Кіріспе Зерттеу тақырыбының өзектілігі


Әлеуметтік қорғаудың үлгілері



бет5/23
Дата03.01.2022
өлшемі0.77 Mb.
#450773
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Ағыраев М.М.

Әлеуметтік қорғаудың үлгілері:

  • Неміс үлгісі — адам өзінің белсенді шағында төлеген ақшадан аударылымына сәйкес әлеуметтік құқығы қамтамасыз етіледі. Мүмкіндігі шектеулі отбасыларының барлығына арналған түрлі мемлекеттік бағдарламалар бар;

  • Ағылшын үлгісі – қандай да бір санатқа жатсын, жатпасын, әлеуметтік жәрдемнің минимум өлшемі қарастырылған.

Кейде әлеуметтік қорғауды тым тар ұғымда түсінеді: белгілі бір кірісі бар тұрғындар белгілі себептермен өзін-өзі асырай алмаған жағдайда деп түсінеді: жұмыссыздар, мүгедектер, ауыр науқастар, жетімдер, қариялар, жалғызбасты аналар, көпбалалы отбасылар. Қандай жағдай болмасын, әлеуметтік қорғаудың басты қағидалары — адамгершілік, адрестілік, кешенділік, жеке тұлғаның құқығын, бостандығын сақтау болып табылады.

Әлеуметтік қорғаудың негізгі үш түрі: әлеуметтік қамтамасыз ету, әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік көмек.

Әлеуметтік қамсыздандыру — мемлекеттің әлеуметтік саясатын білдірудің түрі. Ол мемлекеттік бюджет қаражатымен белгілі бір санаттағы азаматтарды материалдық қамсыздандыруға және азаматтық әлеуметтік ахуалын басқа қоғам мүшесімен теңдестіру мақсатында  мемлекет тарапынан елеулі оқиға (оның даму кезеңінде) болып табылған жағдай туындағанда бюджеттен тыс арнайы қорлардан қаражат бөлуге бағытталған.

Әлеуметтік кепілдіктер -азаматтарға ұсынылатын әлеуметтік игіліктер және көрсетілетін қызметтер, яғни  тексеру қажеттілігі мен еңбек салымының есебінсіз, бөлу қағидасы негізінде, қолда бар қоғамдық игіліктерді мұқтаждығы бойынша үлестіру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет