Кіріспе тарау ҚР. Тжм. Абай Облысы. Тжд, «Семей қаласы тж басқармасы» мм туралы мәлімет


тарау. Абай Облысы Семей қаласының №5 Өрт Сөндіру Бөлімшесі туралы ақпарат



бет10/17
Дата06.10.2022
өлшемі3.24 Mb.
#462095
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
отчет 13 ӨСБ.практика

2 тарау. Абай Облысы Семей қаласының №5 Өрт Сөндіру Бөлімшесі туралы ақпарат.
2.1 №5 Өрт Сөндіру Бөлімшесінің қысқаша тарихы
№5 ӨСБ қаланың Цементшілер кенті аумағына қызмет көрсетеді. Аумақта үй саны 952,оның жекеменшік және көп пәтерлі үйлерінің ішінде биіктігі 9 этаждан асатыны- 4. Сонымен қатар аумақта 15 ке тарта кәсіпорын 23 кіші және орта бизнес нысандары 5 мектеп орналасқан.
№ 5 өрт сөндіру бөлімінің тарихы 1971 жылдан басталады. Сол жылы қалада өрт сөндіру ғимараты пайдалануға беріліп, Семей облысы бойынша
№ 4 кәсіби өрт сөндіру бөлімі болып құрылды. Оның бірінші бастығы болып Т.Я.Алехин тағайындалды. Қазіргі кезде № 5 ӨСБ‑де 32 қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде 6 офицер құрамы, 15 жеке құрам.
2017 жылдан бастап № 5 ӨСБ‑ге бастық болып ішкі қызмет капитаны А.С.Иванов тағайындалды. Білімі жоғары, Көкшетау техникалық институтын бітірген. Осы азаматтың басқаруымен ауданымыздың №5 өрт сөндіру бөлімінде көптеген оң өзгерістер болды.
Бөлімдегі жұмыстар ӨС және АҚЖҚ ММ – нің бұйрықтарымен нұс-қаулары, жарғылары, тәлімдемелері және ҚР «Өрт қауіпсіздігі» заңы мен ережелеріне сәйкес жүргізілуде.
Мысалы:
- Бөлімдегі барлық өрт техникалары ақаусыз, уақытында жөнделіп, күтім жасалынып отырады.
- бөлімдегі ғимараттар мен жайлар жоспарлы түрде жөндеуден өтуде.
- бөлімнің ғимаратына жаңа су құбыры тартылды, жаңадан қадағалап - әкімшілік ғимаратының іші қайтадан жасалынып, толық күрделі жөндеу жасалынып қайтадан жасалынды.
Бөлімнің ауласына психологиялық дайындық жолағы , мұнара жаттығу ғимараты, шағын футбол, волейбол алаңдары жасалды .Өрттерді шұғыл сөндіру және алдын алу мақсатында бөлімнің жауынгерлік іс- қимыл жоспарлары жасалынып, сол бойынша жұмыстар үнемі пысықталып отырады. Аумақтағы өмірлік маңызы бар мекемелерімен бірігіп істелінетін іс – шаралары үнемі жаңартылып, толықтырылып отырады. Бөлімнің негізгі жұмысы өрттің алдын алу мақсатында жүргізіледі. Осыған сәйкес өртке қарсы қызмет бөлімінің қызметкерлері ҚР «Өрт туралы» Заңына және ҚР Өрт қауіпсіздігі ережесі мен нормаларға сүйеніп, тұрғын үйлердің, мекеме-лердің және ұйымдардың, басқа да заңды тұлғалардың (меншік түріне қарамай) өрт қауіпсіздік ережесін міндетті түрде орындауын қадағалап, талап етеді.

Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өрт қауіпсіздігі ережелері қала тұрғындарына таныстыру мақсатында үнемі жарияланады. Қаланың 2 мектебінде жас өрт сөндірушілер жасағы құрылып, бекітілді.


Өрт қауіпті кезеңде бөлімнің қызметкерлері қаланың ішкі істер бөлімі, электр торабы, газ шаруашылығы, орман шаруашылығы қызметкерлерімен бірігіп тексеру рейдтерін өткізеді. Тұрғын үйлердегі мүмкін болар өрттің алдын-алу мақсатында жылына екі рет өрт қауіпсіздігі айлығы өткізіледі.
Қаладағы болған өрттер бойынша анықтау және сараптау жұмыстары сапалы жүргізілуде.
Өртке кінәлі тұлғалар ҚР Қылмыстық кодексына сәйкес жауапкерші-лікке тартылады.
Жеке құрам арасында спорт жұмысы да жақсы жолға қойылған. №5 ӨСБ қызметкерлері қалада өтетін барлық спорт жарыстарына қатысып, жүлделі орындар алып отырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет