Кіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі



бет3/4
Дата19.06.2016
өлшемі491.5 Kb.
#147805
1   2   3   4

ЭКСПЕРИМЕНТ БАҒДАРЛАМАСЫ






Бағдарлама бөлімі
Мазмұны

1

Эксперимент тақырыбы

Болашақ мұғалімдердің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жұмыстарын жүргізу.

2

Тақырыптың көкейтестігі

Болашақ мұғалімдердің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жұмыстарын жүргізудің мазмұны, мақсаты, міндеттері, оны іске асыру жолдары жалпы білім беретін мектептерде әлі де өз деңгейінде зерттеуді қажет өзекті проблемалардың бірі.

3

Нысаны

Болашақ мұғалімдердің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жұмыстары.

4

Пәні

Болашақ мұғалімдердің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыру үрдісі.

5

Мақсаты

Болашақ мұғалімдерді ақпараттық мәдениетің (техникалық құралдар, интернет т.б.) жаңаша жолдарын пайдаланудың төмендеуіне байланысты болашақ мұғалімдер бойына ақпараттық мәдениеті қалыптасырудың маңыздылығын қарастыру.

Болашақ мұғалімдердің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жұмыстарын жетілдіру және бүгінгі таңдағы осалдық жақтарын қарастыру.



6

Міндеті

Болашақ мұғалімдердің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жұмыстарының қазіргі жағдайын зерттеу, жетілдіру жолдарын қарастыру, бағдарламасын жасау және оның тиімділігін тәжірибеде тексеру.

7

Болжам

Егер болашақ мұғалімдердің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру мәселесін бір жүйеге келтіретін болсақ, онда болашақ мұғалімдердің педагогикалық технология қолдану деңгейі жоғарылар еді.

8

Диагностикалық құрылымы

Сауалнама, тест, бақылау

9

Мерзімі

06.02.06 – 05.03.06

10

Кезеңдері

  1. Болашақ мұғалімдердің ақпараттық деңгейін анықтау

  2. Сөйлесу, сұхбаттасу, дәріс беру арқылы болашақ мұғалімдердің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру

11

Кері әсер ететін қорытынды болжам

Болашақ мұғалімдердің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жұмыстарының жүргізілмеу деңгейі.

12

Кері әсер ететін жайларды түзету жолдары

Болашақ мұғалімдердің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жұмыстарын зерттеу, талдау.




  1. кесте - Қалыптастыру экспериментінің нәтижесі (қалыптастырушы кезең % есебімен)





Кезеңдер


Эксперименттік дейін

Эксперименттен кейін

студент

Сұрақ саны

Дұрыс жауап

Жар. дұрыс жауап

Дұрыс емес жауап

Студент

Сұрақ саны

Дұрыс жауап

Жар дұр. жау

Дұр.емес.жау.

1

Бастапқы кезең

75

13







75


113








2

Дамыту кезеңі

75

13







75


113





2

3

Қалыптас

тыру кезеңі


75

13






75


113




2

“Болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру” атты арнаулы курс бағдарламасы бойынша берілген сұрақ-тапсырмалар төмендегідей:

1 Ақпараттық мәдениеттің сипаттарының қалыптасуын қалай түсінеміз?

3 Ақпараттық мәдениеттің қалыптастырудың педагогикалық-психологияның алғышарттары туралы не айтасыз?

4. Ақпараттық мәдениет ұғымын қалай түсінесіз?

5. Болашақта өзіңіздің мұғалімдік қызметіңізді қалай елестетесіз?

Сауалнама жүргізгеннен кейін арнайы курс бағдарламасын дайындап, бағдарлама негізінде қалыптастырушылық эксперимент барысында жұмыстар жүргіздім.

“Болашақ мұғалімнің ақпаратық мәдениетін қалыптастыру жолдары” атты арнаулы курс бағдарламасына барлығы 10 сағат берілген. Бұл бағдарлама негізінде төмендегідей әдіс-тәсілдер қолдандым.

Практикалық сабақтар ретінде шығармашылық тапсырмаларды орындау, сайыс, пікірталас, дөңгелек үстел, дебаттар, танымдық ойындар, КТК (көңілді тапқырлар клубы) кездесу кештері, треинг т.б. формада ұйымдастырылады. Жүргізілу формасына көрнекіліктер, проблемалық ойындар, тестік, видео әдіс, сауалнама, өзіндік шығармашылық жұмыстар т.б. әдіс-тәсілдер қолданылады. Сонымен қатар сыныптан, аудиториядан тыс жұмыстар жүргізілетін арнаулы курс бағдарламасы (1кесте) көрсетілген.
1 кесте Болашақ ұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға арналған арнайы курс бағдарламасы





Тақырыптар

Сағат саны

Ескерту

Теория

Практика

1

“Болашақ мұғалімнің ақпаратық мәдениетін қалыптастыру жолдары ” атты арнаулы курс бағдарламасының мақсаты мен міндеттері

2

-

Арнаулы курс мазмұнын талдау

2

Болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетінің қалыптасуы туралы жалпы ұғым және оның даму жолдары

2

2

Өз бетімен жұмыс-тарды ұйымдастыру

3

Тәрбие сағатын ұйымдастыружүргізілу жолдары мен технологиясын талқылау

2

-




4

Алтын қазан (тәрбие сағаты

2

-







Қорытынды пікір -талас

2




Барлығы 10 сағат



“Алтын қаржы" сабақтан тыс тәрбие жұмысының

жүргізілу сценарийі:


1-ші жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар!

2-ші жүргізуші: Бүгінгі кешке қош келіпсіздер!

1-ші жүргізуші: Жүрекке наз қылықты намысты іліп,

Жатыр ғой білімділер сайыс құрып.

Сәлем бердік қыздардың алқасына

Әділ баға беретін қайыстырып.


2-ші жүргізуші: Армысың асыл менің ұстаздырым

Жырақ кетсем өзіңді бір аңсарым.

Күмән бар ма өзіңнен бастау алған

Жылғалардың жылы өмір жастанарын.


1-ші жүргізуші: Жырмен арайланып таң да атқан

Әнімен қуаттанып күн де батқан

Сәлем бердік саған да қалың қауым

Үлкені мен кішісі екі жақтан.


2-ші жүргізуші: Тәуелсіздік алып қалың қазағым

Құтты болсын алға басқан қадамың

Қанша уақыт тозып сенің табаның

Күлкі кетпей түңілмесін қабағың.


Жүргізушілер ойын шартын түсіндірді.
1-ші жүргізуші: Ойын 3 турдан тұрады.

1-ші турда қоржынға асық салады. Әр топтың мүшелері осы кезде әйгілі адамдардың афоризмдерін немесе көркем сөздерін айтуы тиіс. Қарама-қарсы команда олардың авторларын табуы тиіс. Ескерту: Атақты адамдар көп, сондықтан оларға белгілі бір шек қойылады. Олар антикалық дәуірден болуы тиіс немесе қазақ ойшылдары болуы керек.

2 турда Әр команда мүшелері қоржынна асық ала отырып, оның номеріне сәйкес қарсы команданың мүшесі әр сұраққа жеке жауап береді. Ескерту: заңға қатысты сұрақ белгіленген асық көк түсті болады да, экономикаға қатысты сұрақты білдіретін асық қызыл түсті болуы тиіс.

Негізгі ойыннан тыс командалар арасында шағын ойындар өткізіледі: "Тез жаттаймын", "Журналистер жолға шықты", "Қызға сөз айту" ойыны. "Тез жаттаймын" ойынының шарты: Жүргізуші екі топтан шыққан екі ойыншыға жеке-жеке өлең оқиды. Олар өлеңді дереу жаттап алып, қайталап беруі тиіс.

"Журналистер жолға шықты" ойынның шарты: Әр топтан екі "журналист" шығып, залда отырған көрермендердің біріне кез-келген тақырыпта сұрақ қояды, сөйтіп олар өздерінің шешендік өнерін көрсетеді.

"Қызға сөз айту" ойынның шарты: Әр топтан бір жігіт шақырылады, олар қарсылас топтан бір қызды таңдап оған сөз айтады. Сөз айту процесі 3 минутқа созылуы керек, сөйтіп қатысушылар өздерінің лирикаға қабілетін паш етеді.


Ойынның барысы:

Афаризмдер:



  1. Нашар ұстаз шындықты қайталайды, жақсы ұстаз сол шындықты дәлелдеуге үйретеді. (А.Дистервег)

  2. Ақылмен ұштасқан ерлік ерліксіз жеке ақылдан көрі көбірек көмектеседі. (Л.Вовенарг)

  3. Дүниеде жалғыз қалған адам – адамның өлгені. Қиыншылықты бәрі соның басында. Дүниеде бар жаман да көпте, бірақ қызық та, ерлік те көпте. Бастапқыға кім шыдайды? Соңғыға кім азбайды? (Абай).

  4. Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін ең алдымен азаттық пен білім керек. (Ш.Уалиханов).

  5. өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу – сатқындық белгісі. (Б.Момышұлы).

  6. Алтын басты болсаң да, ардан артық емессің. (Б.Момышұлы).

  7. Сыр түйіні – ақиқат. Ақиқат, шындық - көпке ортақ. (І.Жансүгіров).

  8. Өзіне деген сезім тамаша нәрсе, өйткені ол адамның өз қабілетін сезінгенінің белгісі. (Т.Гоббс).

  9. Жауларын жеңген адам ғана емес, сонымен қатар, өзінің құштарлықтарына билігін жүргізген адам да ер. (Демокрит)

  10. Жаңа достар тапсаң да, ескі достарыңды ұмытпа. (Эразм Роттердамский)

  11. Жамаан дос – көлеңке басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт алса, іздеп таба алмайсың. (Абай).

  12. Ақылмен жас толысқан жағдайда ғана достық берік бола алады. (Абай).

  13. Тәрбиелі – тәртіптің құлы, тәртіпті елдің ұлы. (Б.Момышұлы)

  14. Көндіре алатын күші болмасаң, заң болудан қалады. (Дж.Галифакс).

  15. Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды. (Б.Момышұлы).

  16. Заң таңертең де кеште де баяғы бір заң. (Дж.Герберт).

Қалыптастырушы эксперимент барысында бірнеше тәрбиелік іс-шаралармен, дөңгелек үстел, дебат ұйымдастырдым.

  1. Заң өз күшінен айрылған жерден жауыздық басталды. (Питт).

  2. Егер заңға тіл бітсе, ол ең алдымен заңшыларды айыптар еді-ау. (Дж. Галифакс).

  3. Заң адымды бағындырады, заңды ақыл бағындырады. (Т.Фуллер).

  4. Жазалауға қарағанда көшіру күштінің қасиеті. (М.Ганди).

Сұрақтар


  1. Қазақстанда "Азия дауысы" байқауы қанша рет өткізілді? – (12)

  2. Ораздан кейін қандай діни мейрамдар бар? (Ораза айт, Құрбан айт)

  3. Қазақстан республикасының Премьер Министрлерін атап шығыңыздар. – (С.Трещенко, Ә.Қажыгелдин, Н.Балаубаев, Қ.Тоқаев)

  4. Қазақстан тәуелсіздігін бірінші болып мойындаған ел – (Туркия)

  5. Нобель сыйлығы кімдерге берілмейді? – (матемитиктерге)

  6. Қазақстаннан шыққан тұңғыш олимпида чемпионы – (Үшкерімпов, күрестен Москва 1980ж.)

  7. Нотаны алғаш түсіндірген шығыс ғұламасы – (Аль-Фараби)

  8. Шахмат ойынның отаны – (Үндістан)

  9. Алматы қаласының қай театры бастапқы кезде Қызыл-Ордада ашылды? – (Әуезов атындағы Драма театры)

  10. Қазақстанның ұлттық би өнерінң жұлдызы – (Ш.Жиенқұлова)

  11. "Балалық шаққа саяхат" кітабының авторы – (С.Соқпақпаев)

  12. Студенттер сарайының құрылысы қай жылы басталды? – (1970).

Педагогика, психология ғылымдарының зерттеулері бойынша болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға қойылатын негізгі талаптар: материалдық, қоғамдық, қоғамдық саяси, кәсіптік, оқырмандық, спорттық, танымдық және т.б. Бұл қасиеттер туа бітпейді. Оның бірі оқытушының өзін-өзі жетілдіру жолындағы жүйелі іс-әрекетінің, талмас еңбегінің арқасында келеді. Оқушылар, студенттер көп ал олардың ішінде таланттылар мен қабілеттілер кездеседі. Оқытушылар оқушыларға сабақтан тыс әртүрлі тәрбие жұмыстарын жүргізу арқылы болашақ мұғалімнің адами қасиеттерін дамытып, ақпараттық мәдениетін арттыру үшін қызмет жасайды. Ал, оқушыларға қойылатын талаптарға: әртістік, шеберлік, жақсы талғам және көтеріңкі көңіл күй жатады. Тәрбие сағатын ұйымдастыру барысында Республикамыздың тыныс тіршілігін яғни, студенттердің осы елдің азаматы ретінде елдің қызметкері, тұрғыны, туған елді өркендетуші екенін түсіндіре отырып, бүгінгі азаматтардың бойында адами қасиеттерді, өнегелі, мәдениетті қарым-қатынасты игеруге мүмкіндік болды. әрі өз ұлтының атадан балаға жалғасқан салт-дәстүрін, рәзімін, ұлттық ерекшеліктерімізбен хабар ете отырып, олардың танымдық қабілеттерінің кеңейгені байқалды.

Олай деу себебіміз, сабақты қортындылау барысында сұрақтарға студенттер толық және нақты жауаптар берді және осы тақырыпқа орай өздерінің ой-толғаныстарын ортаға салып, өзіндік пікір білдірді. Сабақты қортындылау мақсатында “Еліміздегі экологиялық мәселелер”, “Ауылды көтеру мәселелері”, “Табиғатты аялайық” т.б. сияқты кішігірім сурет салу, әңгімелер жазғызу арқылы шығырмашылық қабілеттерін аңғардық. Мәселен, тарих факультетінің студенті Сулейменов Асан “Кең байтақ Қазақстаным” тақырыбында салған суретінде: “Жер шарына – нұр шашқан” ұстаз бейнесін келтірген. Сондай-ақ “Егеменді елім-ай” дегендей туған еліміздің жойылып бара жатқан мәселелері жөнінде, ертеңгі еліміздің болашағы өз қолымызда екендігін дәлелдейді. Қорыта келгенде, әр елдің дамуы үшін қоғамда әр отбасы мүшесі өзара қарым-қатынысты өзді-өзі орнына пәлсапалық тұрғыда мән беріп, түсіне білсе еліміздің проблемалары азаяр еді.

Ал, “Мұғалім бейнесі”, “Мұғалім қызыметі” тақырыбына жазылған шағын шығармаларынан үзінді келтірер болсақ: студенттері Қашағанов Нарбол, Ағыман Балауса, ­тепбергенова Айжан, Сарбала Айнұр т.б. заманннан заман өткенімен күн тәртібінен түспей келе жатқан мәселе - жеке адамның қалыптасуындағы оқыту мен білім беру және оның атқаратын ролі. Білім – оқытудың нәтижесі болса, оқыту – білім берудің негізі болып табылады. Тәрбие мен білімді бойымызға дарыптар бірде-бір адам - ұстаз.

Ұстаз - өмірдің бағдаршамы. Олай болса, бүгінде университет аудиториясында отырған студент, ертеңгі бала тәрбиесімен айналысатын, бала жүрегінен орын алатын тәрбиеші, мұғалім, кәсіп иесі.

Мұғалім мамандығы әрі қиын, әрі қадірлі мамандықтардың бірі. Студенттермен “Мұғалім қызметі”, “Мұғалім бейнесі” атты тақырыпта пікір алысу шығармашылық кеші жүргізілді т.б. тәрбиелік іс-шаралар арқылы болашақ мұғалімдердің ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға өзіндік аздап үлес қосылды деп ойлаймыз.

ҚОРЫТЫНДЫ
Біз зерттеуімізге нысана етіп алған, болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру мәселесін зерттей келе төмендегідей қорытындыға келдік:

Философиялық, психологиялық еңбектерге сүйене отырып, болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетінің мәні мен оның қазіргі кезеңдегі орнын айқындап, тәрбие жұмыстардағы мүмкіндіктерді анықтадық;

Педагогикалық ғылымда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында В.П. Тихомиров, А.П. Ершов, М.П. Лапчик, А.А. Кузнецов, Д.Ш. Матрос т.б. ғалымдар қарастырса, отандық ғалымдардан Е.Ы. бидайбеков, Ж.А. Қарайов, Б.А. Қойшыбаев айналысса, электронды-педагогикалық оқулықтар мен жүйелерді жасауда Г.К. Нұрғалиева, С.С. Құнанбаева, М.К. Қойкелдиев, М.Х. Балтабаев, Г.Б. Ахметова т.б. ғалымдарымыз зерттесе, оқу процесі мен ұйымдастыру құрылымына жаңа ақпараттық технологияларды комплекстеуді интеграциялау арқылы енгізу мәселесімен Б.Б. Бөрібаев, Д.М. Джусубалиева,и А.М. Татенов, Е.Г. Гаевская және т.б. ғалымдар зерделеп өзіндік тұжырымдама жасады.

Біз зерттеуімізге нысана етіп алған болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру мәселесі бойынша біршама жұмыстар жасалды. Алғашқы бақылауымыз барысында берттеушілердің бос уақытын қалай өткізетіндеріне мән бермейтіндігін, университет көлемінде алғашқы курс студенттерімен тәрбиелік жұмыстардың аз жүргізілетініне көз жеткіздік;

Болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру мақсатында сабақтан тыс уақытта жүргізілетін материалдарға талдау жасалып, олар жаңашыл материалдармен толықтырылып, танымдық ойындар топтастырылып, жүйеге келтірілді. Танымдық ойындарды кез келген пәнді оқытуда сабақтан тыс уақытта пайдалануға болатындығы анықталды.

Дөңгелек стол сұхбаттасу, әңгімелесу, пікір алысу, сауал-сұрақтар үлестіру арқылы оқушылармен сабақтан тыс уақытта танымдық ойындар, қызықты материалдар пайдаланып, тәрбие жұмыстары жүргізілгеннен кейін білімге құштарлығы, ізденушілік қабілеттерінің деңгейі көтерілгеннін, пәндер бойынша үлгерім нәтижесінің арқандығы анықталды.

Сабақтан және сабақтан тыс уақытта жүргізілген танымдық материалдар мен ойындардың жүргізілуі болашақ мұғалімдердің ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға ықпалын тигізері сөзсіз. эксперименттік сынақтан өткізіліп, соның нәтижесінде сапалық және сандық талдау жасалды.

Сондай-ақ, отандық зиялы қауымның педагогикалық көзқарастарының көзқарастарының негізгі идеясы оқушылардың болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру мақсатында тәрбие үрдісіндегі сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мәселелерін мысалдар келтіре отырып дәлелдедік.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы /Егемен Қазақстан, 1999, 1 маусым.

2. Қазақстан Республикасы азамат тарихының жаңа әлеуметтік-экономикалық мінез-құлқын қалыптастыру тұжырымдамасы. –Алматы: Қазақстан, 1999. –40 б.



  1. Қазақстан Республикасы этникалық-мәдени білім беру тұжырымдамасы. /Егемен Қазақстан, 7 тамыз, 1996

  2. Педагогика негіздері Алматы, 2005 ж

  3. Жаңа педагогикалық технологиялар (оқу құралы) Алматы, 2006

  4. Серікқалиұлы З. Дүниетану даналығы. Ғылыми және көркемдік таным ерекшеліктері. Алматы: Білім, 1994, 224 б.

7. Баширова Ж.Р., Төлешова Ұ.Б. Педагогикалық технологиялар арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Оқу-әдістемелік құрал. Алматы, 2003, 60 б.

8. Абдімәжитов К. Педагогикалық практика кезінде студенттерді тәрбие жұмысына даярлау (Ауыл мектептерінің тәжірибесінен). Алматы, 1996, 76 б.

9. Мектепте қазақ әдебиетінен шығарма жаздыру методикасы-Алматы, 1988, 32 б.

10. Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. Алматы, 2002, 180 б.

11. Баширова Ж.Р. Методологические аспекты преемственности в системе непрерывного образования //ҚазҰУ хабаршысы. Педагогика ғылымы сериясы, №4. С. 33-39

12. Ахметова Г.К. Біліктілік бастауы немесе педагогикалық жолдары оқу орындарында бірінші курс студенттерінің өздігінен жұмыс істеуін ұйымдастыру мәселесі // Қазақстан мектебі, 1998, №1, Б. 31

13. Айтмамбетова Б.Р. Педагогтық институтта студенттердің мұғалімдік мамандыққа қызығуын қалыптастыру. пед.ғыл.канд.дис.автореф., Алматы, 1970, Б.26

14. Амантурмин Ш. Мұғалім және оқу тәрбие жұмысы (әдістемелік нұсқау), Алматы, 1978, Б. 73

15. Таубаева Ш.Т. Исследовательская культура учителя: от теории к практике.-Алматы, 2001

16. Крутецкий В.А. Основы педагогической психологии. М.: Просвещение, 1972.-255с.

17. Кудайкулов М.А. Дидактические проблемы формирования основ профессионально-методических умений у будущего учителя (на материалах системы частно-методических дисциплин и педагогической практики студентов-физиков педагогических институтов): Дис. докт. пед. наук. Алма-Ата, 1975, 453 с.

18. Беспалько В.П. Слагаемые педагоггической технологии.- М “педагогика ”, 1998

19. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. Учебник. СПб.,1960, 500 с.


  1. Джусубалиева Д.М. Формирование информационной

культуры студентов в условияхм дистанционного обучения.

Алматы, 1997

21. Крутецкий В.А. Основы педагогической психологии. М.: Просвещение, 1972.-255с.

22. Кудайкулов М.А. Дидактические проблемы формирования основ профессионально-методических умений у будущего учителя (на материалах системы частно-методических дисциплин и педагогической практики студентов-физиков педагогических институтов): Дис. докт. пед. наук. Алма-Ата, 1975, 453 с.



  1. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. Учебник. СПб.,1960, 500 с.

ҚОСЫМША
Тәрбие сағатының тақырыбы: Үлкенге сый-құрмет, кішіге жол көрсет.



Тәрбие сағатының мақсаты: оқушылардың әдепті, кішіпейіл болуға тәрбиелеу.

Тәрбие сағатын өтерде, алдымен сабақтың тақырыбын плакатқа көркемдеп жазып, тақтаның жоғары жағына іліп қою керек. Екі фотомонтаж дайындалады. Бірі - "жақсыдан үйрен", екіншісі "жманнан жирен".

Ақ көңілді жақсыдан

Аянбай салыс ортаға.

Ақылы, ары тапшыдан,

Қу сөзін алма қолқаға /Абай/

деген нақыл сөздер жазылып қабырғаға ілінеді.

Тәрбие сағаты мынадай тәртіппен өтеді:



  1. Тақырыппен танысу

  2. Оқушыларға келтірілген мысалдан қорытынды шығарту

  3. Амандасу тәртіптері жөнінде әңгімелесу

  4. Плакаттар бойынша сөйлету

  5. Диафильм көрсету, ол туралы пікірлесу

Тәрбие сағаты әңгімелесу, пікір алысу түрінде өтеді.

Сынып жетекшісі: Балалар үлкенге сый құрмет, кішіге жол көрсет дегенді қалай түсінесіңдер?

1-оқушы. Ол үлкенді сыйлай білу, кішілерге үлгі-өнеге беру деген ұғымды білдіреді.

2-оқушы. "Үлкендерге сый-құрмет" дегенде кішіпейіл, әдепті, сыпайы болу деген ұғым бар.

Сынып жетекшісі: Қане, балалар, осы тақырып төңірегінде пікір алысайық. Өмірлеріңде тақырып шеңберінде қандай жағдайлармен кездестіңдер? Көрген кино, оқыған кітаптарыңнан мысал алуға болады. Егер қанатты сөздер алсаңдар тіпті жақсы.

3-оқушы. Қоғамда өмір сүрген адамдар үшін жалпыға бірдей тәртіп ережелері болады.

4-оқушы. Адам баласы жолдастармен, туыстармен қарым-қатынас жасағанда, оның таныс, таныс еместігіне, алыс-жақындығына, үлкен-кішілігіне, қызмет дәрежесіне қарамай кішіпейіл, әдепті болу керек. Бұл – адамгершілік борыш.

Сынып жетекшісі: Кішіпейілдік, сыпайыгершілікке байланыста қандай мақалдарды білесіңдер?

5-оқушы. "Сыйға сый, сыраға бал"

6-оқушы. "Сыйлай білсең, сыйланарсың"

7-оқушы. "Кішіпейілдік – кішінің көркі"

8-оқушы "Кішіпейілдікпен кішіреймейсің" т.б.

Сынып жетекшісі: Бұл мысалдардан қандай қорытынды шығарасыңдар?

9-оқушы. Адамдар бірін-бірі сыйлай білулері керек. Сонда ғана оны балалар сыйлайды.

10-оқушы. Адамдар байқағыш, сезімтал, көреген болуы керек. Егер біз өз жеке басымызды ғана ойлайтын жаман қасиеттерімізді тастай алмасақ, бұл әдет бірте-бірте сыйлай білмеушілікке әкеп соғады. Бұдан шығатын қорытынды: мәдениетті болудың алғашқы қадамы – басқаны сыйлай білу.

11-оқушы. Ұлы істердің қандайы болмасын кішіпейілділіктен басталады. Сондықтан әркім өзінен кішілердің мінезі кішкентайынан дұрыс қалыптасуына қамқорлық жасап, оларға жол көрсете білуі керек.

Сынып жетекшісі: Кішілерге жол көрсетуді қалай түсінесіңдер?

12-оқушы. Олар кішілерге ақыл айтып, ағалық қамқорлық жасауы керек. Кішілерге жол көрсету үшін үлкендердің өзі қандай болуы керек?

13-оқушы. Үлкендердің өз басында олқылық болмауы керек. Жоғары сынып оқушыларының ішінде бас киімдерін коридорда киіп жүруі немесе қоңырау арасында алысып ойнау сияқты кемшіліктер кездеседі. Оны көрген кішкене балалар: "Е, ағаларымыз не істесе, бізде соны істейік" деген ойда болып теріс қорытынды шығаруы да мүмкін.

Сынып жетекшісі: Балалар, сәлемдесуге байланысты қандай сөздер білесіздер?

14-оқушы. Сәлеметсіз бе? Аман-есенсіздер ме?

Сынып жетекшісі: Жастар үлкендермен қалай амандасады?

15-оқушы. Үлкендерге жастар бірінші болып амандасады. Қол алысып амандасқанда, қолғапты шешу керек.

16-оқушы. Үлкендерге бұрын сәлем беру керек. Сәлемдесуден қашу немесе көрген адамды көрмеген болып өтіп кету - өрескел қылық.

17- оқушы. Амандасқанда, ұл балалар бас киімін шешуі керек. Егер таныс адамың алыстау тұрса, оған "Сәлеметсіз бе?" деп айқайлаудың қажеті жоқ. Егер ол сені көрсе, басыңды иіп амандас. (сәлемдес)

18-оқушы. Үлкендермен, қыздармен сөйлескенде, түзу тұрып, дұрыс жауап беру керек. Екі қолды қалтаға салып шіреніп тұру дұрыс емес, ол – сыйламаушылықтың белгісі.

19-оқушы. Қалыптан тыс айқайлап сөйлеу ұят болып есептеледі. Дауысты көтермей әдеппен сөйлеу керек.

20-оқушы. Көшеде келе жатқан қарт әже қолындағы затын байқаусызда жерге түсіріп алса, әдепті бала оны жерденалып береді де, ауыр нәрсе көтеріп келе жатса, оны көтеріседі. Баланың мұндай қылығына қарт риза болып, алғыс айтады. Оны өз баларына басқаларға үлгі етіп айтып жүреді. Жақсы қарым-қатынас кімді де болса сүйсіндіреді, жаман қарым-қатынас қынжылтады.

21-оқушы. Алғыс – ақ тілек, ізгі ниет. Алғыс – адам сөзі, оны тартып та,сатып та алуға болмайды. Оған адам өзінің сыпайы мінез қызыметімен, қоғамға келтірген ерен еңбегімен ғана ие бола алады. "Алғыспен ер көгерер, жаңбырмен жер көгерер" дейді халық.

22-оқушы. Алғыс- асыл сезім. Оны ашып айтпай-ақ көңілмен де білдіруге болады.

23-оқушы. Алғыстың өзі сыйластықтан туындайды. Ал сыйластық - біздің қоғамымызға тән қасиет. Дәл осындай ұлы ортада өмір сүріп отырған адамдар бірін-бірі сыйлап, біріне-бірі көмекке келіп, ал алғысын айтып отыратындары сөзсіз.

Сынып жетекшісі: Қыздар ұлдардан гөрі, ал төменгі сынып оқушылары сендерден гөрі әлсіз болады. Сондықтан ұлдар үнемі қыздарға, жоғары сынып оқушылары төменгі сынып оқушыларына қамқолық жасаулары, көмектесулері керек. Ол қандай көмек?

24-оқушы. Трамвай, троллейбус, автобустарға кірерде қарттарды, кішкене баларды, қыздарды бұрын кіргізуі керек.

25-оқушы. Түргеп тұрған үлкендерге өз орнын босатып беру - әдепті оқушының міндеті.

26-оқушы. Өз айналасындағыларға құрметпен қарым-қатынас жасау адамның жеке басының беделін түсірмейді. Шамадан тыс еңбекті де қажет етпейді. Ол әбден әдетке айналған соң, ешқандай жақсы әсер етуді ойламастан-ақ өзінен-өзі жүргізіле беретін болады.

Сынып жетекшісі: Сыпйышылық, әдептілік адамда жас кезінен бастап қалыптасады, сондықтан сендер алдымен өз бастарыңа осы міндеттердің толық қалыптасуына талаптануларың керек. Ол үшін әр істеріңе байланысты "мен дұрыс істедім бе, әлде бұрыс істедім бе?" деп сұрақ қойып, жауап беруге тырысыңдар. Әр істі осылай талдап, қатесі болса түзеп, дұрысын одан әрі шыңдай беру қажет. Сонда ған сендер үлкендерге сый-құрмет, кішілерге жол көрсете аласыңдар.

Соңынан баларға тәртіп ережесіне арналған "әдепті бол" диафильмі көрсетіледі.

ҚОСЫМША Б


Ата-бабаларымыз ежелден үш нәрсені бойтұмардай қасиет тұтып, қадірлеп өткен. Ол - ел, жер және тіл. Ана тілі - әр халықтың төл белгісі. Адам білімді, тәлім-тәрбиені тіл арқылы алады, тілдің танымдық қызығушылықты қалыптастырудағы ролі, мәдениетті, өнерді, ғылымды, салт-дәстүрімізді тіл арқылы үйренеді. Оның құдіретті, қасиеті туралы ақын толғаулары өте көп. Мысалы, Аян Нысаналин ағамыз: «Ана тілі деп атаудың себебі

Анасындай қастерлесін дегені,

Өз анасын сыйлайтұғын әр адам

Өз тілін де құрмет тұтып келеді - дейді.

Бауыржан Момышұлы атамыз: «Тілін білмеген - түбін білмейдің - деген. Шынында тілін білмеген адам өз халқының тарихын, дәстүрін, мәдениетін өз тілінде сезініп, терең бойлай алмаса, ол қасірет емес пе?. Осындай ата-бабамыздан қалған асыл қазынаны өз ана тілінде игерсе, одан артық бақыт жоқ емес пе?- деп ойлай отырып, жүргізетін кештің үлгісі көрсетілген. "Ана тілін ардақтайық" тақырыбында жүргізетін кеш.

Кеш басқарушы оқушы:


  • Ұстаздар мен балалар!

Ағалар мен апалар

Ұрпақтарға келесі

Сыйлығы көп бересі ...

Танысыңдар досыммен!

Достасыңдар осымен

Аттанғанда бүгін мен -

Ана тілін таныңдар

Ақыл, білім алыңдар!

Жақсы достар, келіңдер,

Тамашаны көріңдер

Төрімізде орын бар

Құтты мейман болыңдар!- демекші, . "Ана тілін ардақтайық" атты кешімізді ашуға рұқсат етіңіздер. Оқушылар сахнаға шығып келіп тұрады.



Бастаушы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет