11
бір жерін сырт еткізіп түртіп еді, сағатым тық-тық етіп ӛмір жырын
шертіп жүре берді.
-Серіппе сымы шығып кеткен. Бұны бір алға, бір артқа бұрау
керек.Сендер, қазақтар, қызықсыңдар. Мән-мағынасыз алға бұрай
бересіңдер» [8,29 б.]
. Осы бір сағатшының сӛзі арқылы автор не айтқысы келді
екен деген сұрақ туындайды. Әңгіме екібастан сағат туралы болып отырған жоқ
қой. Сағат дегеніміз – ол қазақтардың қазіргі таңдағы алға қадам басуындағы
сана-сезімі. Мән-мағынасыз алға қарай бұрай бересіңдер дегені – біздің әйтеуір
қалай да болса алға жылжу мақсатында тырмыса беруіміз, ал алды-артымызға
жиі қарамай, ӛз-ӛзімізді жоғалтып алу қаупінде тұрған жайымыз. Және тағы бір
мына үзіндіге назар аударайық:
-«Қай жылғысың? –
дедім шебердің жас мӛлшерін бағамдап.
-55-пін.
-Менімен, сосын біздегі тың игерумен құрдас екенсің де.
-Әй, қойшы, сендерде дата кӛп.Ӛздеріңе түк пайдасы жоқ» [8,30 б.]
.
Расында да, ӛзімізге түкке де пайдасы жоқ
нәрселер біздің санамызды
әбден шырмап, орап алғаны шындық. Соны автор қазақтың ӛзі емес, басқа
ұлттың ӛкілін сырттан бақылаушы – сыншы ретінде айтқызып отыр. Бұл –
қазақтың намысын түртіп, санасын ояту мақсатында қолданылған тәсіл болуы
мүмкін. Себебі, адамға кӛбінесе сырт, бейтаныс адамның айтқан сӛзі әсер етеді.
Негізінен, әңгіме бастан-аяқ тұспалды ойларға толы. Алайда оқырман оны
оқыған кезінде бірден түсіне алатындай деңгейде жазылған. Автор неліктен
әңгімені «Аяқ киім жӛндеуші» немесе «Киім тігінші»
деп емес, дәл «Сағат
жӛндеуші» деп атаған. Ӛйткені сағат дегеніміз – ол уақыт, замана ағымы. Сонда
автор қазір бар билік пен соңғы сӛз қарабайыр қазақта емес, ӛзге ұлт
ӛкілдерінің қолында екенін айтқысы келді ма деген сұрақ еріксіз ойға оралады.
Расында да, оңай істейін деп тұрған сағат тілін басқа ұлттың адамы түртіп қана
іске қосуында нендей хикмет бар? Ол - ӛз жеріміздігі ұлан-асыр байлығымызды
ӛзіміз игермей, шет елдерден келген азаматтарға пайдалануға беріп
қойғанымыздан хабар бермейді ме?
Автордың кӛркемдік әлемі - бұл эстетикалық әлемі, сұлулықты қабылдау,
сезіну әлемі. Демек, кӛркем шығармадағы барша
оқырманды баурап әкететін
персонаждар мен сұлулықтың (пейзаж, кейіпкерлер, т.б.) суреттелуі [8,16 б.].
Бұл сұлулық кейіпкердің ішкі мінезіне және оны қоршаған ортаға дариды.
Автордың рухани әлемі – ол жан дүниесі рухани, моральдық құндылығы, бір
сӛзбен айтқанда адамгершілігі [8,16 б.]. Рухани әлем кейіпкер әлеміне беріледі.
Автордың кӛркемдік пен рухани әлемі автор бейнесімен астасып жатыр.
Лирикада автор бейнесі бірден кӛрінеді, ал прозада олай емес. Автор бейнесін
прозада кӛбінесе кейіпкер ретінде келеді. Яғни, автор кейіпкерде
кӛрінетіндіктен, авторды
шығарманың идеясынан емес, кейіпкерден іздеген
жӛн болар. Дегенмен, бұл барлық жағдайда емес.
Авторды кӛркем шығармада кездесуіне орай 1-диаграммаға сәйкес
А.Байтұрсынұлы толғаушы, сарындаушы, әуезелеуші, жазушы, ақын деп бӛлсе,
12
2-диаграммаға сәйкесВ.Е.Хализев ғұмырнамалық автор, кӛркем
болмыстағы
автор, кӛркем шығармадағы автор деп бӛлген.
Достарыңызбен бөлісу: