3.Семей өңіріндегі болған өрттердің сараптамасы
Шығыс Қазақстан облысында соңғы үш жылдың ішінде 6724 өрт тіркелді. Өрттің салдарынан 276 адам қаза тапты. Материалдық шығын 169 млн 348 мың теңгені құрады.
Қарастырылып отырған 4 жылда Семей өңірі бойынша 3654 өрт болып, материалды залал 64 млн. 241 мың теңге құрады. Өрт кезінде қаза болған адамдар саны 84-адамды құрайды.Өткен жылмен салыстырғанда өрт санының,оның залалының және қаза болған адамдар санының азайғаны- 2012 жылдың көрсеткішіне байланысты.
2019-2022 жж. Кезеңі бойынша Семей қаласындағы өрт статистикасы
1-ші кесте
2019
|
2020
|
2021
|
2022
|
657
|
770
|
522
|
353
|
2019
|
2020
|
2021
|
2022
|
15 млн.
447 мың
|
14 млн.
476 мың
|
17млн.
353 мың
|
7млн.
856 мың
|
2019
|
2020
|
2021
|
2022
|
54
|
25
|
36
|
15
|
жыл ішінде болған өрттер саны мен қаза болған адамдар саны төменгідей болып көрінеді: өрт саны соңғы жылы 178 бірлікке төмендеді. Өрт шығыны да 2,5 есеге азайып, адамдардың өлімі де өткен жылмен салыстырғанда 20 бірлікке азайып отыр.
Кестеде көрсетілгендей 2019-2022 жылдар аралығында материалдық залалдың көбейгені байқалады. Ол әрине бағаның жылдан жылға өсуіне байланысты. Ал 2022 жылғы шығынның азайуы өрт санының кемуіне байланысты.
Семей мемлекеттік өртке қарсы қызмет мекемесі Семей қаласымен қоса 14 ауылдық округтың, оның ішінде Қайнар, Чаган, Шульба елді мекендерін өрттен қорғауға міндетті. Бұл өңірде 39 елді мекен, жүздеген өндіріс орындары бар. Семей қаласын өрттен қорғау үшін 4 өрт сөндіру бөлімі, бір бөлек өрт күзет мекемесі және Шульба жеке өрт сөндіру бөлімі жұмыс істейді. Ал айтынған ауылдық елді мекендерді өрттен қорғау Қайнар және Знаменка ауылдарындағы екі өрт күзеті бөлімдерінің құзырында. Елді мекендердің қашық орналасуы өрт дабылын алған кезден бастап өрт ошағына жету уақытының 1,5 сағатқа, кей кезде одан да көп сағатқа созылатынын көрсетеді. Әрине мұндай уақытта өртті тез сөндіру, шығынын азайту туралы айту да қиын.
Достарыңызбен бөлісу: |