Күлімдеген күн мейірімді!



бет5/5
Дата08.02.2022
өлшемі17.28 Kb.
#455214
1   2   3   4   5
Күлімдеген күн мейірімді

7. Дәйексөз.

Мейірімділікті – анадан үйрен.

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқынды бөліп талай түн қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағын – аясындай гүл бақтың.

Мен өзіңмен қайда болсам біргемін,

Махаббатың жүрегімде жүр менің.

Күн нұрындай – жадырай бір күлгенің,

Қандай жақсы ортамызда жүргенің!

Мейірімділік – деген әдеп.

Үлкен алдында жас қарызы

Ата алдында бала қарызы –

Әдеп пен сый.

Анам маған: - Үлкенді сыйла, - деген!

Сол сөз маған ізгілік құйған ерен.

Үлкендерден ауысқан кішілікті,

Үлкендердің өзіне сыйға берем.



Мейірімділік деген – татулық.

Татулық – достық кепілі.

Әкел, досым, қолыңды,

Татуласқан орынды.

Өкпелесіп не керек,

Көрсет, кәне, соныңды.

Баққа бірге кірейік,

Қол ұстасып жүрейік.

Татулықтың белгісі –

Кел, қосылып билейік.



8. Ойын.

- Балалар, алдымызда шағын екі арал бар. Сол екі аралға бәріміз орналасуымыз керек. ( Ақырын музыка ойналады, балалар ортада билеп жүреді, музыка тоқтайды, балалар бір – біріне достық көмек көрсетіп, аралдарға орналасады. Өздерінің достарына деген жанашырлығын көрсетеді.)



10. Жүректен жүрекке.

Оқушылар шеңбер құрып бүгінгі сабақтан алған әсерлерін қима суреттер арқылы ортаға салады. Әр оқушы қима суреттер арқылы мейірімділік әлемін құрды .Әдемі көрініс шықты.



- Балалар, бүгін уақытты бекер өткізген жоқпыз, қараңдаршы, қандай керемет көрініс. Осы көрінісімізге ат қойып көрейікші. Дұрыс, мейірімділік әлемді қорғайды.

Адалдық

Әдептілік

Ізеттілік

Қайырымдылық

Жақсылық

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет