Күнделік-есебі тағылымдамадан қткен жері: «Мәртөк аудандық ветеринарлық стансасы» Білім алушы: студент-тәлімгер Вт-43 Ұшқанберді Б. Қ. Өндірістік жетекші: «Мәртөк аудандық ветеринарлық стансасы» меңгерушісі Мукашов К



бет7/7
Дата22.05.2024
өлшемі1.12 Mb.
#501688
1   2   3   4   5   6   7
Практика

Індеттік ерекшеліктері. Қарасанмен негізінен 3 айдан 4 жас аралығындағы сиыр малы, сирегірек қой, ешкі ауырады. Инфекция қоздырушысының бастауы - ауырған жануарлар, ал таралу факторларына споралармен ластанған топырақ, жем-шөп, жайылым, ағыны жоқ су көздері жатады. Жіті өтетін, басып көргенде бұлшық еттердің сықырлайтын қабынуы арқылы ерекшеленетін жұқпалы ауру.

Сурет-7. Қарасан ауруына арналған екпе.
Дерттенуі. Ішек-қарын немесе зақымданған тері арқылы микроб қанға өтіп, бүкіл денеге жайылады да, гликогені мол бұлшық етті мүшелерге тұрақтайды. Гликогеннің ыдырауынан газ бөлініп шығады да, зақымданған телім домбығып, басып көргенде сықырлайтын дыбыс шығарады.
Өтуі мен симптомдары. Ауру кенеттен басталады да карбункулезді түрде өтеді.
Балау. Зертханаға экссудат сұйығын, зақымданған бұлшық ет, бауыр, көк бауыр кесінділерін, жүректегі қанды жібереді.
Емі. Ем көбінесе нәтиже бермейді.
Иммунитет. Ауырып жазылған малда ұзақ мерзімге иммунитет сақталады. Белсенді жасанды иммунитет қалыптастыру үшін вакцина қолданылады.

Қорытынды
Өндірістік тәжірибе 2024 жылдың 22 сәуірінен 5 мамырына дейінгі аралықта Мәртөк аудандық ветеринарлық станциясында өтті. Осы кезеңде инфекциялық, инфекциялық емес және инвазиялық этиологияның көптеген ауруларын емдеуде және алдын-алуда үлкен тәжірибеге ие болды. Ветеринариялық станцияның жұмысымен, құжаттаманың ресімделуімен таныстым. Мен өзімнің практикалық қызметімнің жағымды жақтарын келесі тармақтар деп санаймын:
1)Үлкен практикалық тәжірибесі мен жұмыс өтілі бар жақсы маманның басшылығымен жұмыс істеу;
2) вакцинация, дегельминтизация сияқты көптеген профилактикалық емдеу жүргізу;
3) ветеринариялық мамандар ұжымындағы маған деген жауаптылығы мен зейіні.
Мен көптеген пайдалы және жаңа ақпарат алдым, бірақ менің ең құнды білім алуым-бұл ветеринардың жұмысында маңызды болып табылатын практикалық тәжірибе.

Пайдаланылған әдебиеттер



  1. Внутренние незаразные болезни животных / под общ. ред. Г.Г. Щербовича, А.В. Коробова. – СПб.: изд. «Лань», 2002.-736.;

  2. Справочник ветеринарного терапевта. 3-е изд., стер./под ред. А.В. Коробова, Г.Г.Щербакова. – СПб.: изд. «Лань», 2003.-384.;

  3. Миролюбов М.П – Ветеринарное акушерство, гинекология и биохимия размножения: М.: Колос – 1993.

  4. Практикум по эпизоотологии и инфекционным заболеваниям с ветеринарной санитарией / В.П. Урбан, М.А. Сафин, А.А. Сидорчук – М.: КолосС, 2004.- 216.;

  5. Паразитология и инвазионные болезни животных / М.Ш. Акбаев, А.А. Водянов.; под ред. М.Ш. Акбаев. – М.: Колос, 2000-743.;

  6. Современный справочник врача ветеринарной медицины / под общей редакцией В.Г. Гарвиша и В.А. Сидорника. – изд. 8-е, испр. и доп. – Ростовна-Дону: феникс, 2007.-688с.;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет