Кіріспе. Зерттеудің көкейкестілігі


тәжірибелік эксперименталды бөлім



бет4/9
Дата31.05.2022
өлшемі203.03 Kb.
#458828
1   2   3   4   5   6   7   8   9
kazedu 201491-1

3 тәжірибелік эксперименталды бөлім
Тәжірибелік – эксперименталды бөлім Семей қаласының, №38 жалпы орта білім беретін мектеп – лицейінің, 2 «Д» және 2 «Ә» сыныптарында өтті.
Тәжірибелік – эксперименталды бөлімнің мақсаты: Кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын анықтау.
Тәжірибелік – эксперименталды бөлім 3 кезеңнен тұрады:

  1. анықтау кезеңі

  2. қалыптастыру кезеңі

  3. қорытынды кезең

1 кезең. Анықтау кезеңінде келесідей жұмыстар жүргізілді:

  1. Сауалнама жүргізу.

Сауалнама сұрақтары:
1.Қандай ғылымдарды білесің?
2.Ғалым деген кім?
3.Қандай ғалымдарды білесің?
4.ғалымдар қандай қасиетке ие болулары керек?
5.Сенің қаланда тұратын (тұрған) ғалымдардың атын ата.
6.Ғалым, зерттеуші болғың келеме? Неліктен?
7.Сен қандай жаңалық ашуды армандайсын?

  1. «Егер мен ғалым болсам...» атты тақырыпта эссе жазғызу.

  2. «Суретте қандай заттар белгіленген екен, тауып ал» әдістемесі

  3. «Төртінші артық қайсысы?» әдістемесі

  4. «Суреттерде не жетіспейді?» әдістемесі

  5. Не туралы сұрады екен, анықта

Анықтау кезеңіне бақылаушы және эксперимент тобының 39 оқушысы қатысты.

  1. «Суретте қандай заттар белгіленген екен, тауып ал» әдістемесі.

Әдістеменің мақсаты – кіші мектеп оқушыларының қабылдауларының диагностикасын анықтау.
Әдістемені орындауға 1 минут беріледі. 1 минут ішінде оқушы 3 суретте жасырылған 14 затты тауып алулары керек.
Оқушылар әдістеме барысында 3 баллды шкаламен бағаланды. 1 балл – істей алмайды, 2 балл – мұғалім көмегіне мұқтаж, 3 балл – өз бетімен жұмыс жасай алады.
Бақылаушы топ пен эксперимент топтың нәтижесін кесте 1-ден көре аласыздар.
Кесте 1




Бақылаушы топ

Эксперименталды топ

Жоғарғы деңгей

20%

26%

Орта деңгей

45%

41%

Төменгі деңгей

35%

33%

  1. «Суреттерде не жетіспейді?» әдістемесі

Әдістеме оқушылардың әртүрлі жақтарын анықтай отырып, оқушылардың қабылдауларын анықтауға мұмкіндік береді.
Әдістемеде оқушылар берілген суреттерде не жетіспейтінін тауып, суретті аяқтаулары керек. Тапсырманы орындауға 1 минут беріледі.
Бақылаушы топ пен эксперимент топтың нәтижесін кесте 2-ден көре аласыздар.
Кесте 2




Бақылаушы топ

Эксперименталды топ

Жоғарғы деңгей

25%

21%

Орта деңгей

30%

37%

Төменгі деңгей

45%

42%

  1. «Төртінші артық қайсысы?» әдістемесі

Әдістеменің мақсаты – оқушылардың зерттеу процестерінің бейнелі-логикалық ойлауын, ақыл-ой операцияларын талдау және қорыту.
Берілген әдістемеде оқушылар суреттердің ішінен артық затты табулары керек.
Бақылаушы топ пен эксперимент топтың нәтижесін кесте 3-тен көре аласыздар.
Кесте 3




Бақылаушы топ

Эксперименталды топ

Жоғарғы деңгей

35%

38%

Орта деңгей

40%

31%

Төменгі деңгей

25%

31%



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет