Рақымшылық
Қазақстан Республикасының Конституциясының 54-бабының алтыншы тармағына сәйкес Республика Парламенті рақымшылық жасау туралы акт шығаруға құқылы. Ал Қазақстан Республикасының Президенті азаматтарға кешірім беруді жүзеге асырады.
Рақымшылық және кешірім жасау актілері жасалған қылмыс үшін қылмыстық жауаптылық белгілейтін қылмыстық заң және жаза мерзімі тағайындалған сот үкімін жоймай, қылмыстық жауаптылық пен жазадан босататын немесе жазаны неғұрлым жеңіл жаза түріне алмастыратын нормативтік актілер болып табылады. Рақымшылық және кешірім жасау актілері демократиялық, құқықтық мемлекеттің гуманизмдігін, қылмыс жасаған адамдардың құқықтарын құрметтеп, оларға білдірілген сенімнің көрінісі болады.
Рақымшылық актілері әдетте мемлекетте айтулы оқиғалармен мерейтойлық күндердің келуіне байланысты қабылданады. Мысалы, 1991 жылы 16 ақпанда Қазақ Совет Социалистік Республикасының "Қазақ Советтік Социалистік Республикасының егемендігі туралы Деклорациясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы" заңы, 1993 жылы 5 қазанда — Қазақстан Республикасының "Халықаралық отбасы жылына байланысты рақымшылық жасау туралы" заңы, 1996 жылы 15 шілдеде "Қазақстан Республикасының жаңа Коститутциясының бір жылдығына"байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының заңы шықты.
Рақымшылық актілері нормативтік сипатта болады. Олар қылмыстың белгілі болған уақытынан тәуелсіз, рақымшылық беру туралы заңның әрекеті астына кіретін белгілі бір тұлғалар тобына таралады.
1991 жылы 16 ақпанда қабылданған рақымшылық актісі бас бостандығынан айыру немесе бас бостандығынан айырудан басқа жаза түрлеріне сотталған: Отанды қорғауға байланысты ұрыс әрекеттеріне қатысқан, КСРО ордендері мен медальдарымен марапатталғандарға; II және I мүгедектеріне; кәмелетке толмаған балалары бар және жүкгі әйелдерге; 60 жастан асқан еркектер мен 55 жастан асқан әйелдерге қатысты олардың тағайындалған жаза мөлшерінен тәуелсіз қолданылды.
1994 жылы 5 қазанда кабылданған рақымшылық актісі біріншіден бас бостандығынан айыруға сотталған немесе бас бостандығына айырудан басқа жаза түріне сотталған кәмелеттік жасқа жетпеген адамдарға; бұрын тәрбиелеу-еңбек колонияларында ұсталынбағандарға оларға тағайындалған жаза мөлшерінен тәуелсіз; үш жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айрылған бұрын тәрбиелеу-еңбек колониясында жаза өтегендер; тағайындалған жаза мөлшерінен тәуелсіз бас бостандығанан айыру жазасына сотталған немесе бас бостандығанан айыру жазасынан басқа жаза түрлеріне сотталған әйелдерге; I және II топтағы мүгедек балалары, 16 жасқа жетпеген жас балаларға және де жүкгі әйелдерге; интернационалдық және әскери міңдетін атқару барысында қайтыс болған әскери қызметшілердің әйелдері; күйеуі соғыс мүгедегі немесе соларға теңестірілген әйелдерге қатысты; үшіншіден, бас бостандығынан айыру жазасына немесе бас бостандығынан айыру жазасынан басқа жаза түріне сотталған мына адамдарға, тағайындалған жаза мөлшеріне тәуелсіз қолданылады: Ұлы Отан соғысына катысушылар мен мүгедектер және оларға теңестірілген тұлғалар; 60 жастан асқан еркектер мен 55 жастан асқан әйелдер; I және II топ мүгедектеріне; анасы қаза болған немесе аналық құқықтарынан айырылған 16 жасқа толмаған балалары бар еркектер.
Рақымшылық қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босата алады. Мысалы: 1994 жылғы 5 қазан күні шыққан рақымшылық беру актісі 1994 жылғы 5 қазанға дейін қылмыс жасаған азаматтарды және рақымшылық туралы заңның 1-3 статьяларында аталған тұлғаларды қылмыстық жауаптылықтан босатты. Сондай-ақ рақымшылық актісі қосымша немесе негізгі жаза түрінде жер аудару немесе қоныс аудару жазасы қолданылған адамдарды да жазаны өтеуден босатты. Рақымшылық негізгі және қосымша жазадан да босатады.
Сот тағайындаған жазаны рақымшылық актісіне сәйкес қысқартылуы немесе неғұрлым жеңіл жаза түрімен алмастырылуы мүмкін. Мысалы, 1994 жылғы 5 қазанда шыққан рақымшылық актісі бойынша рақымшылық туралы заңның 1-3 баптарына енбеген, абайсызда жасаған қылмысы үшін сотталғандардың барлығының өтелмеген жаза мөлшері екі есе қысқартылды.
Рақымшылық жасау актісінде жазасын өтеу барысында ішкі режим тәртібін жиі бұзғандарға қатысты рақымшылық актісі таралмайтындығы туралы ескерту жасалынуы мүмкін. 1994 жылы 14 қарашада шығарылған рақымшылық актісінде осындай ескертулер орын алған.
Әдетте рақымшылық актілерінде бұл заңның белгілі бір адамдар тобына қатысты шектелген түрде немесе мүлде қолданылмайтындығы туралы көрсетіледі. Мысалы, 1994 жылы 15 қазандағы рақымшылық актісі бұрын рақымшылық немесе кешірім беру нәтижесінде жазасын өтеуден босатылып, қайтадан жаңа қылмыс жасағаны үшін сотталғандарға; алкоголизм, наркомания немесе соз ауруларынан емдеудің курсын толық өтпегендер; бұрын екі қайтара қасақана қылмыс үшін сотталғандарға; аса қауіпті деп танылған рецедивистерге; кейбір ауыр, аса ауыр қылмыстары үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылып жатқандар мен сотталғандарға т.б. қатысты қолданылған жоқ.
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы қабылдануының 10 жылдығына орай рахымшылық беру туралы" Казақстан Республикасының заңы.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендегі туралы Декларациясын қабылдануының 10 жылдығына орай, гуманизм принципін басшылыққа ала отырып, осы заң қабылданды.
1 бап. Онша ауыр емес және орта ауырлықтағы қылмысы үшін сотталған мына адамдар тобы жазаны өтеуден босатылсын:
Кәмелетке толмаған адамдар және қылмыс жасау кезінде кәмлетке толмаған азаматтар;
Кәмелетке толмаған балалары бар немесе асырауында I,
II топтағы мүгедек балалары бар әйелдер және жүкті әйелдер;
55 жастан аскан әйелдер мен 60 жастан асқан еркектер;
Ұлы Отан соғысының (1941-1945) қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген азаматтар;
I және II топ мүгедектері;
2 бап. Бірінші рет онша ауыр емес немесе орта ауырлықтағы қылмысы үшін 3 жыл мерзімге бас бостандығынан
айыру жазасына сотталған осы заңның 1 бабына енгізілген
сотталғандар жазасын өтеуден босатылсын.
3 бап. Онша ауыр емес немесе орташа ауырлықтағы қылмыстары үшін сотталған, осы заңның 1 және 2 баптарына
енбеген, сотталғандар, егер сот тағайындаған жазаның кемінде
үштен бірін өтесе, одан ары жазасын өтеуден босатылсын.
4 бап. Осы заңның 1 бабында аталған және осы заңның 1-3 баптарының күші жүрмейтін бас бостандығынан айыру жазасына сотталғандар, егер сот тағайындаған жаза мөлшерінің кемінде екіден бірін өтеген болса жазаны одан әрі өтеуден босатылсын.
5 бап. Осы заңның 1- 4 баптарының астына енбеген алғашқы рет қоса алғанда 6 жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айыру жазасына сотталғандарды, егер олар сот тағайындаған жазаның кемінде екіден бірін өтеген болса, жазаны одан әрі өтеуден босатылсын.
6 бап. Негізгі жаза түрі ретінде бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза түріне сотталған тұлғалар жазаны өтеуден босатылсын.
7 бап. Әскери қылмыс жасаған әскери қызметшілер, сондай-ақ әскери қызметке шақырудан жалтарған әскери міндеттілер жазаны өтеуден босатылсын.
8 бап. Осы заңның 1-7 баптары негізінде жазадан босатуға жатпайтын, бас бостандығынан айыру жазасына сотталған мына тұлғаларға тағайындалған жазаның өтелмеген бөлігі екі есе қысқартылсын:
1. Онша ауыр емес және орта ауыр қылмысы үшін сотталғандар;
2. Ауыр қылмысы үшін сотталып, тағайындалған жазаның кемінде екіден бірін өтеген сотталғандар.
9 бап. Осы заң күшіне енгенге дейін жасалған, осы заңның 1 және 7 баптарында көрсетілген тұлғалар жасаған, сондай-ақ жаза мөлшері ретінде 5 жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айыруға байланысты емес басқа жаза түрлері көзделген қылмыс үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылушы тұлғаларға қатысты қозғалған, сот қарауына берілген барлық қылмыстық істердің өндірісі қысқартылсын.
Рақымшылық жасау актісі қабылданған күнге дейінгі қылмыс жасаған тұлғаларға немесе рақымшылық туралы заңда көрсетілген мерзімге дейін қылмыс жасаған адамдарға таралады.
Созылмалы қылмыстарға қатысты рақымшылық тек рақымшылық туралы акт қабылданған мерзімге дейін аяқталған қылмыстарға ғана қатысты қолданылады. Рақымшылық актісі қабылданған соң созылған қылмыстарға рақымшылық актісінің күші қолданылмайды. Жалғаспалы қылмыстар үшін де осы ережелер қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |