Кіріспе зерттеудің көкейтестілігі


Электрондық оқыту жүйелерін құру құралдарын сұрыптау



бет15/18
Дата26.05.2022
өлшемі1.45 Mb.
#458686
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Электр оку кешен дипл

Электрондық оқыту жүйелерін құру құралдарын сұрыптау
Электрондық оқыту кешендерін құру құралдарын топтарға бөлуге болады, мысалы, комплексті критерилерді қолдану. Олар функциялардың орындалуын, техникалық қамсыздандаруға қойылатын талаптарды, қолдану ерекшеліктерін қамтамасыз етеді. Берілген критерилерге сәйкес төмендегі классификациялар болуы мүмкін:

  • дәстүрлі алгоритмдік тілдер;

  • ортақ қолданудағы инструментальды құралдар;

  • мультимедиа құралдары;

  • гипермәтіндік және гипермедиа құралдары.

Төменде ерекшеленген топтардың әрқайсысының айырмашылықтары келтірілген:
Техникалық база негізінде университеттің қолдануында бар және елімізде кеңінен тараған ІВМ кмпьютерлері алынған.
Дәстүрлі алгоритмдік тілдер
Тікелей программалау құралдарымен құрылған, эектрондық оқулықтардың ерекшеліктері:

  • таралу стилінің әртүрлілігі (түстер политрасы, интерфейс, электрондық оқулық құрылымы, материалдарды беру тәсілдері және т.б.);

  • қабаттасудың және модификацияның қиындығы;

  • еңбек және уақыт шығынының көп болуы;

  • аппараттық шектеулердің болмауы, яғни бар техникалық базаға бағытталған электрондық оқулықты құру мүмкіндігі.

Жалпылама белгілеудің инструментальды құралдары.
Жалпылама белгілеудің инструментальды құралдары мамандандырылған программистер болып табылмайтын қолданушыларға электрондық оқулықтарды құру үшін арналған. Электрондық оқулықты жобалау кезінде қолданылатын жалпылама белгілеудің инструментальды құралдары келесі мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді:

  • электрондық оқулық құрылымының құрылуы;

  • мәтінді енгізу, өңдеу және форматтау (мәтіндік редактор);

  • суреттелген статистикалық бөлімді дайындау (графикалық редактор);

  • динамикалық суреттелген бөлімін дайындау (дыбыстық және анимациялық фрагменттер);

  • қашықтан оқыту программаларын құруда мүмкіндіктердің жоқ болуы.

Біздің елімізде көптеген жалпылама белгілеудің инструментальды құралдары бар: Адонис, АосМикро, Сценарий, ТесСис, Интегратор және т.б.
Мультимедиа құралдары.
Эксперттер(зерттеушілер) жаңа ақпараттық технологиялардың шығуына дейін, көптеген тәжірибелер жүргізіп, материалды ұғу әдісімен және бірнеше уақыт өткеннен кейін алынған білімді қайта қалпына келтіру мүмкіндігінің арасындағы туәлділікті көрсетеді. Егер материал дыбыстық болса, онда адам оның 14 пайызға жуық көлемін есіне сақтар еді, ал ақпарат визуальды түрде берілсе 13пайызға, көру және есту әсерлерінің жиынтығы арқылы есте сақтау 50 пайызға дейін көтерілсе, ал үйрену барысында адам белсенді араласса, онда оны ұғыну 75 пайызға дейін көтеріледі.
Сонымен, мультимедиа ақпаратты берудің бірнеше тәсілдерін білдіреді – мәтін, қозғалмайтын бейнелер (суреттер және фотографиялар), қозғалатын бейнелер (мультипликация және бейне) және дыбыс (сандық және МІДІ) – интерактивті өнім ретінде қабылдайды.
Аудиоақпарат әуен, дыбыс эффектілерінен тұрады. Мұнда тасымалдаушының ақпараттық көлемі маңызды орын алады.
Аудиомен салыстырғанда бейнеақпараттың қолданатын элементтері көп. Мұнда көбіне статистикалық бейнеқатар элементтері кіреді. Олар: графика (салынған бейнелер) және суреттер болып екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа түрлі бейнелер, интерьерлер, жазықтар, графикалық режимдегі символдар жатады. Ал, екінші топқа суреттер және сканерден өткізілген бейнелер жатады.
Динамикалық бейнеқатар үнемі тізбектелген статикалық элементтерден (кадрлар) тұрады. Мұнда үш типті элементтер ерекшеленеді: жай бейне (секундына 24 суретке жуық), квазибейне (6 – 12 сурет секундына), анимация. Құрамында мультиортасы бар бейнеқатарды қолдану аудиомен салыстырғанда көптеген проблемаларды шешеді. Олардың ішінде маңыздысы болып түстердің санына және экран қабілетіне рұқсат беруі, сондай – ақ ақпарат көлемі болып табылады.
Мультимедиалық өнімдердің басқа ақпараттық қорлар түрлерінен айырмашылығы ақпараттың көлемінің үлкендігінде, сондықтан бұл өнімдердің негізгі тасушылары өлшемі 640 Мб болатын стандартты CD – ROM дискілер болып табылады.
Гипермәтіндік және гипермедиа құралдары
Гипермәтін – бұл мәтіндік материалдың сызықтық емес түрде берілу тәсілі. Ондағы мәтіндерде ерекшеленген сөздер болады, олар анықталған мәтіндік фрагменттермен байланысқан. Осылайша, қолданушы мәтін парақтарын рет – ретімен парақтап қана қоймай, қандай да бір сілтеме бойынша сызықтық сипаттаудан ауытқуы мүмкін, яғни ол ақпаратты беру процесін өзі басқарады. Гипермедиа жүйесінде фрагмент ретінде бейнелер қолданылуы мүмкін, ал ақпарат мәтіннен, графикадан, бейнефрагменттен, дыбыстан құралуы мүмкін.
Гипермәтіндік технологиялаларды қолдану оқулықтарға қойылатын талаптарды қанағаттандырады, яғни ол талаптар: үндеу кезіндегі қолайлығы, құрылымданғандығы. Қажет кезінде мұндай кешенді кез – келген серверге қойып, оны өңдеуге болады. Бірақ олардың дизайны, құрылымы сапалы болмайды. Қазіргі кезде көптеген түрлі гипермәтіндік форматтар (HTML, DHTML, PHP және т.б. ) бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет