9
шығармадағы ойдың авторда болу-болмау мәселесі емес,
автордың сол ойды
жүзеге асыруы. Ойды жүзеге асыратын автордың кӛркемдік мен рухани әлеміне
бойлайық.
Автор мәселесі дүниежүзілік әдебиеттану ғылымында ХХ ғасырдың 20-шы
жылдарынан бастап қарастырылып келеді. Соның ішінде ағылшын және
американ әдебиеттанушылары кӛркем шығармадағы баяндау тәсілін
баяндаушы, әңгімеші қызметіндегі автордың «кӛзқарасы» тұрғысынан
қарастырды. Бұл бағыт танымал әдебиеттанушылар Г.Джеймстің, П.Лэббоктың
және Р.Маккейли, Г.Ланинг, Р.Шолес, Р.Келлог еңбектерінен кӛрінеді.
П.Лэббок ӛз еңбегінде баяндау, әңгімелеуден гӛрі автордың жетекшілік әдісінің
артық екендігін дәлелдейді. Осы бағыттың тағы бір ӛкілі - Л.Сурмелян автор
кӛзқарасын барлық екенін кӛрсеткен. Яғни, олар авторлық кӛзқарасты бәрінен
жоғары қоя отырып, оны шығарманы баяндау стилінен, формасынан, идеялық
негізінен бӛле жара қарастырады. Бұл біршама автор категориясына да, тұтас
кӛркем туындыға да біржақты қарау.
Қазақстанда, Ресейде де автор мәселесі
дәл осы кезеңдерде зерттеле
бастаған еді. Ресей әдебиеттануында автор категориясына В.В.Виноградов,
М.М.Бахтин, Б.Эйхенбаум сынды ғалымдар кӛп кӛңіл бӛлді. Бұл ғалымдар
тобы шетелдік зерттеушілерге қарағанда авторды тұтас шығармадан бӛліп
қараған жоқ. Яғни, тұтас шығарма жүйесіндегі автор концепциясы немесе автор
образы
ретінде
композициялық-сюжеттік
ерекшеліктермен
бірлікте
қарастырады.
Әлем әдебиетінде «автор бейнесінің» қалыптасуы классицизм ағымының
жойылуымен байланыстырады. Бұл дәуірде әдебиет тарихшы, куәгер не
мемуаршының болған оқиға жӛнінде іскерлік хабар, мәлімет беруі түрінде
жасалды, не шындыққа жатқызылатындай етіп берілген ертегілік, аллегориялық
қиял-ғажайып іс түрінде дүниеге келді. Ал Қайта ӛрлеу дәуірінде (Еуропа
елдерінде XV ғасырдың орта шені - XVI ғасырдың аяғы) гуманистік
кӛзқарастың ӛркендеуіне байланысты әдебиет ӛнерінде де адам үлкен маңызға
ие бола бастады. Енді шығарма тек сыртқы құрылысынан ғана емес, автордың
ӛзіндік позициясынан да қарастырыла бастады.
Суреткер тұлғасы, автордың
жеке адам ретіндегі таным, түйсігі, жан толқынысы ерекше орын алды. Бұл
ӛзгеріс оқырмандардың туындыны қабылдауына да байланысты еді. Оған
мысал ретінде Дж.Бокаччо, Данте Алегьери сынды әлем жазушыларының
шығармаларын келтіруімізге болады. Ал бертін келе әдебиет романтизм
дәуіріне аяқ басқан шағында «автор бейнесі» айқын байқала бастады, бірақ тек
бір қырынан ғана.Сондықтан кӛп жағдайда автор ӛз кейіпкерімен біртұтас
болып кетіп жатты. Автордың бейнесі әр шығармада әртүрлі қырынан
кӛрінетінін жоғарыда атап ӛттік.Мәселен,
эпикалық туындыларда автор
баяндаушы ретінде ғана кӛрінеді. Кӛне дәуір әдебиеті, мейлі ол жазбаша туған
шығармалар болсын (Орхон-Енисей ескерткіштері, орта ғасыр мұралары),
мейлі ауызша шығып тараған шығармалар болсын (аңыз, хикая, ертегі, жыр),
олардың негізгі міндеті хабар, мәлімет беру болып, танымдық, тәрбиелік
қызмет атқарғандығы басты ерекшелігі болса керек. Ал олардың эстетикалық
10
қызметі
екінші қатардағы қызмет болып, бертін келе (ертегі, жырларда) ол
бірте-бірте алдыңғы қатарға шыға бастайды. Яғни, мұнда автордың бейнесін
оқырман оның оқиғаны айту мәнері, кейіпкерлерді суреттеу ӛзгешелігінен,
қозғаған этикалық мәселелерге деген кӛзқарасы арқылы ғана елестете алады.
«Автор тұлғасының» прозада кӛрінуіне тоқталар болсақ, мұның біршама
күрделі мәселе екенін мойындауымыз керек. Себебі, кӛркем прозаның ауыз
әдебиетінен ерекшелігі – автордың және кейіпкерлердің жанды даусы,
интонациясы, сӛйлеу мәнері, кӛңіл-күйі, бір сӛзбен айтқанда олардың «ӛзіндігі»
сезіліп, білініп тұрады.Ол үшін – әдеби туындының тілдік құрылымында автор
бейнесі,
кейіпкерлер бейнесі бейнеленіп, кӛрініс табуы керек. Ал, бұл бірден
қалыптаса қойған жоқ. Ол үшін ортағасырлық жансыз кітаби стильден бас
тарту керек болды, ауыз әдебиеті шығармаларындағы бірсарындылықты жеңу
керек болды.
Сондай-ақ, проза жанрынан «автор бейнесін» кӛре алу қиындығының тағы
бір себебі - ол кӛркем шығармалардың композициялық тұрғыдан
кӛпқабаттылығы мен тілдік құрылымдардың әр алуандылығы. Негізінен,
тұтастай алғанда автордың кӛзқарасы оқиғаны
баяндау және кейіпкерлер
әлемін беру мәнерінен байқалады.
Сӛзіміз дәлелді болуы үшін кӛркем шығармаға жүгінейік. Мысал ретінде
Қ.Түменбайдың «Сағат жӛндеуші және мен» атты қысқа ғана әңгімесін алайық.
Әңгіменің кӛлемі бар-жоғы екі бет. Бірақ автордың шеберлігі сол – осы екі бет
әңгімеге терең де ауқымды мағына бере білуінде. Сонымен қатар мұнда
автордың баяндау кезіндегі кӛзқарасының берілуінің үш жолы да кӛрініс
тапқан. Біріншіден, автордың тікелей кірігуне әңгіменің «Мен» деп бірінші
жақтан баяндалуын жатқызамыз:
«Топ-томпақ «командирский» сағатымның
Достарыңызбен бөлісу: