Әдіс – тәсілдері: әңгімелесу, түсіндіру, ойын, сұрақ – жауап, сахналау.
Қажетті оқу құралдары: үнтаспа, жүрекшенің үлгісі, түрлі – түсті суреттер, сызбалар.
Сабақтың барысы:
Кіріспе.
-Еліміздің егемендігі нығайып, ертеңіне сеніммен қадам басқан шағында заманына сай адамын тәрбиелеу басты міндет. Осы өрелі жолда ұрпақ өнегесі, олардың адамдық болмысы жайлы ой толғап, рухани – адамгершілік білім беруді басты идея етіп ұсынатын «Өзін – өзі тану» бағдарламасының алға алға қойған мақсатының өзі ерекше. Себебі өзін – өзі тану баланы өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзгелердің талқы – талдауына тәуелді болмауға, өзін – өзі жетілдіруге, рухани өмірде және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт – бағдарының болуына, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейді.
Жалпыадамзаттық құндылықтар болып саналатын адамгершілік мұраларды, рухани – адамгершілік қасиеттерді бүгінгі ұрпақтың бойына сіңіру, жақсылыққа үйрете білу аса маңызды. Осы жақсы құндылықтардың бірі – мейірімділік. Бүгін біздің өткізілетін ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Мейірімділік әлемді қорғайды».
1. Амандасу.
- Сәлеметсіздер ме, құрметті балалар!
- Сәлем, Күн – анамыз! / қол жоғарыда/
- Қуанатын күн бүгін! / қол ұстасады/
-Қайырлы таң! Қайырлы күн! / қол көкіректе/
-Күліп шықты күн бүгін! / қол жоғарыда/
- Балалар, тағы да бір тамаша күн туды. Күн болмаса жер бетінде тіршілікте болмайды, яғни біз де, табиғат та.
- Күннің көзі бізге не береді? / жылулық, жарық және т. б/
Жылылық болса, көңіл –күйіміз шат – көтеріңкі болады. Көңіл – күйіміз шат – көтеріңкі болса, әрқашанда жақсылық, мейірімділік жасағымыз келеді. Мейірімді, қайырымды, сезімтал адам әрдайым жақсылық жасауға дайын тұрады. Ақ ниетпен жақсылық жасау адамның ішкі дүниесінің байлығын, жан сұлулығын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |