Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси және экономикалық өмірінде әлеуметтік саланы өзгерткен мәнді өзгерістер болды. Аталмыш жаңа экономикалық жүйеде халықтың әлеуметтік деңгейін көтерілуі ұлттық экономиканың тиімділігі мен өсуін қамтамасыз ететін басты фактор болып саналады.
Н.Ә.Назарбаев 2018 жылғы халыққа жолдауында ұлттың саулығына ерекше көңіл бөліп ерекше атады [1].
Әлеуметтік жағдайы бар әлемнің көптеген елдері сияқты Қазақстан да БҰҰ мыңжылдық Деклорациясына қол қойды және сол арқылы мыңжылдық табалдырығындағы даму саласындағы БҰҰ Мақсаттарын орындауға міндеттеме алды.
Әлеуметтік мемлекеттің басты мақсаты - әлеуметтік нарықтық шаруашылықты құру, ол экономикалық және қоғамдық дамуының өз кезегінде нарықты өзін-өзі реттеу мен мемлекеттік араласу, шаруашылық еркіндігі мен мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктер арасындағы балансты табады. Бұл үшін экономикалық, қаржылық және әлеуметтік саясаттарды үйлесімді байланыстыру қажет.
Мемлекеттің барлық іс-әрекеттері – салықтар, жәрдем қаржылары, демеу қаржылары, бюджеттік ақша-несие саясаты, зейнетақымен қамтамасыз ету және тағы басқа адамзат дамуына ықпалын тигізеді. Сондықтан дамудың әр түрлі деңгейінде мемлекет халықты толғандырған мәселелерден тыс қала алмайды және қалуға тиіс емес. Мемлекеттің бұл ролі әлеуметтік саясат пен әлеуметтік салаға қатысты түрлі бағдарламалардың қабылданып, жүзеге асырылуынан көрінеді.
«Қазақстан өз азаматтарына өмірдің жоғары стандарттарын жасай отыра, әлемнің тиімді дамып келе жатқан елдерінің қатарына енуі тиіс. Біз бұған халқымыз бен экономикамыз бәсекеге қабілетті болған жағдайда қол жеткіземіз» - деп Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауында анықталған болатын[2].
Әлеуметтік бағытталған нарықтық экономиканы құру тиімді әлеуметтік саясатты жүзеге асыруға қатысты.Әлеуметтік қорғау жүйесін құру – әлеуметтік саясаттың негізгі функцияларының бірі болып табылады.
Қазіргі жағдайда халықты әлеуметтік қолдаудың жаңа ұйымдық құқықтық формаларын дамыту қажет.Халықты әлеуметтік қорғау конституция шегінде қоғамның өз азаматтары алдындағы белгілі міндеттері ретінде анықталады. Әлеуметтік қорғау жүйесі осы міндеттерді орындауға бағытталған шаралар жүйесі болып табылады.
Тұрғындардың өндіріс, үлестіру, ауыстыру мен тұтыну саласындағы негізгі құқықтарын жүзеге асыру, нарықтық экономика жағдайында оның тәуекелділігін төмендету экономика саласындағы әлеуметтік саясаттың негізі болып табылатын әлеуметтік қорғау жүйесіне байланысты. Қазақстанда экономикалық реформалар жүргізу кезінде экономиканы дамыту және тұрғындарды әлеуметтік қорғау арасында байланысты нығайтуға сұраныс өсті.
Қазіргі кезде дамудың әлеуметтік бағытын көптеген елдер өз құқықтық-нормативтік құжаттарында заңды түрде бекітті. Ол мемлекеттер әлеуметтік саясатты жүзеге асыруға, оның ішінде: азаматтардың жұмыспен қамтамасыз етілуіне қамқорлық көрсетеді, денсаулық сақтау мен білім жүйелерін қол жетерліктей жүйеге келтіруге, тұрғындардың аз қамтылған бөлігіне әлеуметтік қолдау құрылымын дамытуға, кедейшілікпен және қылмыскерлікпен күресуге, қоғамдық – саяси және де ұлтаралық келіспеушіліктерге жол бермеуге ұмтылады.
Қазақстан Республикасы бірінші орынға адам факторын, тұрғындардың жағдайын, адамдар денсаулығын, жанұяға қамқорлығын қоя отырып, әлеуметтік – бағытталған экономика құруға ұмтылады. Осы аталғандардың барлығы мемлекет Констиутциясында былай деп айтылған: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық және де әлеуметтік мемлекет деп бекітеді».
Елбасымыз өзінің 2017 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында айтқандай: «Мемлекет тарапынан халықты әлеуметтік қолдау ол нысаналы әрі атаулы сипат алған жағдайда ғана нәтижелі болады[3]. Мемлекет қоғамның осындай көмекке шынында зәру мүшелерін қолдауға міндетті және сол үшін жауапкершілікті іс жүзінде өзіне алып отыр, олар, ең алдымен: балалар, көп балалы аналар, ардагерлер, мүгедектер. Ең пәрменді әлеуметтік саясат өнімді еңбекке ынталандыру және жаңа жұмыс орындарын жасақтау болып келді, әрі солай болып қала береді. Біз, ең алдымен, қандай да бір себептермен жұмысынан айрылып қалған адамдардың еңбекке оралуына нақты мүмкіндіктер туғызуымыз, олардың жаңа мамандық алуына жағдай жасауымыз керек. Сонымен қатар жастар ортасында жұмысшы мамандықтарының, әсіресе өнеркәсіптегі мамандықтың беделін асырып, кеңінен насихаттауды қайтадан қолға алуымыз қажет».
Достарыңызбен бөлісу: |