Кіріспе таңдалған тақырыптың өзектілігі


ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ



бет5/12
Дата22.04.2023
өлшемі184.84 Kb.
#472591
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Қылмыстық жауаптылық

2 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ


2.1 Қылмыстық заң бойынша қылмыстық жауаптылықтан босату негіздері
Кез-келген елдің қылмыстық заңының жалпыға бірдей мәлім постулаты қылмыс жасаған тұлға жеке, ұйымдық және мүліктік тәртіп формасындағы шектеудің мемлекеттік-мәжбүрлік ықпал ету шараларын өткеруі міндетті делінетін ереже болып табылады. Ү.Беккариа жазуынша "қылмыс жасаудан аяқ тарттыратын ең тиімді құрал жазаның қаталдығы емес, қылмыс жасаған адамның жазадан құтыла алмайтындығы қағидасы". Бірақ кейбір заңда тікелей көзделген реттерде қылмыс жасаған тұлға қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.
С.Н. Собанини "қылмыстық жауаптылықтан босатуды әділетті әрі негізделген деп тек ол тұлғаның бостандығы мен кұқығын қорғау және қылмыстық қол сұғушылықтан қорғаудың құқықтық тәртібіне кедергі жасамаса және қылмыс жасаған тұлғаның түзелуіне, жаңа қылмыстар жасауының алдын-алуға ықпалы болса ғана, яғни басқа сөзбен айтқанда босату жаза мақсатына оны іс жүзінде қолданусыз жетуге болатын кездерде ғана айтуға болады" деп дұрыс байқаған [16, 20 б.].
Осыларға сүйене отырып, қылмыстық жауаптылықтан босатудың бірінші негізі онша ауыр емес және орташа ауырлықтағы жасалған қылмыс болуы керек деген қорытындыға келеміз. Казақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне қылмыстардың дәрежесі туралы ережелердің кіргізілуі аталған мәселені шешуде тергеу-сот практикасы үшін нақтылық енгізді.
Қылмыстық кодекстің 10-бабына сәйкес онша ауыр емес қылмыстар санатына қылмыстық заңда көзделген жаза мөлшері екі жылдан бас бостандығынан айырудан аспайтын, қасақана жасалған қылмыстар, сондай-ақ жасалғаны үшін заңда көзделген жаза мөлшері 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасынан аспайтын абайсызда жасалған қылмыстарды жатқызады. Орта ауырлықтағы қылмыс деп - қылмыстық кодексте жаза мөлшері бес жыл бас бостандығынан айырудан аспайтын касақана қылмыстар мен бес жылдан жоғары бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген абайсызда жасалған қылмыстар танылады. Қылмыстық кодекс бойынша ауыр қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық заңда көзделген ең жоғарғы жаза мөлшері 12 жыл бас бостандығынан айыру жазасынан аспайтын қасақана қылмыстар жатады. Аса ауыр қылмыстар санатына қылмыстық кодекс бойынша жасалғаны үшін 12 жылдан жоғары бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасына көзделген қасақана жасалған қылмыстарды жатқызады.
Екінші негіз — қылмыс жасаған адамның қоғамға қауіптілігі болмауы немесе төмен деңгейде болуы. Бірінші аталған ұғыммен салыстырғанда бұл ұғым абстрактілі сипатта. Қылмыстық-құқықтық ғылым мен тергеу соттық тұлғаның қоғамға кауіптілік деңгейін анықтауда ең алдымен жасалған қылмыстың сипаты мен ауырлығын, сондай-ақ кінәлінің қылмыс жасағанға дейінгі және қылмыс жасағаннан кейінгі мінез-құлқын сипаттайтын мән-жайларды ескереді. Бұл мән-жайлар шеңбері кендігі сондай олардың толық тізбесін беру тіптен мүмкін емес. Сонда да олардың бірқатары заң мәтінінде тікелей көрсетілген және міндетті сипатта болып табылады. Бұлар:
— Қылмысты алғаш рет жасауы;

  • Өз еркімен қылмысын мойындап келу;

  • Қылмысты ашуға көмектесу;

  • Келтірілген шығынды өтеу;

  • Қылмыс нәтижесінде келтірілген зардаптың салдарларын жою;

  • Жәбірленушімен татуласу;

  • Мән-жайдың өзгеруі [17, 7 б.];

Аталған мән-жайлардың біреуінің немесе бірнешеуінің онша ауыр емес және орта ауырлықтағы қылмысқа қатысты орын алуы бұл қылмысты жасаған адамның қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырусыз түзеліп кететіндігінің кепілі.
Соңғы, үшінші негіз, кінәлі адамды қылмыстық жауаптылыққа тартудың орынсыздығы болып табылады. Аталған негіз бірқатар деңгейде алғашқы екі негіздің туындысы болып табылады. Онша ауыр емес немесе орта ауырлықтағы қылмысты қоғамға үлкен қауіп тудырмайтын немесе мүлдем қоғамға қауіпсіз тұлғаның жасауы жағдайында қылмыстық жауаптылық институтының жүзеге асыру қылмыстық заңдылықтың әділдік немесе адамгершілік қағидалары тұрғысынан қарағанда орынсыз болуы мүмкін.
Демек, тұлғаның іс-әрекетінде қылмыс құрамының белгілері болуы барлық жағдайда бұл тұлға жазаны қолдану мен қылмыстық жауаптылыққа тартылуы керек дегенді білдірмейді екен.
Жоғарыда айтылғандарға қорытынды жасай отырып нақты айтуға болады, бұл маңыздылығы шамалы қылмыстар және қоғамға қауіптілігі аз қылмыстардың құқықтық актілермен көрсетілген санаттары анықталмаған. ҚР ҚК 10 б.-2 б. сәйкес ауырлығы шамалы қылмыстар: - қасақана ниетпен жасалған болса, ең жоғарғы жазалау шарасы ҚК бойынша 2 жылдан аспайтын мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады; ал абайсызда жасалған қылмысы үшін ҚК көзделгедей 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырады. Осы бап бойынша 3 бөлімі бойынша ауырлығы орташа қасақана жасалған қылмысы үшін, 5 жылдан мерзімге бас бостандығынан айырады, сонымен қатар абайсызда жасалған әрекеті үшін 5 жыл мерзімнен жоғары мерзімге бас бостандығынан айырады.
Ауырлығы шамалы және ауырлығы орташа қылмыстардың құқықтық жағдайы:

  • ауырлығы шамалы және орташа ауырлықтағы қылмыстарға оқталғандық үшін тұлға жауаптылыққа тартылмайды (ҚР ҚК 24 б.);

  • ауырлығы шамалы қылмыстарға дайындалғаны үшін жауаптылыққа тартылмайды (ҚР ҚК 24 б.);

  • ауырлығы шамалы қылмыс жасалып ол тергеу барысында абайсыздан жасалғаны анықталса, бұл жағдай жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларға ретінде қарастырылады (ҚР ҚК 53 б.-1 т.);

  • ауырлығы шамалы және орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған болса оны мына жағдайларда қылмыстық жауаптылықтан босатады: егер ол өз еркімен келіп қылмысын мойындаса, қылмысты ашуға көмектессе, жәбірленушіге келтірген зиянын өтесе, мінез-құлқы түзелсе онда оны қоғамға қауіпсіз деп санауы мүмкін, не айыптау үкімінің ауырлығы шамалы қылмыстар үшін 2 жыл, орташа ауырлықтағы қылмыстар үшін 5 жыл мерзім өткен бұрынғы мерзім (срок давности) (ҚР ҚК 65 б.-1 т.; 67 б.-2 т.; 68 б. п. а,б, 1 бөлім; 69 б.);

  • ауырлығы шамалы қылмыстар үшін шартты түрде босату, соттың шешіммен шешіледі (ҚР ҚК 64 б.);

  • жазасының жартысын өтеген мерзімінде ауырлығы орташа және ауырлығы шамалы қылмыстар үшін шартты түрде босатылуына рұқсат беріледі (ҚР ҚК 70 б. 2 бөлім, 84 б. п. А);

  • ал ауырлығы орташа және ауырлығы шамалы қылмыстарын өтеп жатқан адамдардың мінез құлқының жақсаруына қарап судья жазаны жеңіл түрімен ауыстырады (ҚР ҚК 71 б. 1 бөлім);

  • жүкті не аяғы ауыр әйелдердің 8 жасқа дейінгі балалары болса 1 жылға дейінгі мерзімге не балалары 8 жасқа толғанға дейін жазасын өтеуі шегерім береді, бірақ мынандай жағдайларды қоспағанда, егер қылмыскер әйел ауыр қылмыс жасаса (ҚР ҚК 72 б. 1 бөлім);

  • егер қылмыскер ауырлығы орташа не ауырлығы шамалы қылмыстың түрін жасаса оны бас бостаныдығынан айыру, табиғи апат, ауру, өзге де төтенше жағдайлар негіз гінде зардап шексе жауаптылықтан босатылуы мүмкін (ҚР ҚК 74 б. 1 бөлім);

  • соттылықтың өтелуі егер ауырлығы орташа не ауырлығы шамалы қылмыстар үшін 3 жыл өткеннен кейін, кәмелет жасқа толмағандар үшін 1 жыл мерзім (ҚР ҚК 77 б. 3 бөлім; п. Г.) (ҚР ҚК 86 б.);

  • кәмелет жасқа толмаған адам үшін егер бірінші орташа қылмыс болса ал ауырлығы орташа не ауырлығы шамалы қылмыс болса, сот оның тәрбиелеп, мінез құлқының жақсаратынына сенімді болса, жауаптылықтан босатылады (ҚР ҚК 81 б.).

Ауыр және аса ауыр қылмыстар.
Тұнғыш рет ауыр қылмыстар 1958 жылы ССР-дің қылмыстық заңдар негізінде көрініс таба бастады. Көптеген елдерде бұл мәселе әр түрлі қаралады/37. 48-49 б/.
Бұндай әрекет ары қарай жалғасуына жол бермеу түрі үшін әртүрлі жазалау шаралары қолданыла бастады. Тек 1972 жылғы 18 мамыр күні “қылмыстық заңға өзгертулер енгізу туралы” қаулы негізінде, ауыр қылмыстар былай көрініс тапты: “ауыр қылмыстар олар қасақана ниетпен жасалған, қоғамға аса қауіпті әрекет” (7 б.-2 бөлім).
Ауыр қылмыстар үшін ең жоғарғы жазалау шарасы 6-10 жылға дейінгі мерзім қолданылады.
Аса ауыр қылмыстардың ең бірінші белгісі ол қоғамға аса қауіпті жағдай тудыру, оны 1961 ж. 5 мамырдағы Жоғарғы Кеңестің қаулысымен “аса қауіпті қылмыстар туралы” реттеді.
Аса қауіпті қылмыстардың бірнеше белгісі бар: аса ауыр зардап келтіру, аса қауіпті амалдарды қолдану және т.б.
ҚР ҚК 10 б. 4-5 бөліміне сәйкес, аса ауыр қылмыстар деп - қасақана ниетпен жасалған, ең жоғарғы жазалау шарасы 12 жылдан аспайтын мерзімге бас бостандығынан айыру, ал аса ауыр қылмыстар үшін қасақана ниетпен жасалған, жазалау мерзімі 12 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру не өлім жазасына кесу шараларын қолданады.
Ал енді ҚР ҚК сәйкес ауыр және аса ауыр қылмыстардың құқықтық жағдайына тоқталып өтсек:

  • ауыр және аса ауыр қылмыстарға дайындалғаны үшін жауаптылықтың міндеттілігі (ҚР ҚК 24 б.-2,4 бөлім);

  • ауыр және аса ауыр қылмыс жасау барысында рецидив деп тану (ҚР ҚК 13 б.-2,3 бөлім);

  • өз қылмысын шын көңілмен мойындауы жауаптылықтан босатпайды (ҚР ҚК 65 б.);

  • ескіру мерзімнің өтіп кетуі (сроки давности) ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін 5-15 жылға дейін. Кәмелетке толмағандар үшін бұл мерзім жартысына дейін қысқарады; (ҚР ҚК 69 б. – 1 бөлім,85 б.);

  • шартты түрде босату ауыр қылмыс жасағандар үшін 2/3 жаза мерзімін өтеген соң, ал аса ауыр қылмыс жасағандар үшін 3/4 жаза мерзімін өтеген соң беріледі; ал кәмелет жасқа толмағандар үшін ауыр түрдегі қылмыс жасағандарға, жаза мерзімінің жартысын өтегенде, ал аса ауыр қылмыс жасағандарға жаза мерзімінің 2/3 өтегенде беріледі (ҚР ҚК 70 б.-3 бөлім; 84 б.);

  • өмір бойы бас бостандығынан айыру ол негізінен өлім жазасы ретінде қолданады аса ауыр қылмыс жасағандарға (ҚР ҚК 48 б.-4 бөлім);

  • егер жазалау мерзімінің өтіп кетуі 10-15 жылға, онда қылмыскер жауптылыққа тартылмайды (ҚР ҚК 175 б.-1 бөлім);

  • сотталғындықтың мерзімін өтеу, ауыр қылмыстар үшін 6 жыл, аса ауыр қылмыстар үшін 8 жыл, ал кәмілет жасқа толмағандар үшін 3 жылдық мерзімінің жазалау шараларын өтеп болған соң (ҚР ҚК 77 б.-3 бөлім;86 б.);

  • жоғарыда аталған қылмыстар үшін қылмыскер түзеу орталықтарында қатал және ерекше режиміне не түзеу орталықтарының жалпы колониясына жіберіледі. Ал аса ауыр қылмыс жасағандар 5 жылдан аспайтын мерзімге жазасын түрмеде өткізуі мүмкін (ҚР ҚК 48 б.);

  • егер ауыр және аса ауыр сипаттағы жасаған қылмысы үшін, егер қылмыскердің соттың шешімі бойынша атағын, дипломатикалық және квалификацияның сыныбынан, және наградаларының айырады (ҚР ҚК 50б.);

  • егер сөз байласып, алдын-ала дайындалған, ұйымдасқан топ жасаса ол ең бірінші белгісі болып табылады (ҚР ҚК 31 б.- 4 т).

Қылмыстың санаттарының жауаптылық пен жазаны дараландыруға әсері.
Егер, іс-әрекет немесе тұлға қандай да бір себептермен өзінің қоғамға қауіптілігін істі сотта қарауға немесе тергеу кезінде жойса, немесе кінәлінің қоғамға қауіптілігі елеусіз болып, оның түзелуі үшін қылмыстық жаза қолдану кажеттілігі болмаса, Қазақстанның қылмыстық заңдары заңда бекітілген тәртіппен тұлғаны қылмыстық жауаптылық пен қылмыстық жазадан босату мүмкіндігін береді. Сондай-ақ, жазаның кейбір түрлерін өтеп жатқан адамдар сот тағайындаған жазаны өтеп болғанша өзінің түзелгенін дәлелдесе, ол адамды жазаны одан әрі өтеуден босату мүмкіндігі бар.
Егер, барлық заңда көзделген қылмыстық жаза мен қылмыстық жауаптылықтан босату негіздерін кезеңдерге бөліп қарастырсақ, оларды келесі тәртіппен жіктеуге болады:
1. Тұлға қылмыстық жауаптылықтан айыпкер ретінде
танылғанға дейін толық босатылады.
Бұл жағдайда кінәлі өзі жасаған қылмысының ешқандай тиімсіз салдарын көрмейді. Бұл тармаққа қылмыстық іс қозғамау немесе қылмыстық істі ескіру мерзімінің өтеуіне, рақымшылдық актісі нәтижесінде, жекелеген тұлғаларға кешірім беру нәтижесінде, жәбірленуші мен айыпкердің татуласуы немесе жәбірленушінің арызының болмауына байланысты қысқартуды да кіргізуге болады.
2. Тұлға қылмыстық жауаптылыққа айыпкер ретінде тартылады, бірақ ол сотталғанша, сот оны қылмыстық жауаптылықтан босатады.
Бұл жағдайда кінәлі үшін бірқатар тиімсіз салдарлар туындайды, бірақ сотталғанша қайта жойылады.
Бұл — ескіру мерзімінің өтуі, рақымшылық актісі салдары, мән-жайдың өзгеруіне байланысты іс-әрекеттің немесе тұлғаның қоғамға қауіптілік деңгейінің төмендеуі, кәмелетке толмаған қылмыскерді қылмыстық жазадан босату болуы мүмкін2.
3. Тұлға сотталып, жаза тағайындаған, бірақ оны өтеуді кейінге қалдырған айыптау үкімі шығарылады (ҚР ҚК 72-бабы — жүкті әйелдер мен жас өспірім балалары бар әйелдердің жазасын өтеуді кейінге қалдыру). Тұлға сотталады, жаза тағайындаған, бірақ оны өтеуден босататын айыптау үкімі шығарылады.
Бұл санатқа сот талқылауы кезінде анықталған ескіру мерзімінің өтеуі сот талқылауы барысында рақымшылық актісі бойынша босатылуға жататындығы анықталған істер кіреді.
Мысалы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 69-шы бабын - "Ескіру мерзімдерінің өтеуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатуды" қарастырайық.
Жалпы ереже бойынша жаза көздеген мақсатына жасалған қылмыс пен жаза арасындағы уақыт ұзақтығы неғұрлым аз болса соғұрлым толық жетеді. Егер қандайда бір себептермен уақыт арасы елеулі созылып кетсе, ал қылмыскер бұл уақытта тергеу немесе соттан жасырынып жүрмесе және жаңадан басқа қылмыстар істемесе, жазаны қолдану арнайы және жалпы ескерту тұрғысынан қарағанда өз мәнін жоғалтады. Уақыт өтуіне орай айналадағылар, әдетте, жасалған қылмыс туралы ұмытары, ал кінәлі адам өзінің ұзақ уақыт бойы басқа қылмыс істемегендігімен өзінің қоғамға қауіпсіз екендігін дәлелдейді.
Бұның барлығы қылмыс жасаған адамды қылмыстық жауаптылыққа тартпайды, оған жаза тағайындамауға негіз бола алады.
Сонда да заңда көрсетілген ескіру мерзімдерінің өтуі қылмыстық жауаптылықтан теріске шығаруға жеткіліксіз. Заңда жасалған қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықты жою үшін болуы қажетті тағы да бірқатар шарттар қарастырылған [18, 7 б.].
4. Тұлға тағайындалған жазаны одан әрі өтеуден босатылады. Бұл санатқа шартты мерзімнен бұрын босату, жазаны өтеуден рақымшылық актісі бойынша босатылу, науқасына байланысты жазаны өтеуден босату жатады.
Осылайша қылмыс жасаған адам қылмыстық жауаптылықтан екі формада босатылуы мүмкін: Оны кінәлі деп танып босату; Соттың мұндай шешім шығаруына дейін жауаптылықтан босату.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет