Кіріспе зерттеудің ӛзектілігі



Pdf көрінісі
бет16/23
Дата04.10.2023
өлшемі0.67 Mb.
#479806
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23
referat

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


39 
ІІІ 
Т.ӘБДІКҰЛЫ 
ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ 
ОҚЫРМАН 
КОНЦЕПЦИЯСЫ 
 
3.1 Оқырман – мәтін – автор
 
 
Алдыңғы бӛлімдерде автор мен мәтінді барынша қарастырып кеттік. Адам 
ауасыз бір минут, сусыз 3-4 күн, тамақсыз бір аптадан артық ӛмір сүре 
алмайды. Сол сынды автор да оқырмансыз ұзаққа бармайды. Автордың 
оқырмансыз ұзаққа бара алмауының себебі: оқырманы болмаған автордың 
еңбегі бағаланбай, оқылмай қалатындығы. Автор оқырманмен тікелей қарым-
қатынасты қажет етеді. Олай болмаған жағдайда М.Мақатаев айтпақшы шаң 
басқан архивтерден табылармыздың күйі болмақ. 
Қазіргі әдебиеттану ғылымында автор мен мәтін ұғымдары бір жолға 
қойылған. Ал оқырман ұғымы әлі де ӛз зерттеуін таппай, ұғым яки категория 
ретінде теориясы қалыптаса алмады. Осы уақытқа дейін оқырман ұғымының 
зерттелмей келуінің де ӛз уәжі бар. Ӛйткені, автор мен мәтінді қарастырмай 
жатып, оқырманды зерттеу ерте болып табылады. Оқырман – әдеби шығарманы 
қабылдап, саралайтын орта және үштік концепциясының бір бӛлігі. Автор 
шығарманы тудырып қана қояды, ал оқырман оның ғұмырын анықтайды. Яғни 
шығарманың ғұмырының ұзақ болуы немесе қысқа болуы оқырманға 
байланысты. Л.Толстойдың мына пікірі оқырманныңавторға қатысын кӛрсетіп 
береді: «Когда мы читаем или созерцаем художественное произведение нового 
автора, основной вопрос, возникающий нашей душе, всегда такой: «Ну-ка, что 
ты за человек?», если это же старый, уже знакомый писатель, то вопрос уже не 
о том, кто ты такой, а «Ну-ка, что же можешь ты сказать мне еще нового? С 
какой стороны теперь ты осветишь мне жизнь?»[30,88 б.].
Автор мен оқырманның мәтінге деген кӛзқарасы бірдей болмайды. Әр 
адамды жеке индивид ретінде қарастыратын болсақ, әр индивидтің ӛмірге, 
құбылысқа және жағдаяттарға кӛзқарасы, танымы мен пайымы әртүрлі болады. 
В.Ф.Асмус ӛзінің «Труд и творчество» деген еңбегінде: «Никакое произведение 
не может быть понято если читатель сам, на свой страх и риск не пройдет в 
собственном создании по пути, намеченному в произведени автором. 
Творческий результат чтения в каждом отдельном случае зависит от всей 
духовной биографии читателя. Наиболее чуткий читатель всегда склонен 
перечитывать выдающееся художественное произведение», – деген сӛзінен 
кӛркем шығарманың қабылдануына оқырманның да ӛзіндік үлесін барын 
байқаймыз [30,89б]. Шығарма – екі жақты құбылыстың тоғысқан ортасы.
Мәтінді тану мен түсінуден бұрын мәтін туралы автор мен оқырманның 
кӛзқарасын анықтап алайық. «С точки зрения писателя, текст никогда не 
бывает окончен – писатель всегда склонен дорабатывать, доделовать. Он знает, 
что любая деталь текста – это лишь одна из возможных реализаций 
потенциальной парадигмы. Все можно изменить. Для читателя текст – отличная 
структура, где все на своем – единственно возможном – месте, все несет смысл 


40 
и ничто не может быть изменено. Автор воспринимает окончательный текст 
как последний черновик, в читатель – черновик как законченный текст. 
Читатель гиперструктурирует текст, он склонен сводить до минимума роль 
случайного в его структуре. Но дело не только в этом. Читатель вносит в текст 
свою личность, свою культурную память, коды и ассоциации. А они никогда не 
идентичны авторским», – деген Ю.Лотманның пікірінен автордың еңбегін 
баспада шығарса да ол үшін түзетулерді қажет ететіндігін, ал оқырман оны 
аяқталған ойлардың жиынтығы ретінде қабылдайтынын байқаймыз [31,112 б.]. 
Кейде сол үшін де кей шығармалар оқырман жүрегіне жетпей жатады. Кей 
кездерде оқырманның заманын, ортасын ескеру керек. Мәселен, Д.Исабековтің 
«Қарғын» романы 80-жылдары жарық кӛріп, сол заман оқырмандарының 
жатып-жастанып оқыған шығармасының бірі болған. Романдағы Жасын сынды 
ер-азаматтар пайда болып, соған бой түзегендер де баршылық. Кейін бұл 
шығарма ұмыт болып, екі мыңыншы жылдары қайтадан кӛп оқылатын 
шығарманың қатарына енді. Бұл жерде кітаптың кӛлемін де ӛзгертуі ӛз 
ықпалын тигізсе керек. 
Түсіну – басқа адамның рухани әлемін сезіну, оның ойы мен сезімдеріне 
бірге толқи білу, ӛзі дербес мәнге ие бола алмайтын ілімнің типі, түсіну – 
творчестволық акт кезіндегі автордың жеткізбек болған ойының мағынасын 
ұғыну, сол сәттердегі автордың рухани күйін кеше білу [33]. Түсіну, ұғыну 
ұғымдарын герменевтика ғылыми зерттейді. Герменевтика ӛз бастауын ХХ 
ғасырдан алады. Ең басында мәтіндерді талдауда қаралған герменевтика кейін 
жеке филологиялық ұғымға ие болды. Әдеби герменевтика – кӛркем мәтіндерді 
талқылау, түсіндіру жайындағы арнайы ғылыми сала [24,78 б.]. Герменевтика 
«шығарма-оқырман-дәстүр» атты үштікке байланысты дамыды.
«Адамды түсіну үшін оның дүниетанымын, кӛзқарасын, идеалдарын, яғни 
рухани әлемін білуі қажет. Ал ол жаратылыстану ғылымдары сияқты кӛзге 
кӛрініп тұрған нәрсе емес, сондықтан оны танып білу, зерттеудің де ӛзіндік 
ерекшеліктері бар. Осы тұста бізді қызықтыратын ұғыну, түсіну мәселесі 
кӛтеріледі. Рухани әлемді тек «эмпатикалық» ену, бойлау арқылы, яғни сол 
зерттейтін субъектінің орнына ӛзінді қойып, соған айналу арқылы – бір сӛзбен 
айтсақ, ұғыну арқылы танимыз» [34,55 б.]. Адам ұғымынан бӛлек қабылдаудың 
келесі бір түрлеріне жас ерекшелік, ұлттық-этникалық, кәсіби, психикалық 
қабылдаулар жатады.
Психологтар қабылдау мен ұғыну бірден екі деңгейде саналы және санадан 
тысқары түрде жүзеге асады деген пікірді айтады. Қабылдау кезінде 
оқырманның ӛмірлік тәжірбиесі мен тарихи жады маңызды рӛл атқарады. 
Мәтінді тану, түсіну үшін қабылдаушы алдымен мәтін авторы ӛмір сүрген 
дәуір, мәтіннің тууы кезіндегі қоғамдық-әлеуметтік, саяси жағдай, дәстүрді 
біліп барып қана, автордың, мәтіннің философиясына үңіле алады. Сол дәуірдің 
толық бейнесін біліп, тарихи процестер, оқиғалар тіріліп, сӛйлегенде ғана 
авторды, мәтінді, бейнелерді түсіну шындыққа айналады. «Тарихи тұлғаны тек 
«іштей ене» түсіну ғана мүмкін, яғни соның «терісін жамылып», соның орнына 
ӛзінді қойып қана ол туралы бір нәрсе айта аласын.


41 
Шынайы ұғыну қаншалықты біреудің «ішкі тұңғиығына» бата білсең, 
соншалықты одан биікке кӛтеріле алуды талап етеді. Ұғыну үшін танымдық 
контекст болу керек. Біздің танымдық контекстіміз қаншалықты кең болса, 
яғни біздің зерттеу объектімізді салыстыратын, қарама-қарсы қоятын басқа 
объектілер кӛп болса, соншалықты біз оны «зерттеу объектісін» терең 
түсінеміз.
Таным екі жақтылықты қажет етеді, біріншіден, зерттейтін нәрсеңе «іштей 
ену», екіншіден, одан «тысқары кету» [34,51 б.]. Түсіну, ұғыну процесі 
қабылдаушыға, оның қасиеттеріне байланысты болғандықтан, қабылдаушы 
автордың рухани дүниесіне еніп, шығармашылық актіні жаңғырта отырып, 
мәтінді қайта ӛңдейді. Түсіну мен ұғыну процесі - мейлінше диалогты, автор 
мен қабылдаушы диалогы. Автор идеясын мәтіннің құрылымы арқылы жасап, 
жасырса, диалогтың екінші жартысы қабылдаушы мәтінді қайта ӛңдейді және 
жасырынған мағынаны шешеді. Мәтіннің диалогтігі, жалпы ойлау мен 
сӛйлеудің диалогтігінен, сӛйлеуші мен тыңдаушы грамматикаларының 
диалогтігінен бастау алған. «Адам іс-әрекеті потенциалды текст және ол ӛз 
уақытының сұхбаттық контексті арқылы ғана түсіндіріледі.
Текст (әңгіме, сӛз, хат, оқиға) әрқашан біреуге бағышталған әрі сол 
бағышталғандығымен ғана құнды, бағалы. Текст авторының ішкі дүниесімен 
қатар ӛзіндік кӛзқарасы, дүниетаным шеңбері бар.
Әлем дегеніміз әрқашан түрлі дауыстар, түрлі түсініктер, түрлі сана-
сезімдер полифониясы. Ұғыну, түсінудің сұхбаттығы оған аяқталмаған, 
шектелмеген қасиет береді. Айтылған сӛз естуді, ұғынуды қажет қылады. Ол да 
бір сұрақтың әлемдегі бір жауабы. Осылайша, мәңгілік шексіз ұмтылыс» [34,54 
б.]. Мәтін – автор мен оқырман арасындағы байланыс емес, ол тудырушы мен 
тұтынушы арасындағы ой, пікір, сана-сезімдерінің араласып тоғысатын 
нысаны. Мәтіннің диалогтылығы полилог, полифония, коммуникацияға 
айналады. Сонымен бірге, мәтінді ұғыну, түсіну арқылы әр кезең, әр мәдениет, 
әр этнос, жеке тұлғалардың түрлі ой-пікірі, түсінігі белгілі болып, мәтінтануда 
кӛпварианттылық, кӛпқырлылық, кӛпдауыстылық туып, дамиды.
Мәтінді түсіну кезінде дәлме-дәл ойлап, сӛзбе-сӛз оқудың орнына 
автордың ойын, дүниетанымын, қоршаған орта мен адамдардың дауысына мән 
беруіміз керек. Яғни қоршаған ортаға, оның адамдарының ойы да авторға әсер 
етеді.
А.Потебняның «кӛркем шығарманың мағынасы мәтін аяқталғаннан кейін, 
суреткерде дамымайды, ол қабылдаушыларда дамиды»,- дегеніндей, оқырман, 
түсінуші мәтінді оқу, талдау-талқылаулар арқылы түрлі мағына табады, мән 
жүктейді, концепция, идеялар ашады, мәтіннің қабылдаушыға жетуінен оның 
екінші ӛмірі басталады. Кӛркем мәтінді қабылдау, түсіну тек танымдық 
тұрғыда ғана әсер етіп қоймай, қабылдаушыға сезімдік ләззат береді.
Ӛнер туындысының адамның танымына, беретін нәрі, ләззаты туралы 
ойшыл-жазушы Л.Толстойдың да айтатыны бар: «Деятельность искусства 
основана на том, что человек, воспринимая слухом или зрением выражения 


42 
чувства другого человека, способен испытовать то же самое чувства, которое 
испытал человек, выражающий свое чувство. 
Как только зрители, слушатели заражаются тем же чувствам, которая
испытовал сочинитель, это и есть искусство. Вызвать в себе раз испытанное 
чувство и, вызвав его в себе, посредством движений, линий, красок, звуков 
образов, выраженных словами, передать это чувство так, чтобы другие 
испытали то же чувство, - в этом состоит деятельность искусства. Искусство – 
есть деятельность человеческая, состоящая в том, что один человек сознательно 
известыми внешними знаками передает другим испытываемые им чувства, а 
другие люди заражаются этими чувствами и переживают их.
Как бы ни был поэтичен, похож на настоящий, эффектен или занимателен 
предмет, он не предмет искусства, если он не вызывает в человеке того
совершенно особенного от всех других, чувства радости, единения душевного с 
другом (автором) и с другими (ее слушателями или зрителями) 
воспринимающими то же художественное произведение» [35,148 б.].
Кӛркем мәтін – автор санасының, шығармашылық ойлауының, танымының 
арқасында 
бейнеленген 
дүниенің 
модельденген 
түрі, 
диалогты, 
коммуникативті, адресатты болғандықтан оқырман санасына кӛркем ақпаратты 
жеткізуші ӛнер туындысы. Автор ӛз танымының, сезімінің жемісін түрлі 
операциялар (мәтін құрылымы, философиясы, хронотоп, диалогтілік) арқылы 
біткен дүниеге (мәтінге) айналдырғаннан бастап, шығарманың екінші үлкен 
белесі, қабылдау, түсіну процесі жүзеге асады. Рецептивті эстетика, 
герменевтика 
салаларының 
зерттеу 
нысанына 
айналған 
мәтінді 
қабылдаушылар, оның түсінілу мәселелері мәтін мен қабылдаушының 
байланысын құрайды. Мәтінді қабылдау, ұғыну процестерінен мәтіннің 
полифонологиялығы, полилог, адамның жан дүниесіне әсер ету механизмдері, 
қабылдаушының алған әсері білінеді. Мәтін – автор үшін (сезім, ойын жеткізу 
формасы) де, оқырман үшін де (танымдық, тәрбиелік, эстетикалық маңызы бар 
нысан) де ӛмірді, дүниені, қоғамды, адамды танудың бірден бір маңызды 
құралы. 
Кӛркем шығарманың оқырман арасында оқылуы үшін автор оқырманның 
заманын, проблемасын, қажеттілігін ескеруі керек. Ӛйткені, оқырман 
шығармадан ӛзін іздейді немесе ортасын іздейді. Ӛзінің басынан ӛтіп жатқан 
шым-шытырық оқиғаларды сырт кӛзден бақылайды. Шығарма кей кезде 
психологтың қызметін атқарады. Әсіресе, ХХІ ғасырда адам кітапты психолог 
ретінде қабылдайды. Ешкімге айта алмаған сырын шығармадан оқып, ол 
кітапты біреуге оқыту арқылы оның да пікірін біледі. Одан қалса кӛркем 
шығармадағы автормен тілдеседі. Мәселен, Тӛлен Әбдікұлы - тілдесетін 
жазушылардың бірі. Қаламгердің шығармаларының біразы сұрақ-жауап 
негізінде құралған. «Тозақ оттары жымыңдайды», «Парасат майданы», 
«Оралу», «Ақиқат» повестерінде, «Қайырсыз жұма», «Оң қол» әңгімелері 
сұраққа толы. Мәселен, «Оң қол» әңгімесінде: «- Кинода неге ылғи сұлу әйелдер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет