Күнтізбелік – тақырыптық жоспар (ұзақ мерзімді жоспар)


-сыныпта – аптасына 4 сағат, барлығы – 136 сағатты құрайды



бет4/6
Дата09.05.2023
өлшемі63.77 Kb.
#473447
1   2   3   4   5   6
1 сыныптусиникжәнектп

4-сыныпта – аптасына 4 сағат, барлығы – 136 сағатты құрайды.
«Қазақ тілі» пәні (оқыту қазақ тілінде емес) бойынша оқушылардың білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптар «Тілдерді меңгерудің жалпыеуропалық құзыреті» (CEFR) деңгейлерін (А1, А2, В1, В2, С1) ескере отырып құрастырылды; білім алушылар бастауыш сыныпты аяқтағанда, қазақ тілін қарапайым А1, А2 (бастапқы) деңгейінде меңгереді.
Мұғалім сабақ барысында оқушылардың сөйлеу құзыреттілігін қалыптастыруға аса назар аударады. Сонымен қатар, бастауыш сыныптарда сабақ сайын сөздік диктант, көшіріп жазуды өткізуге болады. Бұл жазба жұмыстары оқушылардың сауатты жазу дағдысын қалыптастырады.
Бастауыш сыныптарда оқу бағдарламасының мазмұнын толық меңгерту үшін жазба жұмыстарын өткізуді мұғалім қолданыстағы нормативтік және нұсқаулық құжаттарға сәйкес өздігінен жоспарлай алады.
Мұғалім пән аясында білім алушының сөздік қорын кеңейту үшін үлгілік оқу бағдарламасында берілген лексикалық-грамматикалық минимумды негізге алады. Әр сабақта 2 лексикалық минимумды меңгерту ұсынылады. Лексикалық минимумда ортақ тақырыптар бойынша сонымен қатар күнделікті тұрмыс-тіршілікте, әлеуметтік ортада жиі қолданылатын сөздер, қазақ тілін меңгерудің әрбір деңгейіне сәйкес келетін шектеулі сөздер мен сөз тіркестері қамтылған. 4-сынып білім алушылары үшін лексикалық минимумдар саны: 256 сөз.
Оқушы ойын түрінде берілген тапсырмаларды орындау арқылы қазақ тілінде қарым-қатынас жасауға, суретті сөздіктер арқылы сөздік қорларын көбейте отырып, синтаксистік конструкциялар құруға дағдыланады.
Сонымен қатар оқушы өзінің тілді меңгеру деңгейін әр тақырыптың соңында берілген тест сұрақтары арқылы үнемі қадағалап, бағалап отырады. Бір сабақта 10 ұпай жинауға болады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет