Клиникалық сабақтың әдістемелік әзірлемесі



бет5/11
Дата09.09.2022
өлшемі60.53 Kb.
#460483
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
1-клин.сабақ

Қоғамдық салауаттану – адам денсаулығын қорғау мен нығайту жөніндегі дәрігерлік және әлеуметтік – экономикалық мәселелер шешімін қамтитын шаралар кіреді.
Қоғамдық салауаттанудың төмендегідей білімдері бар:
Медициналық салауаттану – отбасындағы, үйдегі мектептегі, еңбек ұжымындағы, қоғамдық орындардағы гигиена және жеке гигиена ережелерін зерттейді. Қоршаған ортадағы ауа, су, топырақ тағы басқасанитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуын қадағалайды. Қоршаған ортаға уландырғыш заттардың мөлшерден тыс жіберілмеуін бақылайды. Сондай-ақ ауыз суды уландырмауды, ауру тудырғыш микроорганизмдермен ластанбауды, ауыл шаруашылық өнімдерінде пестицидтердің болмауын қадағалайды.
Экономикалық салауаттану – адамдардың материалдық қамтамасыз етілуін, олардың өмір сүру деңгейін, адамдардың еңбек етуіндегі, тіршілік етудегі, сондай-ақ денсаулығын сақтаудағы құқықтарының бұзылмауын қарастырады.
Әлеуметтік салауаттану – қоғамның әлеуметтік қолайлы болуын, білім, мәдениет, өнер, діни ұйымдардың деңгейін және олардың адамдарға әсерін зерттейді. Адам - тек биологиялық тіршілік иесі емес, сонымен бірге әлеуметтік жеке тұлға. Оның денсаулығы ол өсіп-дамитын қоршаған ортасына байланысты болады. Сондықтан қоршаған ортаны қалай қорғаса, денсаулығын қалай сақтайтыны, қорғайтыны соған байланысты болады. Ол өзінің, жақындарының және қоршаған адамдардың денсаулығын сақтауға жауапты.

Салауатты өмір салтын насихаттау түрлері
СӨС-ның принциптерін түсіндіру жұмысының түрлері сан-салалы және кешенді болып келуі керек.
1.Жекеленген түрлері- мамандардың адаммен тікелей қарым-қатынасы.Бұл әр организмнің физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерінерекшеліктерін мейлінше ескертуге мүмкіндік береді. Қарым-қатынастың құралы-ауызекі қауышу,бұл тұста көрнекі құралдар, бейнефильмдер , компьютерлер қолданылуы ықтимал.
Бұл түрге жататындар:
-жеке әңгіме;
-түсініктеме
-жекелей нұсқаулық
-телефон арқылы берілетін нұсқаулық
-жекелей хат жазысу.
2.Топталған түрлері - СӨС-ның түрлі аспектілері бойынша маманның адамдар тобымен кездесуі:
-топпен әңгімелесу;
-дөңгелек стол бойындағы сұхбат;
-пікір талқысы;
-денсаулық клубтары;
-бейнетаспаларды көрсету.
-гигиеналық оқудағы ойындар;
-қолданбалы сабақтар;
-есеп шығару;
-денсаулықты сақтау мен нығайту сабақтары;
-гигиена бойынша бағамды жүргізу.
3.Көпшілікке арналған түрлері:
-дәрістер;
-насихаттар,олимпиадалар, конференциялар;
-радиохабарлар;
-телехабарлар;
-фильмдер көрсету;
-басылымдарды қолдану;
-көрнекі құралдар қолдану;
-көпшілікті сауықтыру науқаны.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет