Кіріспе таңдалған тақырыптың өзектілігі


Диссертациялық жұмыстың әдістемелік негіздерін



бет2/12
Дата22.04.2023
өлшемі184.84 Kb.
#472591
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Қылмыстық жауаптылық

Диссертациялық жұмыстың әдістемелік негіздерін: әдіснамалық негізін диалектиканың заңдары мен категориялары, құқық теориясының, қылмыстық құқықтың, криминология мен психологияның қағидалары мен негізгі теориялық тұжырымдары құрайды.
Диссертациялық жұмыстың деректік негізі ретінде заң ғылымындағы түсініктер, ережелер, қағидалар басқа да құқық саласындағы тұжырымдар мен пікірлер негізге алынды.
Диссертациялық жұмысты қорғауға ұсынылған тұжырым: қылмыстық жауаптылықтың басты негізінің бірі болып қылмыс объектісі болып саналатындықтан, қылмыс объектісі қылмыстық заңнамада тура аталып көрсетілмейді, соны негіздеу болып саналады. Екіншіден қылмыс құрамын барынша талдау, бағалау.
Диссертациялық жұмыстың объектісі қылмыстық жауаптылықтан босату және жазадан босату және жаза тағайындау кезінде қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.
Қорғауға ұсынылған ережелер. Зерттеліп отырған мәселенің өзектілігі мен маңыздылығына байланысты біз жаңа идеяларды ендіре отырып, оны қоғам өмірінің даму заңдылықтарымен сәйкестендіріп, негіздеуге тырыстық. Тақырыпты зерттеудің қиыншылығына қарамастан қылмыстық жауаптылықтан және қылмыстық жазадан босатудың негіздерін, түрлерін ғылыми түрде жан-жақты талдап, қоғамдағы қылмыстылықпен күресудің мәнін ашуда ғылыми жүйелілікті қолдандық.
Жұмыстың - ғылыми жаңалығы, қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатудың негіздерін зерттеу.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес ғылыми - танымдық әдістер қолданылды: салыстырмалы-түсіндіру, ғылыми талдау, сараптау, сипаттау және публицистикалық. Мұның өзі авторға біржақты позиция мен догмалардан аралып, зерттеліп отырған мәселені сыни, объективтік тұрғыдан қарастыруға мүмкіндік берді. Зерттеудің методологиялық негізін анықтағанда, қазіргі кезде ғылымда орын алып отырған зерттеудің ғылыми тәсілдерін - аналогия және эксктрополяцияны -басшылыққа алдық.
Мәселенің зерттелу деңгейі анықталып, дерек көздері сараланады. Еңбектің ғылыми жаңалығы мен практикалық маңызы ашық көрсетіледі. Зерттеліп отырған жұмыстың бірінші тарауында қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатудың құқықтық сипаттамасы жайлы, екінші тарауда қылмыстық жауаптылықтан босату негіздері және олардың түрлері, үшінші тарауда жаза, жазадан босату түсінігі мен түрлері, төртінші тарауда рақымшылық және кешірім беру жайлы қарастырылады.
Қорытындыда жұмыстың нәтижелері мен тұжырымдары жинақталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет