт қышқы- лын, 1 мл этил спиртін жəне 1 тамшы 10%-ды темір сульфатының ерітіндісін қосып, қыздырады. Қыздырған кезде көк-жасыл түс пайда болады.
2мл сулы сығындыға 1мл 10%-натрий нитратының ерітіндісін жəне 1 там- шы концентрлі күкірт қышқылын қосқанда қан – қызыл түс пайда болу керек.
Либерман-Бурхард реакциясы. Бұл реакцияны жүргізу үшін зерттелетін затты сірке қышқылында (ледяная) ерітеді де, үстіне сірке ангидриді жəне концентрлі күкірт қышқылының қоспасын (50:1) қосады. Бірнеше уақыттан кейін қызғылт түстен жасыл жəне көк түске дейін өзгереді.
Эритроциттердің гемолизі. 1 мл изотоникалық ерітіндінің тұндырынды- сына 1мл 2% эритроциттердің өлшендісін қосады. Қан мөлдір, ашық қызыл түс береді (гемолиз).
Жұқа қабаттағы хроматография. Сулы немесе спиртті сығындысын силикагельде немесе алюминий оксидінде сəйкес ерітінділер жүйесінде хрома- тографиялайды. Бейтарап сапониндерге жиі н-бутанол – сірке қышқылы – су, қышқыл сапониндерге н-бутанол – əртүрлі қатынастағы сулы аммиакты қолданады. Жүйені тəжірибе жүзінде алады. Сапониндерді хроматограммада əртүрлі қышқыл реагенттерді концентрлі күкірт қышқылы, сірке ангидриді, 25%
Табиғи қосылыстар химиясының негіздері
фосфорлы молибден қышқылының ерітіндісі, үшхлорлы сүрме (сурьма) жəне тағы басқаларды кобальт хлоридінің, ванилиннің, пара-диметиламин- бензальдегид жəне т.б. қатысында сепкенде анықталады.
Тритерпенді сапониндер қызғылт немесе қоңыркүлгін дақтар түрінде түседі. Стероидты сапониндер хроматограммада 1% үшхлорлы сүрме ерітіндісі,
концентрлі күкірт қышқылы жəне сірке ангидридімен сары (спиростанды) дақтар (Санье реакциясы) береді. Қазіргі кезде шикізатта сапониндердің бар болуын ең нақты – хроматографиялық əдіс көрсетеді.
Сандық анықтау. Өсімдік шикізатында сапониндерді сандық анықтауда олардың биологиялық жəне физикалық қасиеттерін қолдануға негізделген, яғни гемолитикалық, балық индекстерін жəне көбік саны, сонымен бірге химиялық əдістерді де қолданады.
Шикізаттағы сапониндердің əртүрлі құрылысына байланысты, оларды сандық анықтаудың бірыңғай нақты əдістері жоқ.
Бастапқы кезде гликозидтер мен агликонның əртүрлі ерігіштігіне, яғни сапониндердің физикалық қасиеттеріне негізделе отырып, гравиметриялық əдісті қолданған. Сапониндерді шикізаттан метил немесе этил спиртімен Сокслет аппаратында экстракциялайды. Экстрактты вакуум астында буландырады, сапониндерді органикалық еріткіштермен тұндырады; сүзеді, жуады, тұрақты массаға дейін кептіреді жəне өлшейді. Нəтижелер тым жоғары болып шығуы мүмкін, өйткені сапониндерден басқа ілеспелі заттар да тұнбаға түседі. Егер сапониндер жалпы санына гидролиз жүргізіп, агликонды алып тастасақ, кептіріп жəне оны өлшегенде нақтырақ нəтижеге жетеміз.
Қазіргі уақытта сапониндердің жалпы санын жəне жеке заттарды анықтау үшін қыздырғанда қышқыл реагенттермен боялған өнімдерді беретін сапонин- дердің қабілетіне негізделген физика-химиялық əдістері (спектрофотометрия, колориметрия) қолданылады. Мысалы, каштан конский, көкгүл (синюха голубая) өсімдігі сапониндердің жалпы санын анықтау үшін кобальт хлоридін концентрлі күкірт қышқылымен; женьшеньде – ванилин күкірт қышқылымен, стероидты сапониндер – п-диметил–аминобензальдегид 4 моль/л ерітінділерде, хлорсутек қышқылымен ерітінділерін қолданады. Калибровкалы графикті стан- дартты үлгімен (мысалы, эсцин) жəне кобальт хлоридімен жасайды. Бұл əдіс- терді жиі сапониндердің алдын-ала хроматографиялық бөлінумен пайдаланады.
Қышқылды сапониндер (мысалы, аралозидтер) үшін олардың алдын-ала гидролизінен кейін потенциометрлік титрлеуді қолданады.
Кейде сапониндері бар шикізаттар үшін (ғылыми зерттеуге) көбік саны мен гемолитикалық индексті анықтайды.
Көбік саны – 1 г шикізаттың сығындысының ең аз концентрациясы, оны 15 сек бойы шайқағаннан кейін, 15 мин бойы тұрақты көбік түзіледі. Сапониндердің физикалық қасиеттеріне негізделеді.
Гемолитикалық индекс – 1 мл 2% қойдың дефибринденген қанының эритро- циттерінің гемолизін тудыратын таза сапониндер ерітіндісі немесе 1г шикізат сығындысының ең аз концентрациясы.
СОӨЖ 8. Алкалоидтарды физико-химиялық жолдармен идентификациялау.
Жоғарыда айтылған екі еселі реэкстракцияда алынған техникалық өнім балласты заттардың негізгі массасынан бос алкалоид түрінде алынады, бірақ біршама мөлшерде қоспадан тұрады. Фармакопиялық таза өнім алу үшін көбірек қайталанылатын тазалау операциялары немесе тазалау сатысындағы əртүрлі əдістер қолданылады. Жақсы кристалданатын алкалоидтар (негіздер немесе тұз- дар) судан немесе жарықтандыратын адсорбенттері (активті көмір, қыздырылған
Г. Ш. Бурашева, Б. Қ. Есқалиева, А. К. Умбетова
алюминий тотығы, кеуекті силикаттар тағы сондай сияқты) бар органикалық еріткіштер фармакопеялық мақала талабына сəйкес 3-4 мəрте қайта кристалдану арқылы тазаланады.
Егер құрамында құрылысы мен қасиеттері басқа алкалоидтарға жақын қоспа- лар болса, қайта кристалдану немесе тұндыру мұндай қоспаларды бөлу тиімді болмайды. Мұндай жағдайларда алдын-ала тазалау үшін ионалмастырғыш ша- йырлар, ионалмастырғыш немесе жай колонналы хроматография қолданылады. Ионалмастырғыш сорбция кезінде катионит арқылы алкалоид негізіндегі ерітін- діні өткізеді. Сорбталған алкалоид пен шайырды сумен немесе органикалық еріткіштермен мұқият жуады. Сосын алкалоидтар мен шайырлардың қоспасын фракциялау үшін десорбциядан өткізеді. Мақсатты өнім мен қоспалардың əртүрлі негіздерін қолдана отырып, құрылысы жақын алкалоидтар қоспасын бөлуге болады. Дəрілік препараттар ретінде алкалоидтарды, көбінесе гидрохло- ридтер немесе басқа тұздар түрінде шығарады. Сондықтан алкалоид негізіндегі тұздың түзілуін фармакопеялық препарат алудың соңғы сатысында қолданады.
Хроматографиялық сараптау
Алкалоидтардың əртүрлі топтарына сапалық сараптаудан басқа алкалоид- тарды тауып идентификациялау үшін, бөліп тазалық дəрежесін тексеру үшін қа- ғазды хромотография, жұқа қабатты хромотография, газ-сұйықты хромотогра- фия жəне жоғары тиімді сұйықты хромотография қолданылады.
Қағазды хромотография үшін мына жүйе қолданылады: н-бутанол-сірке қышқылы-су (4:1:5), (10:2:3), (40:12.5:29); н-бутанол-тұз қышқылы-су (100:4:қаныққанға дейін); жүйеге қойылған, құрғатылған хромотограмманы Драгендорф реактивімен өңдейді (қызғылт-сарғыш, қызғылт).
Қағазды хроматограммада алкалоидтарды анықтау үшін йод буы қолданы- лады (сұр жолақтар).
Алюминий оксиді пластинкасындағы жұқа қабатты хроматография сандық жəне сапалық анализ, кеңістіктегі құрылымы əртүрлі негіздік алкалоидтарды бөлу үшін қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |