Күйiстiлер дикроцелиозы



бет3/4
Дата25.11.2022
өлшемі31.21 Kb.
#465763
1   2   3   4
Күйiстiлер дикроцелиозы

Қоздырғышы. Opistorchus felineus(Rivolta,1884), ұзындығы 0,8-1,3 см, денесiнiң алдыңғы жағы сəл жiңiшкелеу. Емiзiктерi жете дамымаған. Екi енi құрттың артқы жағында бiр-бiрiне қиғаш орналасқан. Осы еркек жыныс бездерiнiң арасынан түтiкше тəрiздi қуықша (несеп шығару жүйесi) өтедi, денесiнiң орта бөлiгiн iшi жұмыртқаға толы жатыр алып жатады. Жұмыртқалары сопақ, сары-боз түсті, бір ұшында қақпағы орналасқан, мөлшері: үзындығы 0,026-0,034 миллиметржəне ені 0,011-0,019 миллиметр.
Аурудың қоздырғышы адамның, иттiң, мысықтың, кейбiр терiсi бағалы аңдардың-түлкi, көгiлдiр түлкi, бұлғын, дала күзенi, қара күзен, су тышқаны - өт жолдары мен өт қалтасында, кейде ұйқы безi түтiктерiн мекендейтiн сорғыш құрт- Opistorchus felineus. Бұл гельминт жабайы шошқада табылған. Лабораториялық жануарлардан қоян мен теңiз шошқасы да зақымданады. Аталған хайуанаттар мен адам трематоданың ақтық иелерi болып саналады.
Өсiп-өнуi. Ақтық иесiнiң бауырындағы описторхтың iшiнде мирацидийлерi бар жұмыртқалары нəжiске араласып, сыртқы ортаға шығады. Олар өзен, көл суына енген жағдайда аралық иелерi ұлулардың тек бiр-ақ түрi - Bithynia Leachi - де ғана дамуын жалғастырады. Алдымен мирацидийден спороциста, кейiннен редий жəне церкарий сатылары пайда болады. Екi айдай уақыт өтiсiмен церкарийлер бауыраяқтының денесiн тастап шығып, судағы құрттың қосымша иелерi - тұқы тектес балықтар-дың қабыршақтары араларынан өтiп, олардың ет қабаттарына енiп жайласады. Мұнда гельминт тез арада цистаға оранып алады да, 6 аптаның iшiнде жұқпалы сатысы метацеркарийге айналады. Метацерка-риймен залалданған балықтан адам немесе етқоректiлер описторхоз ауруын жұқтырады. Олардың асқорыту жүйесiне түскен соң метацерка-рийдiң сыртқы қабығы ерiп, жас трематодалар iшектен өт арнасы арқылы бауырдағы өт жолдарына жетiп, орналасып 3-4 апта өткен соң жыныстық мүшелерi жетiлген ересек сорғыштарға айналады. 289 31-сурет. Opisthorchus felineus сорғышының даму сатылары (К.И.Абуладзе бойынша)
Эпизоотологиясы. Битиния ұлуларының негiзгi биотоптары ағынсыз, баяу ағатын тайыз су жағалары, өсiмдiгi қалың ескi арналар, өзектер, өзек салалары, сонымен қатар осындай сулар тұқы тектес балықтарының да мекен жəйi екенiн ескерген жөн. Қауыпты балықтар қатарына аққайраң, тарақ балық, торта, табан т.б. қосылады. Адам мен етқоректiлер шала пiсiрiлген, жеткiлiксiз тұздалып, дұрыстап кептiрiлмеген балықтарды жегенде описторхоз дертiне шалдығады. Кейбiр мəлiметтерге қарағанда Қазақстанда описторхоздың бiрнеше табиғи ошақтары ашылған. Ертiс өзенiнiң алқабы гельминтоздың iрi ордасы екенi анықталды. Табиғи ошақ санатына Қарағанды су қоймасынан басталып, Қорғалжың көлдерiне дейiн созылып жатқан Нұра өзенi бойы жатады. Сондай-ақ Шiдертi, Ырғыз, Торғай, Сарысу өзендерi өңiрлерiнде трематодоздың табиғи ошақтары ұшырасып тұрады. Ғалымдардың анықтауынша республикамыздың алты облысында (Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе) опистор-хоздың табиғи ошақтары бар екенi белгiлi.
Аурудың өрбуi. Гельминттердiң бауырға тигiзген əсерiнен оның бiр қалыпты қызметi бұзылады; неғұрлым сорғыштың саны көбiрек болса, солғұрлым дерттiң асқынғаны байқалады. Өт жолдары жарақаттанады, қабынады, бұлардың орнын дəнекер тоқыма басып, олардың семуiне əкелiп соқтырады. Өт жолында жиналған гельминттер 290 эпителий торшаларын зақымдап, көптеп ыдырауына себеп болады. Құрттың улы заттары əсерiнен бүкiл дене уланады.
Сырт белгiлерi айқын емес. Ит, мысықтың т.б. тəбетi нашарлайды, көзге iлiнетiн кiлегей қабықтар сарғыштанады, қарын тұсы iсiнедi, iшi қатады немесе өтедi. Оң бүйiрiндегi қабырға аралықтарын саусақпен басқанда мал ауырсынады.
Өлекседегi өзгерiстер. Бауырдың көлемi ұлғайған, қалыңдаған, өт жолдары айқын көрiнедi, бұжырланып тұрады. Өт қалтасы үлкейiп созылып кетедi. Ағзаны кескен кезде патоморфологиялық өзгерiстер тек қана сорғыштар жайласқан жерде байқалады. (XIV. кестеге қараныз)
Анықтау. Трематодоздарды анықтайтын гельминтоовоскопия əдiстерiн қолданады. Описторхтың жұмыртқасы сопақ, көлемi 0,26- 0,030 х 0,01-0,015 мм, ақ сары түстi келедi. (қараңыз: ХХII - сурет). Өлексенiң бауырын тiлiп, өт жолдарынан жəне өт қалтасынан құрттарды iздестiредi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет