Клетка биологиясы docx


Цитохимиялық жəне гистохимиялық əдістер



Pdf көрінісі
бет10/38
Дата19.11.2022
өлшемі329.02 Kb.
#465227
түріҚұрамы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38
Клетка биологиясы.docx

Цитохимиялық жəне гистохимиялық əдістер
Цитохимиялық жəне гистохимиялық əдістер клетканың, ұлпаның құрамындағы
химиялық заттардың мөлшерін, саласын тексеруге мүмкіндік береді. Бұл əдіс химиялық
реакциялар арқылы клеткалар мен ұлпалардың құрамындағы қосылыстарды тексереді.
Қазіргі кездерде қолданылып жүрген тəсілдер арқылы клетканың құрамындағы
белоктарды, нуклеин қышқылдарын (ДНҚ, РМҚ), ферменттерді анықтауға болады.


Мұндай заттарды анықтау үшін химиялық қосындылар мен клеткалардың немесе
ұлпаның арасындағы реакцияның нəтижесінде заттардың боялып көрінуін қамтамасыз ету
керек. Мысалы, клетканың құрамындағы РНҚ- ны анықтау үшін — галлоцианин бояуы
қолданылады, ал оның клеткада барын білу үшін рибонуклеазамен РНҚ-ны ажыратады
(немесе жояды). Сəуле спектрін өзіне сіңіру арқылы клетканың құрамындағы химиялық
заттардың мөлшерін есептеуге негізделген приборды цитоспектро-фотометр деп атайды.
Бұл əдіс абсорбция заңына бағынады.
Биологиялық объектілерді контрастау
Корпускулалы объектілерге вирустардын, фагтардын бөлшектері, клетка Компоненттері
(рибосома, мембрана, вакуоль т.б.), макромолекулаларды жатқызуға болады. Биологиялық
объекттерді контрастау əдістерінің бірі металмен карайту. Бұл жағдайда арнайы вакуумды
қондырғыларда термиялық металл балқымасы жасалынады. Металл атомдарынан балқыма
орнынан тура траекторияда жайылады. Объект бөлшек шоқтарын экрандаған жерлерде
"дақ" пайда болады. Бұл əдіс вирустарды, рибосомаларды, нуклеин қышқылдарын
зерттеуде қолданады. Бір кемшілігі, бөлшектер көлемі мен ішкі белігінде ғана ақпарат
береді. Қарайту үшін платина, палладии, уран жəне олардын қосындылары пайдаланады.
Объектілерді негативті контрастауда ауыр металл тұздарының ертінділері молибден
қышқылды аммоний, уранилацетат, фосфор қышқылдары қолданады. Егер мұндай
заттардын сулы ерітінділерін биологиялық объекттермен араластырып, жұқа кабықка
жағып, кептірсе, объекттер жоғарғы тығыздықтағы аморфты заттардын жұқа қабытын
түзеді.
Электронды микроскопта карангы фондағы жарық объектілер түрінде көрінеді. Бұл
тасіл вирустарды, мембраналардын ферментті кешендерін зерттеуде пайдаланады.
Ультромикротом
Электронды микроскопта объектілерді зерттегенде олардын қалындыгы киындық
туғызады. Себебі, электрон шоқтары объект арқылы өткенде электрондардын быраз бөлігі
ғана жұтылады, соның əсерінен объектінің қызуына, оның деформациялануына əкеліп
соғады. Сондықтан өте жұқа (0,5<1мкм) объектті пайдаланады. Егер біз қалың
өзгермейтін объектіні қарастырсақ (мысалы, мегавольтты электронды микроскопта)
объекттің қалындығына қарай (əртурлі деңгейде тұратын) соныңда кұрылымдардың
кескіні анық байкалмайды. Трансмиссия микроскопта клетканың ішкі кұрылысын анықтау
киын жəне ынғайсыз. Мұндай жағдайдан шығудың бір жолы - өте жұқа (ультра) кесінді
жасау (0,05-0,1 мкм) болып табылады. 
Ол үшін клетка мен ұлпаны бекітеді. Бекіткіштер глутарь алдегидтін буферлі
ерітіндісі немесе төртқышқылды осмий алынады. Көбінесе екі рет бекіткенде алдымен
глутарь альдегиді, сонан кейін 1-2% осмий ерітіндісі пайдаланылады. Сусызданғаннан
кейін ұлпалар эпоксидті смолаға салынып полимеризацияланады. Қатайған объектіні кесу
онайға түседі, бірак ол үшін шыны пышак қолданылады. Ондай пышактар бір рет қана
қолданылады. Өте жұқа кесінділер жасау үшін - ультрамикротом қолданылады. Оның
негізгі принціпі объекті бекітілген блоктың қызуы арқылы іске асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет