Күнделік-есебі тағылымдамадан қткен жері: «Мәртөк аудандық ветеринарлық стансасы» Білім алушы: студент-тәлімгер Вт-43 Ұшқанберді Б. Қ. Өндірістік жетекші: «Мәртөк аудандық ветеринарлық стансасы» меңгерушісі Мукашов К


Жануарларды бірегейлендіру жұмыстарын жүргізу



бет4/7
Дата22.05.2024
өлшемі1.12 Mb.
#501688
1   2   3   4   5   6   7
Практика

3.2 Жануарларды бірегейлендіру жұмыстарын жүргізу

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру (сырғалау, таңбалау, чиптау) жүргізу. Ауыл шаруашылығы жануарларының төлі мынадай жасқа жеткен күнінен бастап он төрт жұмыс күнінен кешіктірілмей бірдейлендіріледі:


бұзаулар, қозылар, лақтар, боталар – туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін;
құлындар – төрт айлық жасынан бастап (таңбалау кезінде), туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін (чиптеу кезінде);
Ветеринарлық станцияға келіп түскен өтініш бойынша 20 бас ұсақ малға және 5 бас ботаға сырғалау жұмыстарын жүргізуге қатыстым. (5, 6, 7, 8-сурет)
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру үшін «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №7-1/68 бұйрығына сәйке көрсетілетін "Ветеринариялық паспорт беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі арқылы жүзеге асырылады.

Сурет-5. Сырғалау жұмыстарын жүргізу

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ветеринариялық ұйымға не портал арқылы осы қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім ұсынады.


Ветеринариялық ұйымның жұмыскері келіп түскен күні өтінішті тіркеуді жүзеге асырады және оны ветеринариялық ұйымның жауапты қызметкерін тағайындайтын ветеринариялық ұйымның басшысына жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру одан кейінгі жақын жұмыс күні жүзеге асырылады. Ветеринариялық ұйымның жауапты қызметкері өтінішті тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оның толықтығын және осы қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді, сондай-ақ дерекқордағы ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірін тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы толық емес мәліметтерді көрсете отырып не тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша өтініш ұсынған жағдайда, ветеринариялық ұйымның жауапты қызметкері осы Қағидаларға 6-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды рәсімдейді және көрсетілетін қызметті алушыға жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы толық мәліметтерді көрсете отырып өтініш берген жағдайда, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздер болмаған кезде ветеринариялық ұйымның жауапты қызметкері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ветеринариялық паспортты ресімдейді. Ауыл шаруашылығы жануарларына ветеринариялық паспорт жеке беріледі. Көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша ветеринариялық паспортты ұсақ мал мен шошқалар тобына (отарына) беруге жол беріледі. Ветеринариялық паспортқа әрбір ауыл шаруашылығы жануарлары тобының (отарының) жеке нөмірлері енгізіледі.
Ауыл шаруашылығы жануарлары шығарылған кезде ветеринариялық паспорт ауыл шаруашылығы жануарының жаңа иесіне беріледі. Ауыл шаруашылығы жануары межелі пунктке келгеннен кейін ауыл шаруашылығы жануарының бар жеке нөмірі өзгертілмей, ветеринариялық паспорт ресімделеді.
Берілген ветеринариялық паспортта көрсетілген деректер (мәліметтер) өзгерген кезде көрсетілетін қызметті алушының өтініші негізінде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жаңа ветеринариялық паспорт беріледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі:
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
1) нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттіктерін растайтын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет