Күнделік-есебі тағылымдамадан қткен жері: «Мәртөк аудандық ветеринарлық стансасы» Білім алушы: студент-тәлімгер Вт-43 Ұшқанберді Б. Қ. Өндірістік жетекші: «Мәртөк аудандық ветеринарлық стансасы» меңгерушісі Мукашов К



бет3/7
Дата22.05.2024
өлшемі1.12 Mb.
#501688
1   2   3   4   5   6   7
Практика

II. Негізгі бөлім
3.1 Ветеринарлық станциядағы құжаттарды жүргізу жұмыстары
Жергілікті жердегі ветеринариялық ұйымдармен «Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік қызметі тегін көрсетіледі. Ветеринариялық анықтаманың 3 түрі (нысан) болады.
1 нысан - тірі жануарларды сату немесе басқа бір елді мекенге тасымалдау үшін;
2 нысан - жануарлардан алынатын тамақ өнімдерін (ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері, балық және балық өнімдері, жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері, сондай-ақ балара шаруашылығының өнімдері) өткізу, тасымалдау үшін;
3 нысан - жануарлардан алынатын шикізат өнімдерін (тері, жүн, түк, қыл, бағалы аң терісі, мамық, қауырсын, эндокриндік бездер, ішек-қарын, қан, сүйек, мүйіз, тұяқ, басқа да өнім) өткізу, тасымалдау үшін рәсімделеді.
Ветеринариялық анықтамасыз тасымалдауға болмайды. Ветеринариялық құжатсыз тасымалдағаныңыз үшін жергілікті полиция қызметімен айыппұл салынады.
Осы жыл басынан барлығы 35782 ветеринариялық анықтама рәсімделді. Оның ішінде 1 нысан 24280 дана, 2 нысан 10180 дана, 3 нысан 123 дана ветеринариялық анықтама берілді.
Ветеринариялық анықтаманы мемлекеттік ветеринариялық ұйымдармен береді. Жануарларды союды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде ветеринариялық анықтама ветеринариялық дәрігермен беріледі.
Ветеринариялық анықтаманы алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ауылдық округтің ветеринариялық пунктіне өтініш береді. Ветеринариялық анықтама беру үшін мемлекеттік ветеринариялық ұйымның басшысы айқындаған мемлекеттік ветеринариялық ұйымның маманы өтініш пен құжаттарды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады. (2-сурет)
Балықтарды және басқа су жануарларын (тірі, жаңа ауланған, салқындатылған, мұздатылған балық, сондай-ақ шаяндар, гаммарус, салина артемиясы (цисталар) бес килограммнан артық тасымалдау кезінде балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама қажет.
Ветеринария саласындағы маман жануарды, жануардан алынатын өнім мен шикізатты ветеринариялық қарап-тексергеннен кейін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорда бар жануарлар туралы мәліметтер, сондай-ақ жүгіну сәтінде аумақтың эпизоотиялық ахуалын бағалау, көлік құралының ветеринариялық-санитариялық ахуалын бағалау негізінде ветеринария саласындағы маманның қолы қойылған және мөрмен куәландырылған ветеринариялық анықтаманы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды береді. Жануарлардың шығу орнының, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың эпизоотиялық жағдайы өзгерген кезде бұрын берілген ветеринариялық анықтама алынады.
Ветеринариялық анықтама ҚР аумағында жарамды.
Жануарларға, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа берілген ветеринариялық анықтама межелі пунктке дейін, жануардан алынатын сүтке – берілген сәттен бастап 1 (бір) ай ішінде жарамды.
Ет және ет өнімдеріне (қосалқы өнімдерге) арналған ветеринариялық анықтама ветеринариялық таңбаның немесе мөртабанның бедерлері болған кезде беріледі.
Ветеринариялық анықтама бланкілері мемлекеттік немесе орыс тілдерінде беріледі.
Ветеринариялық құжаттар кейіннен тиісті ветеринариялық құжат бланкісінде басып шығарыла отырып, ЕАСУ АЖ-да қалыптастырылады.



Сурет-2 . Өтініш үлгісі


Ветеринариялық паспортты немесе оның үзінді-көшірмесін алу үшін жануар иесі электронды түрде ала алмаған жағдайда ветеринарлық станцияға келіп өтініш жазу арқылы ала алады.


Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)
Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​
Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар)
Ветеринариялық ұйымға жүгінген кезде:
Өтініш.
Жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттіктерін растайтын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі). (3,4-сурет)


Сурет-3. Ветеринарлық паспорт алуға өтініш бланкасы.



Сурет-4. Ветеринарлық паспорттан үзінді-көшірме алуға өтініш бланкасы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет