4
-Автор шығармаларындағы «жалғыздық»
ұғымының берілу жолдары
анықталды. Мәселен, «жалғыз ұрпақ», «жалғыз орын», «жалғыз соңғы ӛкіл»
сынды т.б. кӛптеген жалғыздық ұғымына қатысты ойлардың берілу жолдары
зерттелді;
-Автор мәтініндегі жаңаша айшықтау құралдары айқындалды. Тілімен
стиліндегі ерекшеліктер айқындалып, қазақ әдебиетіне
әкелген лебі зерттелді;
-Прозалық шығарма автор мен мәтін, автор-мәтін-оқырман тұрғысынан
зерттелді;
-Автор-мәтін-оқырман концепциясы негізінде Т.Әбдікұлының
әдебиет
әлеміндегі орны айқындалды.
Зерттеудің
практикалық
маңызы:
Жұмыстың
нәтижелерін
әдебиеттанудағы жаңа бағытты (автор мен оқушы, автор мен қабылдаушы,
мәтін мен оқырман. т.б.) қалыптастыруда пайдалануға болады.
Автор мен
оқырман, автор мен мәтін, автор-мәтін-оқырман мәселелерінің теориялық
негізін қалыптастыруда, методологиясын анықтауда кӛмек береді.
Зерттеудің мақсаты:Автор, оқырман,
мәтін ұғымдарының категория,
поэтикалық категория екендігін дәлелдеу, үштік ұғымына жан-жақты анықтама
беру, Т.Әбдікұлының прозалық шығармаларындағы кӛркемдік-идеялық
ерекшеліктерін, қаламгердің стильдік белгілерін зерттеп, бүгінгі күн
тұрғысынан саралау.
Зерттеудің міндеттері:Негізгі мақсатты орындау үшін дипломдық
жұмыста мынадай басты міндеттерді шешу алға қойылды:
-Қаламгердің шығармаларында жиі кездесетін «Жалғыздық»
идеясының
берілу жолдарын ашу;
-Мәтіндегі баяндау тәсілі мен тілдік ізденістерін анықтау;
-Кӛркем ойды жеткізудегі тілдік-стильдік шеберлігін кӛрсету;
-Жазушының прозалық шығармалардағы ӛзіндік қолтаңбасын айқындау;
-Т.Әбдікұлының авторлық
табиғатын ашу;
-Оқырманның мәтінге қатысын анықтау
-Автор, оқырман, мәтіннің толық зерттелуіне алғышарт жасау.
Достарыңызбен бөлісу: