Клиникалық сабақтың әдістемелік әзірлемесі



бет4/11
Дата09.09.2022
өлшемі60.53 Kb.
#460483
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
1-клин.сабақ

Әлеуметтік принциптер:
- Салауатты өмір сүру салты және эстетикалық қызметті;
- Салауатты өмір сүру салты рухани түрде жеткіліктілікті;
- Салауатты өмір сүру салтының еріктігін дамытуды;
- Салауатты өмір сүру салтында адамның үшінші жағдайда болмауын қамтамасыз ету
Салауаттану - адамның денсаулығы және оны сақтау туралы ғылым. Салауаттану ғылымы денсаулықты физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік тұрғыдан қарастырғандықтан, денсаулықты сақтау және нығайту әдістері жөніндегі гигиеналық ережелерді қорытып шығарады. Салауаттану жеке тұлғалық және қоғамдық болып жіктеледі.
Жеке тұлғалық салауаттану – төменгі негізгі аспектілер бойынша адамның гигиеналық білімдері мен денсаулығыннығайту жөніндегі дағдылар кешенін қамтиды:
А) жеке гигиена – денені, киімді, тұратын үйін, тамақ өнімдерін, суды таза ұстаудың санитарлық-гигиеналық ережелерін, жұмыс орнының жарық болуын, желдетіліп тұру режимін, мектептегі температуралық режимді, партада дұрыс отыруды қарастырады.
Б) қозғалыс белсенділігі – таңертеңгі гимнастиканы міндетті түрде өткізуді, физикалық жаттығуларды жүйелі орындауды, спорттық және қимылдық ойындармен айналыысуды, жүзуді жүгіруді тағы басқаларды ойластырады.
В) шынығу – организмді су, күн, ауа сияқты табиғи факторлармен шынықтыру шараларын, организмнің суыққа, түрлі ауруларға төзімділігін, қарсы тура алу қабілетін арттыратын әртүрлі әдістер мен тәсілдерді орындауын қарастырады.
Г) психо гигиена мен психопрофилактика – бұл психоэмоционалдық денсаулықты нығайтуға арналған шаралар кешені. Яғни эмоционалдық ширығуды жоюға көмектесетін психофизикалық жаттығулар кешенін (аутотренингтер) білуі және орындай алуы. Құрбылар арасында, үйде, отбасында және қоршаған адамдармен мейірімді қарым-қатынастар орнатып, келіспеушілікті, ашу-ызаны болдырмау.
Д) дұрыс тамақтану - денсаулық үшін тиімді тамақтану маңызды, яғни тағам калорялы және әртүрлі болуы керек. Тамақтану рационына барлқ негізгі тамақ өнімдері қамтылуы тиіс: ет (белок), өсімдік және жануар текті майлар, көмірсулар, жемістер, көкөністер, таза су. Тамақтану режимін сақтау, яғни күніне 4-5 рет белгілі сағатта тамақтану қажет. Тамақты мөлшерден артық ішпеу және тұзды, тәтті тағамдарды көп жемеу керек.
Е) жұқпалы аурулардың алдын алу – санитарлық - гигиеналық талаптар мен ережелерді сақтау. Жеке гигиена ережелерін қатаң орындау, егу жұмыстарын уақытында жүргізу. Жұқпалы ауруы бар адамдармен қарым- қатынас жасаған кезде гигиена ережелерін сақтау, ауру жануарлар мен құстарға жоламау. Жұқпалы аурулардан сақтандыратын алдын ала егу жұмыстарын уақытында жүргізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет