Құралдарды таңдау критерилері
Құралдарды таңдауда төмендегілердің болуы қажет:
анықталған конфигурацияның аппаратық құралдары;
сертификатталған программалық жүйелері;
қажет дәрежедегі мамандар.
Одан басқа құрылып жатқан электрондық оқулықтардың берілуін ескеру, толықтыруларды жаңа берілгендермен жаңарту, жад көлеміне шек қойылуын ескеру қажет.
Технологияның жылдам дамуына байланысты мультимедиа және гипермедиа құралдары, оларды көптеген дербес компьютерде орнату үшін бағалары төмендетілді. Аппараттық құрылғылардың қуаттылығы мен жылдамдылығы жоғарыда айтылған құралдарды қолдануға мүмкіндік береді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жас ұрпақ тәрбиелеудегi ұстаздар ұстанатын бұлжымас қағиданың бiрi - бiлiмдiлiкпен қоса, өзiндiк ой-пiкiрi бар шәкiрттер легiн даярлау. Қазiргi заманғы ғылыми техникалық үрдiстiң қарқыны бiлiм беру жүйесiнiң алдына мүлдем жаңа мiндеттер қойып отыр. Ол өз жұмыс орнында және бүкiл техникалық тiзбекте технологияның үздiксiз өзгерiстерiне бейiмделе алатын орындаушының тұлғасын қалыптастыру. Осыған орай елiмiзде бiлiм берудiң жаңа жүйесi жасалып, әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiне енуге бағыт алуда. Сондықтан педагогика теориясы мен оқу тәрбие үрдiсiндегi елеулi өзгерiстерге байланысты бiлiм беру мазмұны жаңарып, тың көзқарас қалыптасуда.
Нәтижесінде бiлiм беру мазмұны жаңа үрдiстiк бiлiмдермен, ақпараттарды қабылдау қабiлеттерiнiң дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және бiлiм беру бағдарламасының нақтылануымен байи түсуде. Ақпараттың дәстүрлi әдiстерi ауызша және жазбаша, телефон және радио байланыс қазiргi заманғы компьютерлiк құралдарға ығысып орын беруде.
Бүгiнгi бiлiм беру жүйесiндегi оқытудың мазмұнды аспектiсi талаптарына сай келетiн бiлiммен қаруландыру мақсатын көздейдi.
Қазiргi заманғы жаңа технологияларды, оның iшiндегi электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың ақпаратпен жұмыс iстей бiлуiн қалыптастырады.
Электрондық оқыту кешендерімен оқыту жүйесiнiң пән сапасын арттырумен қатар бiрқатар пайдалы жақтары бар.
Бiрiншiден, сыныптағы барлық оқушылар жұмыспен қамтамасыз етiледi, әрбiр оқушының белсендi қатысуын қадағалайды, белсендiлiгiн оятуға түрткi болады.
Екiншiден әр оқушы өзiне тән деңгейде жұмыс жүргiзедi. Қойылған мақсатқа жету үшiн қажеттi төзiмдiлiктi қалыптастырады.
Үшiншiден, оқушы өз еңбегiнiң нәтижесiн көрiп өзiн - өзi бағалайды. Өз бетiмен жұмыс iстеу оқушының бiлiмiне әсер етпей, мiнез құлқына зор ықпалын тигiзедi.
Оқушыларды тиянақтылыққа, бастаған iсiн жемiстi аяқтауға тәрбиелейдi. Жауапкершiлiгiн оятады. Бұл өз ретiнде оқушының iзденiмпаздылығын, шығармашылық қабiлетiн дамытады.
Электрондық оқыту кешенінің тиiмдiлiгi мынада:
оқушы арнайы бағдарламамен жұмыс iстейдi;
оқушы бiлiмi компьютерлiк жүйе арқылы бағаланады;
иллюстрациялық әдiс көп қолданылады;
қисынды ойлау жүйесiнiң дамуына түрткi болады;
берiлген тапсырмаға деген қызығушылығы артады.
Электрондық оқыту кешенінің жетiстiктерiне қарамастан Электрондық оқыту кешенді қолдану әрине белгiлi бiр кемшiлiктерi бар болғандықтан, оқуда кепiлдiк берген жоғары нәтижені қамтамасыз ете алмайды. Оның құрамында электрондық тасымалдаушы ақпаратпен жұмыс iстеудiң спецификалық ерекшелiктерiмен шақырылған кемшiлiктерi де бар. Бiрақ та осы облыстың ғылыми-техникалық прогресiнiң дамуы бұл проблемалардың ащылығын төмендетедi.
«Информатика» пәнінен электрондық оқыту кешенін жасау тақырыбына жазылған дипломдық жұмысым кіріспе, қорытынды және негізгі материалдарды қамтитын 2 тарау және қосымшадан тұрады.
І – тарауда электрондық түрде берілетін оқыту мақсатына пайдаланылатын барлық материалдар, ақпарат көздері талданып, электрондық оқулықтардың құрылымына қойылатын талаптар айтылады. Бұл жерде жаңа заманға сай ақпараттық технологияларды оқу процесінде пайдалану жолдары мен тиімділігі аталып көрсетіледі.
ІІ – тарауда электрондық оқу құралдарын дайындауға арналған арнайы жүйелер талқыға салынып, программалық жабдықтарға талдау жүргізіледі. Мультимедиалық ортаның барлық мүмкіндіктері мен артықшылықтары ашылып айтылған.
Дипломдық жұмыстың қағаздық нұсқасында «Информатика» пәнін оқытуға арналған электрондық кешеннің бірнеше материалдары ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |