Кіріспе Пәннің қысқаша мазмұны



бет27/45
Дата02.06.2024
өлшемі1.78 Mb.
#502220
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   45
УМКД хим анализ растений

Әдебиеттер тізімі
Негізгі:

  1. В.В. Племенков. Введение в химию природных соединений. – Казань, 2004.

  2. Н.А. Тюкавкина, Ю.А. Бауков. Биоорганическая химия. – М., 2002.

  3. Л.С. Майофис Химия и технология химфармпрепаратов. – Л.: Медицина, 2001.

  4. Д.Ю.Корулькин, Ж.А.Абилов, Р.А.Музычкина, Г.А.Толстиков. Природные флавоноиды. – Новосибирск: изд-во СО РАН, 2007.

  5. Б.В. Пасет, В.Я. Воробьева. Технология химфармпрепаратов и антибиотиков. – М.: Медицина, 1997.

  6. Р.А. Музычкина, Д.Ю. Корулькин, Ж.А. Абилов. Качественный и количественный анализ основных групп БАВ в лекарственном растительном сырье и фитопрепаратах. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 288 с.

  7. Л.А. Иванова. Технология лекарственных форм, в 2 т. – М.: Медицина, 2002.

  8. И.А. Муравьев. Технология лекарств, ч.1 и ч. 2. – М., 1980.

  9. Лекарственное растительное сырье. Фармакогнозия. Учебное пособие, под редакцией Г.П.Яковлева, К.Н.Блиновой, С-П.,2004


Қосымша:

  1. Г.Д. Бердимуратова, Р.А. Музычкина, Д.Ю. Корулькин, Ж.А. Абилов, А.У.Тулегенова. Биологически активные вещества растений. Выделение, разделение, анализ. – Алматы: Атамура, 2006. – 438 с.

  2. Н.И. Гринкевич, Л.И. Сафронич. Химический анализ лекарственных растений. – М.: Наука, 1983. – 283 с.

  3. Лекарственное растительное сырье. Фармакогнозия. Учебное пособие. / под. Ред. Г.П. Яковлева, К.Ф. Блиновой. – С.-П., 2004.

  4. П.Э. Розенцвейг, Ю.К. Сандер. Технология лекарственных галеновых препаратов. – М.: Медицина, 1977. – 488 с.

  5. А.Г. Касаткин. Основные процессы и аппараты химической технологии. – М.: Химия, 1973. – 656 с.

  6. И.С. Ажгихин. Технология лекарств. – М., 2003. – 526 с.

  7. Н.К. Зенков и др. Фенольные биоантиоксиданты. – Новосибирск, 2003. -362 с.

СӨЖ 5. Эфир майы өндірісінің спецификасы. Сапаны бақылау әдістері.


Эфир майларын алу жолдары

  1. Дистилдеу.

  2. Экстрактілеу.

  3. Анфлераж əдісімен.

  4. Механикалық жолмен.

  5. Қысымды сығу.

Бұл əдістердің қолданылуы анатомиялық жəне морфологиялық ерекшелікте- ріне, эфир майларының сандық мөлшеріне жəне құрамына байланысты болады. Өсімдік шикізаттарында эфир майларының мөлшері құбылмалы болады. Мыса- лы, қалампыр гүл бүршігінде эфир майының мөлшері 23%-ға жетсе, шегіргүл (фиалка) гүлінде ол 0.004%-ға жетеді.

  1. Дистилдеу əдісі

Эфир майлары мен су бір-бірінде ерімейді, қыздырғаннан кейін екеуінің бу қысымының қосындысы жəне атмосфера қысымы теңеседі, ерітінді қайнайды, эфир майлары су буымен бірге дистелденіп шығады.
Дистелдеу əдісі өсімдіктерден эфир майларын алуда үнемі қолданылады. Шикізатты ұнтақтағаннан кейін суға салынып шыланады, сосын тікелей немесе су буы арқылы эфир майлары дистилденеді. Бұл əдіс қарапайым құрылғыда жүреді, алайда процестің температурасы жоғары болғандықтан, кейбір эфир майлары ыдырауы немесе су буымен бірге ұшып кетуі мүмкін.

  1. Экстрактілеу əдісі

Бұл əдіспен эфир майларын алуда петролей эфирі немесе диметил эфирі тектес төмен қайнау температурасындағы органикалық еріткіштермен бөлме температурасында экстрактіленеді де, тұндырындысы алынады, еріткіш айдал- ғаннан кейін эфир майлары қалады. Бұл əдістің ерекшелігі – өнім шығымы жоғары, эфир майларының ыдырап зиян шекпейді.
Соңғы жылдардан бері СО2 ерітіндісін экстракті еріткіш ретінде қолдану адамдардың қызығушылығын күн сайын арттыруда. Бұндай эфир майларын алу процесі жоғары критикалық СО2 экстрактілеу əдісі (super-critical carbon dioxide extraction) деп аталады. Бұл əдістің тиімділігі өнім жоғары, процестің темпера- турасы төмен болғандықтан, ыдырау болмайды, сонымен бірге СО2 эфир майла- рынан оңай, қалдықсыз бөлінеді. Бұл процестің кемшілігі жалпы процесс крити- калық қысымда жүретіндіктен себепті жабдыққа қойылатын талап жоғары, сонымен экстракт құны қымбатқа түседі.


Г. Ш. Бурашева, Б. Қ. Есқалиева, А. К. Умбетова


  1. Анфлераж əдісі

Гүлдердін эфир майларын активтелген көмірмен, тоң майлармен жəне т.б. заттармен өз бойларына сіңіріп алу арқылы жүргізіледі, бұл процесті анфлераж əдісі дейді. Анфлераж процесі арнайы қалың шыны рамаларында жүргізеді. Рамалардың көлемі 50505см болады. Рамалардың шынысы екі жағынан жоғарғы сортты тоң майлармен (шошқа майының 3 бөлігінен, сиыр майының 2 бөлігінен тұратын қоспа) жағылады (қалындығы 3-5 мм). Шынының үстінен қалындығын 3см етіп, гүл күлтелерін жайып салады. Осылай дайындалған 30-40 рамаларды бірінің үстіне бірін саңылаусыз жауып қояды. Эфир майлары буланып, жағылған майларға сіңіріледі. 2-3 тəуліктен кейін рамадағы ескі гүлдерді жаңа гүлдермен ауыстырады. Бұл процесс екі аптаға дейін жүреді. Осы уақыттың ішінде шыныға жағылған майлар эфир майына қанығып, хош иісті помадаға айналады. Ол парфюмерияда қолданылады. Егер таза эфир майы керек болса, оны помададан спиртпен экстракциялап алады.
Сухуми тəжірибе стансасында гүлдердің эфир майларын қайыңның актив- телген көміріне сіңірген, көмірге сіңірілген эфир майын эфирмен экстракция жүргізген, экстрактіні концентрлеп, таза эфир майын алған.

  1. Механикалық əдіс

Бұл əдіс цитрус жемістерінен (лимон, мандарин, апельсин, померанец жəне т.б.) эфир майын дайындағанда қолданылады. Цитрус жемістерінің қабықта- рында көп мөлшерде эфир майлы қуыстары болғандықтан, оларды преске салғанда эфир майлары шығады. Бұл тəсілмен эфир майын алу үшін цитрус қабықтары əуелі ұнтақтап кесіледі немесе оларды тісті барабандардан өткізеді. Содан кейін барып, олар престеледі. Престен өткен қалдықта тағы да 30%-ға дейін эфир майы қалады. Оны алу үшін су буымен айдау тəсілін қолданады. Механикалық тəсілмен алған эфир майларының иісі, су буымен алған эфир майларына қарағанда, өте нəзік жəне хош иісті болады.
Африка елдерінде жергілікті халықтардың арасында эфир майды алудың кең таралған əдісі – жемістердің қабықтарын арнайы тістері бар қасықпен қыру немесе үйкелеу арқылы алынатын тəсіл.

  1. Қысымды сығу əдісі

Бұл əдіс процесі эфир майларының мөлшері жоғары өсімдіктерді физикалық сығу арқылы орындалады. Тиімділігі – процесс бөлме температурасында жүреді, эфир майлары құрамында өзгеріс болмайды. Кемшілігі: өнімі төмен, қоспалар мөлшері жоғары. Өндірісте эфир майларын алудың басқа да көптеген жолдары бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет