Кіріспе тарау ҚР. Тжм. Абай Облысы. Тжд, «Семей қаласы тж басқармасы» мм туралы мәлімет



бет11/17
Дата06.10.2022
өлшемі3.24 Mb.
#462095
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
отчет 13 ӨСБ.практика

2.2. №5 ӨСБ-ның құрылуы



2.3. Қ.Р. ТЖМ, Өртке қарсы қызмет бөлімшелеріндегі еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелері сақтау жағдайы


2.3.1 Жалпы ережелер
1.Осы Қазақстан Республикасы ТЖМ-нің өртке қарсы қызмет бөлім-шелеріндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нүсқаулық (бұдан әрі-Нұсқаулық) қызметтік міндеттерін орындау кезінде өртке қарсы қызмет қызмеркерлерінің,тыңдаушыларының,жұмыскерлерінің(бұдан әрі-жеке құрам)денсаулығы қауіпсіздігін және жұмыс қабілетін қамтамасыз ететін жағдайлар жасауға бағытталған іс-шаралар жүйесін анықтайды.
2.Осы Нұсқаулықта мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
Еңбекті қорғау - құқықтық, әлеуметтік - экономикалық, ұйымдастыру-шылық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-алдын алу, оңалту және басқа да іс-шаралар мен құралдарды өамтитын еңбек қызметі үдерісінде жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамаз ету жүйесі;
еңбек қауіпсіздігі - еңбек қызметі үдерісінде жұмыскерлерге зиянды және қауіпті әсер етуін болдырмайтын іс- шаралар кешенімен қамтамасыз етілген жұмыскерлердің қорғалу жай күйі;
жазатайым оқиға-қызметтік міндеттері орындау кезінде қауіпті факторларды адамға әсер ету жағдайы;
өрттің қауіпті факторы-адамның жарақаттануына, улануына және өліміне, сондай-ақ материалдық шығынға әкелетін өрт факторы.
3.МӨҚҚ жүйесінде мынадай нұсқамалар түрлері жүргізіледі:
кіріспе;
жұмыс орнында алғашқы;
қайта;
жоспардан тыс;
мақсатты;
4.МӨҚҚО басшылармен,орта және аға басшы құрамымен қайта нұсқама кемінде жарты жылда бір рет өткізіледі.
Диспетчерлер (радиотелефоншылар) тоқсанына кемінде бір рет осы нұсқаулықты білуіне емтихандар тапсырып, қайта нұсқамадан өтеді.Жеке құрамның осы нұсқаулықтың талаптарын білуін бақылау жыл сайын сынақ тапсыру арқылы жүзеге асырылады.
5.Өткізілген нұсқама мен сынақтар қабылдау туралы нұсқамалар журналында жазба түрде жазылады.
6.Жұмысқа басшылық ету және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жай- күйі үшін жауапкершілік:аумақтық өртке қарсы гарнизондарында-Министрліктің аумақтық органдарының басшыларына; орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінде-оқу орнының,мекеменің бастығына;
-Өртке қарсы қызмет бөлімшелерінде-бөлімшелердің бастықтарына; қарауылдарда-қарауыл бастықтарына; бөлімшелерде-бөлімше командир-леріне;
Өртте жұмыс істегенде-тапсырылған учаскеде жұмыс істеуді қамтамасыз етілген лауазымды тұлғаларға;
Сабақтар,жаттығулар, жарыста өткізу кезінде-сабақтардың, жаттығулардың, жарыстың басшыларына жүктеледі.
7. Өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің бастықтары заңнамада белгіленген тәртіппен өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жеке құрамымен болған жазатайым оқиғаларды дұрыс және дер кезінде тергеу, олар туралы ақпарат беру, жазатайым оқиғаларды есепке алу үшін, сондай-ақ жазатайым оқиғаға әкелген себептерді жою бойынша іс-шараларды уақытылы және сапалы орындамағаны үшін дербес жауап береді.
8.Өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жеке құрамы жеке және қоғамдық гигиена ережесін білууі және қолдануы, өзіне және зардап шекккендерге алғашқы дәрігерге дейінгі көмекті көрсете білу қажет.Денсаулық жағдайын бақылау мақсатында тұтас жеке құрам мерзім сайын жылына бір рет медициналық тексеруден өтуі қажет.
9.Өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жеке құрамына қауіпсіз жұмыс істеу жағдайын жасау үшін қарауыл қызметін өткеру, сабақтармен жаттығу-лар өткізу, өрт сөндіру және олармен байланысты бірінші кезектегі авария-лық-құтқару жұмыстарын ( бұдан әрі- өрт сөндіру) кезінде МӨҚҚО лауа-зымды тұлғалары:
-белгіленген тәртіппен осы нұсқаулықтың талаптарын тиісінше орындау бойынша нұсқама өткізуге;
-қарауыл қызметін өткеруге арнай бастапқы оқудан өтпеген және осы нұсқаулықты білуіне сынақтар тапсырмаған тұлғаларды, сондай- ақ науқастар мен ішімдікке немесе есірткіге мас болған тұлғаларды жібермеуге;
-өрт сөндіру,сабақтар мен жаттығулар өткізу кезінде бөлімшелердің жеке құрамымен іс –қимылын жеке өзі және қарауылдың бастықтары, жауынгерлік учаскелердің (секторлардың) және бөлімшелердің командирлері арқылы үздіксіз бақылау жүргізуге;
-жазатайым оқиғаларды болдырмау бойынша іс-шаралар әзірлеуге және шаралар қабылдауға;
-ұзақ созылған өртте жұмыс істеп жатқан қызметкерлерді дер кезінде алмастыруды, киім-кешекпен және азық-түлікпен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға міндетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет