Кіріспе Зерттеу тақырыбының өзектілігі



бет21/23
Дата03.01.2022
өлшемі0.77 Mb.
#450773
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Ағыраев М.М.

Қорытынды

Халықты әлеуметтік қорғаудың жағдайы және жетілдіру бағыттары мен күшейту мәселелерін талдап, зерттеу барысында Республикалық және аймақтық деңгейіндегі ерекшеліктерді ескере отырып келесідей қорытындылар мен ұсыныстар жасалды.

Қорытындылай келе, өркендеген елдердегі әлеуметтік мемлекеттің құрылуы мемлекеттік құрылыстағы жаңа қадам деп тұжырымдауымызға болады. Әлеуметтік мемлекет жоғарыда айтқанымыздай - өз азаматтарының өмір сүруіне лайықты жағдаймен қамтамасыз етуге, әлеуметтік жағдайының қорғалуына, материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға, өндірісті басқаруға, қоғам мен мемлекет іске араластыруға ұмтылатын мемлекет. Бұл мәселе – жағдайы нашар қамтамасыз етілген топтың пайдасына ұлттық табыстың қайта бөлудің көмегімен, халықты жұмыспен қамтамасыз ету, еңбекті қорғау, білім алу, денсаулық сақтауды, бүкіл қоғамның мәдениетін, т.б. дамыту саясатын жүргізуді жүзеге асыру барысында кол жетіп, орындалады. Әлеуметтік мемлекет қоғамдағы экономикалық, әлеуметтік және т.б. теңсіздіктерді бәсеңдетуге, жуып-шаюға бар күш-жігерін жұмсайды.

Алға қойылған мiндеттердi iске асыру үшiн мынадай мiндеттердi шешу қажет:

- әлеуметтiк көмек көрсетудiң атаулы сипатын күшейту;

- аз қамтылған халықтың еңбекке қабiлеттi бөлiгiнiң кедейшiлiгiн белсенді еңсерудің нақты тетіктерін пайдалану.

Лайықты еңбек мүмкiндiктерiн кеңейту, икемдi еңбек нарығын арттыру мақсатында:

- өңiрлiк орталықтарда өндiрiстi оңтайлы орналастыру, салалардың кластерлiк дамуы, экономиканың шикiзаттық емес секторын дамыту негiзiнде жұмыс орындарын құруды;

- кәсiби оқыту жұмыс берушiлердiң персоналды iшкi өндiрiстiк оқытуды, кадрларды кәсiби даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастыруда қатысуын ынталандыру арқылы жұмыс күшiнiң кәсiби-бiлiктiлiк деңгейiн арттыруды;

- жұмыссыздардың еңбек нарығында бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру бойынша тиiмдi әлеуметтiк қолдау көрсетудi көздейтiн жүйелiшаралар қабылданатын болады

Жастардың кәсiби бiлiм алуына, жеке кәсiп ашуына, жастарды шағын және орта бизнес саласына тартуға арналған кредит беру және гранттар бөлу бағдарламасын iске асыру арқылы оларды жұмыспен қамтудың белсендi саясатын жүргiзу жөнiнде шаралар қабылданатын болады.

Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін міндеттердің болғандығы орынды. Дегенмен де дамып келе жетқан Қазақстан алдында әлеуметтік қорғау жүйесінде орын алған мәселелер жеткілікті:



  1. Қазіргі кезде экономикалық табиғи ресурстарға байланысты.Бұл әлемдік сұраныстың құбылмалығына бағынышты. Мұнай саласына байланысты жұмыссыздықтың өсуіне, яғни отандық жұмысшыларға сұраныстың болмауы, бұл өз деңгейінде кедейліктің азаюына алып келмейді.

  2. Адамдық капиталға инвестициялық құралдардың жетіспеуі. Денсаулықты сақтау, білім беру және әлеуметтік активті адамдар жаңа глобальды экономикада бәсекегеқабілетті бола алмайды.

  3. Демографиялық тенденция елеміздегі ең маңызды мәселелердің бірі халықтың санын көбейту ең басты мақсат болып табылады.

  4. Қазақстанда кедейліктен зардап шегіп отырған бұл-экологиялық аспектілерді басқару болып табылады, экологиялық қасіреттер (Арал теңізі, Семей ж.т.б) бұл денсаулықты сақтауда ішкі көші-қон мәселесі және аймақтық теңсіздіктің өсуіне алып келеді.

  5. Соңғы жылдары тұрақты экономикалық өсім болған жағдайда да ЖІӨ әлеуметтік салаға шығындардың үлесін қысқартып отыр. Әлеуметтік саланы «2030 және 2010» стратегияға байланысты бюджетті дамытуға бағытталуы керек. Денсаулықты сақтау және білім беруде қажетті инвестиция тартуды басқару ресурстарды сонымен бірге халықтың кедей топтарының азаюы орын алуы керек.

  6. Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз қорғалған топтары Үкімет тарапынан ерекше назар аударуды талап етеді. Егер өз уақытында шара қолданбаса, ұзақ мерзімді кедейлікті азайта алмайды.

Әлемдік дағдарыстың шарпуына қарамай, еліміздің қарқынды дамуы өткен жылы сыр берген жоқ. Қай салада да өсіп - өркендеу айқын байқалады. Әр жыл сайынғы халыққа Жолдауында әлеуметтің әлеуетін арттыру жөніндегі Президенттің нақты тапсырмалары жоғарыдағыдай шешімін тауып, халықтың тұрмыс-тіршілігін, күнкөріс қарекетін жақсартуға септігін тигізіп келеді. Осыған байланысты жасалып жатқан іс-шаралар оң шешімін табады деп айтуға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет