3.1.Семей қаласы бойынша жану нысандарындағы өрттерді талдау
Өртену орын алған нысандар болып ғимараттар, құрылыстар, қондыр-ғылар, көлік құралдары, елді мекен, мекеме аумақтары табылады.
Жану нысандары бойынша өртті талдау
2-ші кесте
Өрт нысандары
|
Жылдар
|
2019
|
2020
|
2021
|
2022
|
Өндірістік ғимараттар мен құрылыстар
|
25
|
14
|
10
|
3
|
Энергетикалық системалар
|
3
|
4
|
-
|
-
|
Сауда кәсіпорында-ры,қондырғылар,қоймалар
|
32
|
15
|
16
|
5
|
Оқу орындары
|
4
|
1
|
2
|
1
|
Балалар мекемесі
|
-
|
1
|
-
|
-
|
Мәдени көрініс мекемелері
|
3
|
3
|
-
|
-
|
Сауықтыру мекемесі
|
-
|
-
|
-
|
1
|
Ауылшаруашылық мекемелері
|
54
|
21
|
29
|
8
|
Салынып жатқан нысандар
|
1
|
2
|
-
|
-
|
Жылжымалы темір-жол құрылымдары
|
1
|
-
|
-
|
2
|
Автокөлік
|
54
|
65
|
61
|
19
|
Тұрғын үй секторы
|
445
|
562
|
352
|
248
|
Көшелер және тағы басқа қоғамдық орындар
|
26
|
36
|
21
|
6
|
Емдеу мекемелері
|
-
|
-
|
-
|
-
|
Әкімшілік,көпшілік ғимараттары
|
9
|
7
|
2
|
1
|
Басқа нысандар
|
-
|
34
|
25
|
60
|
Кешендер(монша,бильярд,кафе,қонақ үй)
|
-
|
5
|
6
|
4
|
Барлығы:
|
657
|
770
|
522
|
353
|
Талдау нәтижесінде жылдан жылға тұрғын үй секторларында өрттердің көп болатындығы анықталды: 2019 жылы 657 өрттің 445 (67,8 %); 2020 жылы 770 өрттің 562 (73 %) және 2021 жылы 522 өрттің 352 (67,7 %) 2022 жылы 353 өрттің 248 (70,3%)тұрғын үйлерде болды.
Кестеде көрсетілген 15 түрлі нысандар категорияларының тек бесеуі бойынша өрт саны көп. Бұл тұрғын үй секторы, автокөлік, ауылшаруа-шылық мекемелері, өндірістік ғимараттар мен құрылыстар және сауда құрылымдары мен кешендері(монша,сауна,бильярд,кафе,қонақ үй). Оның ішінде, соңғы жылдарда кіші және орта бизнес кешендеріндегі өрттің санының өсуі байқалады.
4. Қорытынды
1-ші тарауда ШҚО. Төтенше жағдайлар департаменті, «Семей қаласы төтенше жағдайлар басқармасы» ММ құқықтары мен міндеттерін, құрылымын, жұмысы туралы мәліметтер қарастырылды. Басқарманың негізгі міндеттері: Семей қаласында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, Азаматтық қорғаныс, табиғи және техногендік апаттар, өрт қауіпсіздік саласында мемлекеттік бақылау, Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы аумағында төтенше жағдайларды алдын алу және жою жүйесінің қызметін қамтамасыз ету.
Басқарма құрамындағы № 2-ші Өртке қарсы қызмет жасағы және басқа да 5 Өрт Сөндіру Бөлімдері - Семей қаласы және маңайындағы ауылдарда өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарымен айналысады.
Семей қаласының өрттен қорғау қызметінің тарихы сонау ХIХ ғасырдан басталады. Қандай заман болса да өрт сөндіру ісі қоғамға қажетті қызметтің бірі болды. "Өмір бойы өрт майданында қатерге бас тіккен әрбір өрт сөндіруші – қаһарман" деген сөз бейбіт күндері халықтың өмірімен ,құндылықтарын сақтап жүрген мамандық иелерінің өз істерінің патриоттары екендігі туралы мәліметтермен 1-ші тарау қорытындыланды.
«ҚР, Төтенше Жағдайлар Министрлігінің ӨҚҚБ-гі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулығы» 12.05.2015 ж Ішкі Істер Министрліктің № 111 бұйрығымен бекітілген және өртке қарсы қызмет пен құтқару қызметкерлерінің еңбек қорғау, қауіпсіздік сұрақтарын реттейді.
2-ші тарау Өрт сөндіру жасағының тыныс-тіршілігімен танысуға, өрт сөндірушілерге арналған аталған еңбек қорғау құжатын зерделеп, ӨСБ-дегі қызметті атқару барысындағы нақты еңбек қорғау және іздестіру-құтқару, шұғыл жұмыстарды, авариядан кейін қалпына келтіру жұмыстарын орындау кезіндегі өртсөндірушілер мен құтқарушылардың қауіпсіз еңбегін ұйымдастыруға қажетті сұрақтарды қарастырдым.Тәжірибеден өту кезінде қарауылдағы қызметттің еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасына байланысты проблемаларын шешу жолдарын зерттеп, шешімдерін іздеуге мүмкіндік болды. Тарауда өртке қарсы қызмет жауынгерлерінің қарауыл кезіндегі,авариялық-құтқару ,өрт сөндіру мен оны жою жұмыстары кезіндегі еңбекті қорғау және қауіпсіздікті сақтау ережелері мен жолдары толығымен көрсетілді.
3-ші тарауда мемлекеттік өртке қарсы қызмет мекемесінің негізгі жауын-герлік жұмысы –өрт сөндіру нәтижесі қарастырылды.
Семей мемлекеттік өртке қарсы қызмет мекемесінің жауынгерлік жұ-мысын зерделей келе,төмендегідей жағдайға куә боламыз:
Әр жылғы болған жалпы өрттердің 90-95% қалада, 5-10 % ауылдық жерлерде болады, олардың 60-70% тұрғын үй секторына келеді екен.
Өрт сөндіруші бөлімнің өрт ошағына жету уақыты: қалада орта есеппен-7,35 минут, ал ауылдық жерде – 25-35 минут. Орта есеппен өрттерді толық жою уақыты – 15-45 минут арасында.
Семей мемлекеттік өртке қарсы қызмет мекемесі Семей қаласымен қоса 14 ауылдық округтың, оның ішінде Қайнар, Чаган, Шульба елді мекендерін өрттен қорғауға міндетті. Елді мекендердің қашық орналасуы өрт дабылын алған кезден бастап өрт ошағына жету уақытының 1,5 сағатқа, кей кезде одан да көп сағатқа созылатынын көрсетеді. Әрине мұндай уақытта өртті тез сөн-діру, өрт шығынын азайтудың әзірге шешімін таппай тұрған мәселелердің бірі болып тұрғаны анық.
Мемлекеттік Өртке қарсы жасақ жауынгерлері Өртті жоюмен қатар таби-ғи және техногенді кез-келген төтенше жағдайларды жою мен апаттық-іздестіру-құтқару жұмыстарын да орындайды. Тәжірибеден өту барысында - жауынгерлік жұмыс нәтижесінде - көптеген адамдардың өміріне арашашы болып жүрген бейбіт күннің қахармандарының қызметтері мен ерен еңбектерінің нәтижесін көріп, өмірге үлкен сабақ алдым.
5.Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қ Р. «Азаматтық қорғаныс туралы» заңы. 2014ж. Астана
2. Тіршілік қауіпсіздігі курсы бойынша Ж О О студенттеріне арналған ОҚУ ҚҰРАЛЫ . ТЖМ Алматы. 2008ж
3. Қ Р . Т Ж М . Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық курстарының тыңдаушыларының Оқулығы Алматы .2008 ж.
4. Справочник-каталог аварийно-спасательных средств ИИЦ ВНИИ ГОЧС МЧС РОССИЙ 2001 г
5. Тіршілік қауіпсіздігі курсы бойынша Ж О О студенттеріне арналған ОҚУ ҚҰРАЛЫ . ТЖМ Алматы .2008ж
6. ҚР СТ 1088-2003 «Өрт қауіпсіздігі. Терминдер мен анықтамалар»;
7. ҚР СТ 1167-2002 «Өрт автоматикасы. Терминдер мен анықтамалар»;
8. ҚР СТ 1174-2003 «Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасы. Негізгі түрлері. Орналастыру және қызмет көрсету»;
Достарыңызбен бөлісу: |